Ақшаң болса қалтаңда, түрмеде де талтаңда

6967 просмотров
0
Геннадий БЕНДИЦКИЙ
Среда, 01 Ноя 2017, 15:15

«Хоргос ісі» бойынша сотталғандардың жайлы  өмірлері туралы

Читайте также
Калмуханбет Касымов: Частных тюрем в Казахстане не будет

Жақында Ішкі істер министрі Қалмұханбет ҚАСЫМОВ Қазақстанда жекеменшік түрме салу жобасы іске аспайтыны туралы мәлімдеді. Бір жағынан бұл дұрыс та шығар. Өйткені ақшасы бар сотталғандар онсызда жағдайын жасап алған сияқты ғой. 

Жуырда қазақстандық сайттардың бірінде жемқорлықпен күрестің өзгеше бір жолы ұсынылған еді. Ол үшін қызмет бабын асыра пайдаланып пара алып, ел қазынасын тонағандар отырған түзету мекемесіне балаларға арнап экскурсия ұйымдастыру керек. Түрмедегі ауыр тұрмыс пен азапты өмір өскелең ұрпақты жемқорлықтан жиіркендіре түспек екен.

Бұндай тәрбиелік шараны ұйымдастырушылар қандай мемлекетте тұрып жатқанымызды қаперге алмаған сыңайлы. Естеріңізді жиыңыздар! Министр 200 мың доллар пара алып жатқан жерінен ұсталып, миллиардтан  аса қаражат айыппұл төлеп құтылып кететін елде балалардың «түрмеге саяхаты» керісінше әсер етуі мүмкін емес пе? 

Бірер күн бұрын әлеуметтік желіде кездейсоқ жағдайда бір қызық суретті көзім шалып қалды. Бір қарағанда дастархан басындағы бір топ жігіттердің қарапайым отырысы. Ал енді зер салып қарасаңыз, барлығының жүзі таныс.
Суреттің сапасына қарап фотоның арзан смартфонға түсірілмегенін де аңғаруға болады. Үстел басында отырғандар республикаға аты шыққан «хоргос ісі» бойынша сотталғандар. Бұл фото арқылы олардың түзету мекемесіндегі өмірінен хабардар боласыз. 
Естеріңізге сала кетейік, «хоргос ісі» тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең көлемді сыбайлас жемқорлыққа катысты қылмыстық істің бірі болды. Тергеушілер бірнеше жыл бойы заңды белшеснен басқан үлкен ұйымдасқан қылмыстық топтың контрабандамен айналысқанын анықтаған. Қазақстан-қытай шекарасындағы контрабандадан түскен мол қаржы ҚР ҰҚК-нің орталық аппаратының қызметкерлерінің қалтасына құйылып отырған. Және олар сол көлеңкелі бизнестің қожайындары болған.
Читайте также
Взятка открытым переводом

Сотта ҰҚК-нің полковнитері Талғат ЖАҚАЕВ (лақап аты ТЖ), Бақытбек ҚҰРМАНӘЛИЕВ (лақап аты Кипиш), ҰҚК-нің подполковнигі Ерлан ӘБДРАХМАНОВ (лақап аты Шаман) және Алматы облысы кедендік бақылау қызметінің басшысы, полковник Құрманбек АРТЫҚБАЕВТЫҢ контрабандышылардың төбесінен қарағаны анықталды. Және олардың бұйрығымен бәсекелестердің жолы қиылып отырған.

Өз бетінше шекарадан заңсыз тауар өткізбек болғандарға «үстеріңнен қылмыстық іс қозғаймыз» деп қорқытып өз қатарларына қосылуға мәжбүр еткен. Сондай-ақ, олардың заңсыз әрекеттеріне көз жұмғандары үшін алым-салық алып отырған. Бір тәулікте ондай «рақметтердің» құны бірнеше миллион долларға жеткен. Ақшаны кәдімгідей қаппен тасыған.

Қылмыстық іс 2011 жылы қозғалып, сот алдына 1500 томнан тұратын іс түскен еді. Қырық бес адам айыпталып, 19 адамға іздеу жарияланған. Айтпақшы, кейбіреуі әлі де ұсталған жоқ.

Сот процессіне  600 куәгер, 4 прокурор, 48 адвокат пен 38 қоғамдық қорғаушы қатысты. 2014 жылы соттың үкімі шығып контрабандамен айналысып келген қылмыстық топтың ҰҚК-ті басшылары ауыр жазаға кесілді.

ҰҚК-нің бұрынғы офицерлері Талғат Жақаев пен Ерлан Әбдрахманов 17 жылға бас бостандығынан айырылса, Бақытбек Құрманәлиев 16-ға, кеден қызметінің экс-бастығы Құрманбек Артықбаев 14 жылға сотталды. Барлығы да қатаң режимдегі түзету мекемесіне түскен. Офицерлік шендерінен айырылып, дүние-мүліктері тәркіленген. Қызығы, бес жылға мемлекеттік қызметтен шектетілді. 

Читайте также
Дело Кузнецова: где пределы самообороны?

Енді міне осы фотоның арқасында «хоргос ісі» бойынша сотталғандардың түзету мекемесінде қалай жазаларын өтеп жатқандарын көріп отырмыз. Білмейтіндер үшін суреттегі кейіпкерлермен таныстырып өтейік. Сол жақта екінші отырған  – ҰҚК-нің бұрынғы полковнигі Бақытбек Құрманәлиев.

Қасындағы сол жақтаң үшінші  ҰҚК-нің бұрынғы полковнигі Талғат Жақаев. Оларға қарама қарсы жайғасқан, оң жақтағы екінші адам ҰҚК-нің бұрығы подполковнигі Ерлан Әбдрахманов. Одан сәл ғана ары отырған полицияда полковник болған кісі. Содан кейінгісі кеден қызметінде еңбек еткен Құрманбек Артықбаев.  

Суретте байқағанымыз олар үлкен терезесі бар кең бөлмеде отыр. Кадрге терезеге ілінген алтын түстес перде мен теледидар да түсіп қалған. Дастархан хан сарайындағыдай аста-төк болмаса да қуырылған тауық еті, кәуап, жеміс-жидек, ірімшік пен шұжық бар.

Түрменің тегін ботқасы көзіңізге түспейді. Үстелде ішімдік, минералды су я болмаса шай көрінбейді. Алайда әрбір адамның алдында екі стақаннан тұр. Неге екені белгісіз. Бірақ та екі сусынды қатар ішіп отырғандары анық. Міне қамаудағы өмірдің көрінісі осындай.

Жоғарыда айтқандай аста-төк дастарханнан тамақтанбаса да, дәмділеп ауқаттанады екен. Бұл Қазақстандағы гуманизм болса керек-ті. Әрине, түзету мекемелерінде адамша өмір сүруге болатыны жақсы. Түрменің қатты темір төсегі, шұрық тесік еден, түзету мекемесінің бірыңғай киімі жоқ. Темір тордың  орнында пердесі бар терезе мен теледидар тұр. Кез-келген адам телефон, интернет бары бұндай жағдайды қос қолдап қолдайды. 

Алайда басқа зектердің қандай жағдайда мерзімдерін өтеп жатқандары туралы әңгіме қозғасақ қалай? Қатаң режимдегі колония түгілі жалпы режимдегі түзеу мекемесінде осындай мол дастархан бар ма екен? Әрине, бұл сұрақтың жауабы бәріне белгілі.

Осыдан кейін кейбір әріптестеріміз балаларға түзету мекемесіне саяхат ұйымдастырайық деген бастаманы ойланбай айта салған шығар деп ойлайсың. Жемқорлық бойынша түрмеге тоғытылған қылмыскерлердің дағдарыс кезіндегі өмірлерін бай-бағландардың балаларына көрсетпесе, ыңыршығы шыққан ауыл балаларына қалай көрсетесің? Қамаудағы бұрынғы ҰҚК-нің офицерлерінің ішіп-жемі  олар үшін сирек жайылатын той дастарханы емес пе?!

Ratel.kz  "Живой журнал" парақшасында 13.11.2015 жылы жарияланған.

Регистрация для комментариев:



Вам отправлен СМС код для подтверждения регистрации.




Чемпионка Итогового турнира WTA-2025
Я горжусь представлять Казахстан и дарить вам эмоции и победы. Особенно радуюсь, когда вижу, что всё больше ребят берут в руки ракетки. Если моя игра вдохновляет вас мечтать, трудиться и верить в себя это моя самая большая победа.
ЦУР Алматы – победим бедность, болезни и станем равными
150 инициатив НПО по 26 задачам ЦУР на сумму 9,36 млрд тенге – каков результат?
Предложить США ничего не могут, а для России и Китая ставки слишком высоки
Экспертная оценка встречи Дональда Трампа с Си Цзиньпином в Южной Корее
Как Кайрат Нуртас провел 10 лет между двумя концертами на стадионе
От вступления в партию «Нур Отан» до свадьбы на Мальдивах и пятнадцати суток ареста
Станет ли озеро Балхаш зоной туризма?
В Карагандинской области создают туристическую индустриальную зону
Катастрофа Fokker-100 авиакомпании Bek Air: кто виноват, если пилоты – герои?
В алматинском суде прошли прения, сегодня состоится оглашение приговора
Кто изгнал стаи ворон из Алматы?
Живописный Казахстан: взгляд Андрея Михайлова
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
От запрета фонограмм до аттестации школ
Почему гуманитарная реформа рискует остаться на бумаге
КНР в Центральной Азии: инвестиции или долги?
Китай предлагает региону новую модель экономики
В Казахстане снижаются инфляционные ожидания, а тенге укрепляется
Эксперты прогнозируют паузу в изменении базовой ставки
Роберт Зиганшин: «У каждого маньяка – своя мелодия»
Автор музыки к нашумевшему сериалу «5:32» о кино, деньгах и вдохновении
Три больших трека в сотрудничестве Казахстана и США
Для казахстанской стороны критически важно, чтобы санкции не были барьером
Когда правительство возьмётся за яйца
Прагматично-патриотическое молодёжное движение издало "Ежедневник строителя Второй Республики" с цитатами президента