Авторитарлы режимдер Батысқа неге қарсы

2870 просмотров
0
Марат ТОЛЫБАЕВ
Суббота, 05 Ноя 2022, 13:00

Сыртқы жау табылмай жатса, пропаганда жауды ойлап тауып, оған жеккөіріншті қоздыра бастайды

Солтүстік Корея, Куба, Венесуэла, Ресей, Белоруссия сынды елдерге ортақ не бар? Бұл елдерде АҚШ-ты және батыстың өмір салтын, яғни либерал-демократиялық құндылықтарды жек көреді.

Неге? Мұнда қандай заңдылық бар?

Бұл Шығыс елдері болғандықтан бар мәселе Батыс пен Шығыс арасындағы текетіресте ме?

Читайте также
Титулды ұлты

Алайда АҚШ пен Еуропаға жақын елдердің арасында шығыс елдері де бар. Бұл Жапония, Оңтүстік Корея, Таиланд, Малайзия және т.б.

Керісінше, Американы жақтырмайтын елдердің арасында шығысқа қатысы жоқ Ресей, Белоруссия, Венесуэла бар.

Демек, мәселе мұнда емес.

Шығыс елі батысқа жақын болуы мүмкін.

Мүмкін мәселе отаршылдық тарихта болар?

Әлде Батыс елдерінің бұрынғы отарлары өкпелі болып, бұрынғы метрополияны жақтырмай ма?

Мүлде олай емес.

Ресей мен Белоруссия батыс елдерінің отарында ешқашан болған емес.

Ұлыбритания мен бұрынғы колониясы Үндістан қазір жақсы қарым-қатынаста.

Кезінде Американың оккупациясында Жапония қазір жақын серіктестер.

Сонымен мәселе неде?

АҚШ пен Америкаға дұшпан елдерге ортақ не бар?

Ал оларға ортақ бір дүние бар – авторитарлы режим.

Авторитарлы режимдер қожалығына еркіндік пен демократия рухы енгенінен қорқады.

Себебі еркін қоғамда неге елді ондаған жылдар бойы бір адам басқарады, неге билік шағын топтың қолында шоғырланған, неге елде оппозиция жоқ, неге адамдар өз ойын айтуға сескенеді деген сұрақтар туындайды.

Халықтың санасында мұндай сауалдар туындамас үшін билік Батысқа, демократияға деген жеккөрінішті сіңіреді.

Читайте также
"Агашки" и "братишки"

Сондықтан да пропаганда адамдарға манипуляция жасап, еркін қоғамның ең нашар, болмашы тұстарына ғана назар аударады. Адамдарды гомосексуалистермен, жезөкшелермен, нашақорлармен қорқытады. Еркін қоғамның басты жетістіктері ретінде осыларды көрсетеді де, отбасылық және дәстүрлі құндылықтарды, мемлекеттің азаматтарға деген қамқорлығын қарсы қояды.

Халықтың кедейлігі және шетелге шыға алмауы билікке пайдалы болып тұр.

Ал Батыс көргендер әдетте бірден өз ойын өзгертеді. Олар қоғамның кемшіліктерін авторитарлы режим әсірелеп көрсеткенін, ал артықшылықтары басым екенін түсінеді.

Бұл автокөліктер қоршаған ортаға газ лақтырып, жаяу жүретіндерге қауіпті, сондықтан арбамен жүру керек деп мыжығанмен тең. Ұялы телефондар ағзаға зиян, сондықтан сымды телефондарға көшу керек деген сияқты. Бір рет те болсын көлікпен жүріп немесе ұялы телефонмен сөйлесіп көрген адам ешқашан арба мен сымды телефонға оралмайды.

Авторитарлы режимдерді сыртқы жауды ойлап табуға итермелейтін екінші фактор – халықты өз айналасында жұмылдыру. Бұл ежелден келе жатқан ескі әдіс. Сыртқы жауды ойлап тапсаң, ру-тайпа ішіндегі қарсыластар да ортақ қауіпке қарсы тұру үшін бірігеді.

Сондықтан барлық авторитарлы режимнің сыртқы жауы бар. Халықтың назарын сыртқы жауға аудару қажет.

Сыртқы жау табылмай жатса, пропаганда жауды ойлап тауып, оған жеккөіріншті қоздыра бастайды.

Читайте также
Принуждение к морали

Тіпті сырттан жау табылмай жатса, іштен жау іздейді, мысалы, ортағасырдағы мыстандар бейнесі, троцкист-сатқындар, еврейлер, олигархтар және т.б. Барлығы үрей тудырып, жұртты жұмылдыру үшін.

Авторитарлы режимдердің пропагандасы айнала толған жау, олар еліміздің шаңырағын шайқалтқысы келеді деп жар салып жатса, айналаға байыппен қарап, фактілерді саралап, өз тұжырымыңызды жасаңыз.

Источник: страница Марата Толыбаева в Facebook. Публикуется с разрешения автора.

ПОДПИСЫВАЙТЕСЬ НА НАШ КАНАЛ И ЧИТАЙТЕ НАС В TELEGRAM!

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Сергей Пономарёв: Роспуска Мажилиса и досрочных выборов не будет
Депутат Мажилиса Республики Казахстан о планах работы парламента в новом году
Командный шаг Президента: что меняет назначение Айбека Смадиярова
Впервые во главе внутренней политики оказался кадровый дипломат и медийщик
Народная дипломатия без протокола: второй путь Казахстана во внешней политике
Почему народная дипломатия становится ключевым инструментом международного взаимодействия Казахстана
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Для Казахстана, Кыргызстана и Таджикистана ОДКБ – механизм, призванный предотвращать внутреннюю дестабилизацию
Для Минска ОДКБ выступает институтом, укрепляющим военно-политическое сближение с Москвой
Станет ли озеро Балхаш зоной туризма?
В Карагандинской области создают туристическую индустриальную зону
Кто изгнал стаи ворон из Алматы?
Живописный Казахстан: взгляд Андрея Михайлова
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
Народная дипломатия без протокола: второй путь Казахстана во внешней политике
Почему народная дипломатия становится ключевым инструментом международного взаимодействия Казахстана