Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн акциясы басталды

1062 просмотров
0
Ратель
Воскресенье, 26 Ноя 2023, 12:00

Акцияның мақсаты — әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, болдырмау және жолын кесу

Читайте также
Ақтауда заңсыз салынып жатқан Crystal City тұрғын үй кешені сүрілді

Әйелдерге қатысты кемсітудің барлық түрін жою туралы БҰҰ Конвенциясының ережесіне сәйкес жыл сайын 25 қарашада әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жоюдың халықаралық күні атап өтіледі, деп хабарлайды  Kazınform.

Осыған орай Ішкі істер министрлігі 25 қарашадан 10 желтоқсанға дейін мүдделі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың өкілдерін, сондай-ақ жұртшылықты тарта отырып, республика аумағында "Зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні" акциясын өткізеді.

Акцияның мақсаты — әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, болдырмау және жолын кесу, ана мен баланы қорғау, сондай-ақ отбасылық құндылықтарды насихаттау.

— Акцияны өткізу барысында имидждік іс-шаралардан бөлек отбасында құқық бұзушылық жасауға бейім адамдарды, сондай-ақ жайсыз отбасыларды тұрғылықты жері бойынша тексеру жоспарланған. Құрылған мобильді топтар тұрмысы жайсыз отбасылар мен өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға кешенді көмек көрсетуге ерекше назар аударатын болады. Агрессорлармен әкімшілік қамауды өтеу кезеңінде профилактикалық жұмыс жасау үшін қоғамның белсенді өкілдері жұмылдырылып, арнайы қабылдағыштарға бару жоспарланған. Құрметті азаматтар! Егер сіз отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болсаңыз немесе осындай жағдай туралы білсеңіз, оны жасырудың қажеті жоқ. Полицияның 102 жедел арнасы үнемі жұмыс істейді. Одан бөлек елімізде жақында ғана іске қосылған 111 тегін сенім телефоны бар, оған қоңырау шалып, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсету бағдарламалары туралы кеңес алуға болады. Әрбір шақыру бойынша полиция қызметкерлері жедел түрде сол жерге келіп, кінәлі адамдарды жауапқа тарту үшін заңда көзделген барлық шараларды қабылдайды, — деді ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақмарал Серікбаева. 

Фото: Турар Казангапов / tengrinews.kz.

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Максим Крамаренко: С помощью дипломатии БПЛА, Украина пытается «загнать» в стан своих союзников Казахстан
Комментарий руководителя ИАЦ «Институт евразийской политики»
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Сергей Пономарёв: Роспуска Мажилиса и досрочных выборов не будет
Депутат Мажилиса Республики Казахстан о планах работы парламента в новом году
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
Дни культуры Казахстана завершились в Катаре