2025 жылы Өзбекстан үкіметі 5,2 млн адамды жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр
Өзбекстанның Статистика агенттігі елдің тұрақты тұрғындарының санын жариялады, деп хабарлайды Kazinform агенттіктің ресми Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Статистика агенттігінің мәліметі бойынша, 2025 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Өзбекстанның тұрақты тұрғындарының саны 37 543 167 адамға жетті.
Бұл көрсеткіш 2025 жылдың 20 қаңтарында 37 576 214 адамды құрады.
Соның ішінде:
- Әйелдер саны – 18,6 млн
- Ерлер саны – 18,9 млн
Еске сала кетейік, 28 қарашада Өзбекстанның тұрақты тұрғындарының саны 37 506 692 адамды құраған болатын. Сондай-ақ 2025 жылы Өзбекстан үкіметі 5,2 млн адамды жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр. Бұл туралы ел президенті Шавкат Мирзиёевтің төрағалығымен өткен кеңесте мәлім болды.
Фото: daryo.uz.
ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!