Бүгінде Каспидегі Ақтау халықаралық теңіз портында екінші кемеге биылғы жылғы егін тиеліп жатыр.
Тұтынушыларға жіберілетін бидай республиканың негізгі ауылшаруашылық өнімдерін өндіруші облыстар Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстанда өсірілген. Нан Ақтау теңіз портындағы «Ақ бидай» бидай терминалына жеткізіледі. Ол жерден экспортқа жөнелтіледі.
«Бізге биылғы жылдың егіні жоғарғы қарқынмен келіп жатыр. Біз оларды жөнелту кестесін қатаң сақтап, тұтынушыларға нанның дер кезінде жеткізілуін қадағалап отырмыз»,- деп хабарлады «Ақтау халықаралық сауда теңіз порты» ұлттық компаниясы» АҚ Президенті Михаил Ялбачев.
Сондай-ақ компания Президенті бидайды отандық құрғақ жүк тасымалы «Бекет Ата» мен «Түркістан» тасмалдайтынын атап өтті.
Ақтау теңіз порты Каспи теңізіндегі ең ірі порттар қатарына енеді. Оған Каспидегі жүк айналымның 25-29 %-ы тиесілі.