"Емтихан материалдары сатылады": Назарбаев зияткерлік мектебінің өкілі түсініктеме берді

1414 просмотров
0
Ратель
Суббота, 06 Мая 2023, 18:00

Білім ұйымының басшысы оқушыларыға білім беру кезінде адалдық пен ашықтық принциптері қатаң ұстанатынын да жеткізді

"Назарбаев зияткерлік мектептері" автономды білім ұйымының басшысы Әнуар Жанғозин әлеуметтік желіде тараған ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Соңғы кезде әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде "Назарбаев зияткерлік мектептерінің" түлектері тапсыратын емтихан материалдары сатылатыны туралы хабарламалар тарап жатыр.

"Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін атап өткім келеді. Біздің мектептерде оқушыларды бағалау рәсімдерін өткізуге арналған кез келген емтихан материалдары халықаралық стандарттарға сәйкес әзірленеді. Емтихан материалдарын әзірлеу кезінде құпиялылық және ақпараттық қауіпсіздік шаралары сақталады, бұл өз кезегінде материалдардың таралып кетпеуін қамтамасыз етеді", - дейді Жанғозин.

Білім ұйымының басшысы оқушыларыға білім беру кезінде адалдық пен ашықтық принциптері қатаң ұстанатынын да жеткізді.

"Сондай-ақ мұндай әрекеттер біздің ережелерді өрескел бұзу ретінде қарастырылатынын, оқу орнынан/жұмыстан дереу шығаруға және кейіннен заңнамалық деңгейде жауапкершілікке тартуға әкелуі мүмкін екенін атап өткім келеді", - деп атап көрсетті Жанғозин.

Фото: ult.kz.

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
Виталий Колточник: Токаев и новая архитектура мира
Казахстан в Совете мира и логике Авраама
Максим Крамаренко: С помощью дипломатии БПЛА, Украина пытается «загнать» в стан своих союзников Казахстан
Комментарий руководителя ИАЦ «Институт евразийской политики»
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд