Заңгер Ләззат Ахатова: Судья Айжан ханымға респект!

3253 просмотров
0
Ләззат Ахатова
Вторник, 23 Апр 2024, 13:00

“Два юриста - три мнения” деген бар...

Кешегі сотқа Собчак келіпті. Біздің кей журналистер де қызық. Артынан микрофондарын алып, “осы сотқа арнайы келдіңіз бе?” деп, жүгіріп жүр. Анау кердең-кердең етіп, “я на вопросы не отвечаю” деп, біздікілерге мұрнын шүйіріп, кетіп бара жатыр. Ой намысым келгені-ай.

Айналайындар-ау, Алла қазаққа бүкіл әлем тамсанып отырған Димаштай ұл берді. Ресейдегі концертіне билет таппай, халқы сарсаңға түсіп жүгіріп жүргенде қайдағы біреуге жүгіретіндей не көрінді?

Читайте также
Бишімбаев сотында алқабилерді көрсетіп қойған журналистер жазаланды

Біздің журналистер есік жақта сығалап түсіріп жүрсе, ол шіркінің бүкіл командасымен төрде отыр. Қонақты сыйлаған халық болғасын, отырғызған шығар дедік. Ақпарат министрі Ксенияның келгенін де білмейді. Әрине білетіндей кім еді? Біздің қазақтілді журналистер “неге біз есік жақта, Ресейден келген журналист төрде отыру керек?” деп, министрдің алқымынан алып жатқанын көріп, көңілім орнына түсіп, риза боп қалдым.

Аида ханым “мен оның келгенін білмедім, тексереміз” деп, ақталып жатыр.

Судья Айжан ханымға респект! Осы уақытқа дейінгі айтылған сындарға ренжімей, керісінше, барған сайын төселіп, кәнігі профессионал судьяның бейнесін көрсетіп жатыр. Сын адамды қатайтып, түзейді ғой, егер дұрыс қабылдай алса. Ешкімнің алдында ұялатындай емес, қайта қазақстандық сот осындай деп марқайып көрсететін сотты көрдік, кеше. Табандылық пен еңбектің, ізденістің, өзін-өзі кәсіби шыңдаудың нәтижесі сондай болады.

Читайте также
Қазақ билігінде Бишімбаев сияқты қанша министр бар

Ал енді сот неге орысша өтеді деп шулап жатыр бір кісілер. Оған судья кінәлі емес. Демек, іс о баста орысша қозғалған. Жәбірленуші тарап, айыпталушы тарап өздері білетін тілді таңдаған. Ал Айжан Күлбаева қазақша өте жақсы біледі. Екі тілде таза сөйлейді. Қазақша жүргізген ісіне қатысып, “елордада мемлекеттік тілде тап-таза, жатық сөйлейтін судьяны көрдім” деп, кезінде пост жазып тастағам, қуанғаннан. Сол кезден бастап Күлбаева ханым туралы пікірім о бастан жоғары еді. Сауаттылығына, нағыз судьяның қандай болатынын көрсететін, артық нәрсе жоқ, сырт келбетінен бастап, жүріс-тұрысы, сөз саптауына риза көңіліміз ең алғашқы онлайн процестегі әйелін өлтіргені үшін сотталып жатқан адамға қойған “семейное положение” деген сұрағынан су сепкендей болғаны рас. Билік өзгертіп, ізденуден қалған ба, деген ой болды. Ал бара-бара бастапқы көзқарасым қалпына келе бастағанына өзім қуанып жүрмін. Процессуалдық тұрғыда кеткен қателіктер болуы да заңдылық. “На ошибках учатся” дейді. Басқа заңгерлердің сын айтуы да заңдылық. “Два юриста - три мнения” деген бар. Жалпы алғанда өз орнында отырған мықты маман екенін дәлелдеген тұлға.

P.S. Айжан Күлбаеваның да телефонына белгісіз нөмірден қоқан-лоққы көрсетіп жатқандар бар екен. Қылмыстық іс қозғалыпты. Кімдер екені анықталар.

Дереккөз: Заңгер Ләззат Ахатованың Facebook-тегі парақшасы. Автордың рұқсатымен жарияланды.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

Политолог
«Введение еще одной новой должности, видимо, должно стать своего рода „серебряной медалью“, поскольку ее обладатель становится своего рода заместителем президента (вице-президентом — Ред.)».
Китаист Алексей Маслов  о климате, ресурсах и новых правилах игры
Китай меняется - и соседям надо готовиться
Цены замерли, аренда растёт, а спрос стал осторожнее
Жилья строят больше, покупателей меньше – рынок недвижимости Казахстана
Как в Казахстане можно пятнадцать лет не исполнять решение суда
Почему выиграть суд ещё не означает добиться восстановления нарушенного права
ШОС не обязывает автоматически вступать в войну на стороне другого участника
ШОС как внешнеполитическая экология
«Дождь из стрел»: казахстанцы вошли в число лучников на Великом курултае в Венгрии
Суд поставил точку в деле бывшего главного редактора Orda.kz Гульнар Бажкеновой
Миллионы через ИП и зарплаты наличными
Город будущего построят в Алатауском районе Алматы
Что увидели журналисты во время пресс-тура по району
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай