«TURGYNDAR AMANATY»: Тиімді жұмыс түйткілді мәселелердің түйінін тарқатады

399 просмотров
0
Ратель
Вторник, 21 Апр 2026, 16:40

Алматы облысы Қонаев қаласында «AMANAT» партиясының «TURGYNDAR AMANATY» жобасы аясында «Үйді басқару: жауапкершілік, сенім, нәтиже» атты форум өтті. Жиында көпқабатты тұрғын үйлерді басқару, коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту, қауіпсіздік, тұрғындармен кері байланысты күшейту және МИБ пен ПИК жұмысының тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды.

Форум жұмысына «AMANAT» партиясының Хатшысы Ержан Жылқыбаев, Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Болат Керімбек, облыстық Полиция департаментінің бастығы Мейрам Әбікеев, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, мемлекеттік және коммуналдық сала өкілдері, сондай-ақ өңірдегі МИБ пен ПИК басшылары қатысты.

Жиында «AMANAT» партиясының Хатшысы Ержан Жылқыбаев «TURGYNDAR AMANATY» жобасы көппәтерлі тұрғын үйлерге қатысты қордаланған мәселелердің оң шешімін табуға бағытталғанын айтты. Жоба аясында МИБ және ПИК төрағаларын оқыту, депутаттармен кері байланысты күшейту, әкімдіктермен бірлескен жұмысты жолға қою, аулаларды абаттандыру және «Халық қатысатын бюджет» тетігін кеңінен пайдалану көзделіп отыр. Бұған дейін ел аумағындағы жеті өңірде дәл осы бағыттағы жүйелі жұмыс жүргізілді. Мәселен, төрт айда Астанада ашылған жобалық фронт-офисте 114 өтініш қабылданып, 67 мәселе бойынша кеңес берілді. Енді осындай фронт-офисті Алматы облысында да ашу ұсынылды.

«Бүгінде облыс аумағында екі мыңнан астам көппәтерлі тұрғын үй кондоминиум нысаны ретінде заңдастырылды. Бұл саладағы реформа әрбір қала тұрғынының тұрмысына тікелей әсер етеді. Тариф, абаттандыру, жарықтандыру, лифт, интернет пен қауіпсіздік мәселелері – тұрғындар үшін ерекше маңызға ие. Сондықтан көппәтерлі тұрғын үйлерге қатысты өзекті мәселелерді жүйелі түрде шешу үшін партия бастамасымен «TURGYNDAR AMANATY» жобасы іске қосылды. Біздің ортақ мақсатымыз – Алматы облысының әрбір тұрғыны үшін қауіпсіз, қолайлы әрі сапалы өмір сүру ортасын қалыптастыру. Осы мақсатта мүлік иелері бірлестіктері мен пәтер иелері кооперативтері төрағаларымен бірлескен жұмыстың басым бағыттары айқындалуда», – деді Ержан Жылқыбаев.

Өз кезегінде, Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласы азаматтардың тұрмысымен қатар, әлеуметтік көңіл-күйге де тікелей әсер ететін атап өтті. Оның айтуынша, басты міндеттердің бірі – көпқабатты тұрғын үйлерді басқару ісіндегі ашықтықты күшейту, тұрғындардың сенімін арттыру және жаңа басқару мәдениетін қалыптастыру.

«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы – стратегиялық маңызы бар сала. Бүгінгі форумның атауы айтып тұрғандай, біздің жұмысымыз «Жауапкершілік, сенім және нәтиже» атты үш негізгі ұстанымға негізделуге тиіс. Соңғы уақытта пайдалануға берілген 342 жаңа тұрғын үй кешені бізден мүлде жаңа тәсілдер мен заманауи басқару мәдениетін талап етеді. МИБ пен ПИК жұмысы тұрғындар үшін барынша ашық болуы керек. Қаржының қайда және қалай жұмсалып жатқаны түсінікті болса ғана сенім қалыптасады. Үй басқару – жай шаруашылық емес, бұл – кәсіби менеджмент», – деді Марат Сұлтанғазиев.

Бұл ретте, Іле ауданы Өтеген батыр ауылында орналасқан «Спорт» пәтер иелері кооперативінің төрағасы Зарина Абибова көпқабатты тұрғын үйлерді басқару саласындағы қордаланған мәселелерді көтерді.

«Бүгінде ескі тұрғын үй қорындағы инженерлік желілердің тозуы, апаттық және жер қазу жұмыстарына қажетті арнайы техниканың жетіспеуі, тұрғындардың коммуналдық берешегі, қарызы бар пәтерлерді сату-сатып алу кезіндегі құқықтық түйткілдер және жатақханаларды АЛСЕКО есеп жүйесіне қосу мәселесі өзекті болып отыр. Сондықтан инженерлік желілерді кезең-кезеңімен жаңғырту, қызмет ұсынушы ұйымдарға әкімдік тарапынан қолдау көрсетуді күшейту, нотариустарға ортақ тәртіп енгізу, облыстық деңгейде басқарушы және қызмет көрсетуші ұйымдардың қауымдастығын құру, сондай-ақ тұрғындардың төлем тәртібі мен құқықтық сауатын арттыру маңызды. «TURGYNDAR AMANATY» жобасы осындай мәселелерді ашық талқылап, оларды жүйелі түрде шешуге жол ашатын маңызды бастама», – деді Зарина Абибова.

Сонымен қатар форум барысында «Әсем Қапшағай» кооперативінің төрайымы Надежда Алферова бірнеше ай бұрын ұйтқыған жел кезінде Қонаев қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлерге зиян келгенін айтты. Екпіні секундына 27 метрге дейін жеткен дауылдан кейін қалада 30-ға жуық үйдің шатыры зақымдалып, 40 шақырымнан астам электр желісі бүлінді. Осындай жағдайда «Жастар Рухы» жастар қанатының 20-дан астам белсендісі тазалық жүргізу және қалпына келтіру жұмысына белсенді атсалысып, шатыр қалдықтарын жинауға, аулаларды ретке келтіруге және құлаған ағаштарды тазартуға көмектесті. Надежда Алферова сын сағатта жастар қанаты тұрғындарға нақты қолдау көрсеткенін айтып, ризашылығын білдірді. 

Форум жұмысы мобильді қоғамдық қабылдау алаңында жалғасын тапты. Бұл алаңда 200-ге жуық тұрғын өздерін толғандырған мәселелерді тікелей жауапты мамандарға жеткізді. Қабылдауға тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, полиция, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет, салық органдары, «Алатау Жарық Компаниясы» өкілдері, сондай-ақ заңгерлер, адвокаттар мен прокуратура қызметкерлері қатысты. Қабылдау барысында көпқабатты тұрғын үйлерді басқару, коммуналдық төлемдер, қауіпсіздік, абаттандыру және құқықтық мәселелер бойынша тұрғындарға түсіндіру жұмысы жүргізіліп, түйткілдерді шешу жолдары талқыланды.

Оставьте комментарий

Депутата Мажилиса
- Новые нормы Закона должны дать должникам больше возможностей для переговоров с кредиторами и заключения соглашений о погашении задолженности.
Bek Air не будет обжаловать решение суда по иску родственника погибшей в авиакатастрофе
Но в Bek Air предупреждают: продажа самолетов для выплат потерпевшим может упереться в санкционные ограничения США и Евросоюза
Бензиновая афера на 37 миллиардов, новые правила для должников и тревожный сигнал из ООН
Главное за неделю: Раскрытие масштабной схемы контрабанды топлива, изменения в работе нотариусов, развитие Алатау и другие главные события недели
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Как настоящее ремесло может вернуть себе рынок?
Новый Евразийский совет открывает глобальные площадки для настоящих мастеров
Самые высокие цены на продукты - в Алматы, Мангистауской и Атырауской областях
Почему казахстанцы переплачивают за еду: разница цен на мясо, молоко и курицу между регионами достигла 30%
Курултай, дело Борейко, амнистия и аферы на миллиарды: главные новости недели
Политические реформы, громкие суды и аферы на миллиарды — главные новости недели
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай