Заңсыз шығарылған активтерді қайтару жөніндегі жеке ведомство құрылады

1426 просмотров
0
Ратель
Среда, 24 Мая 2023, 12:45

Бұдан басқа, мемлекетке қайтарылған активтерді жинақтау әрі басқару мәселелері бойынша арнайы мемлекеттік қор және басқарушы компания құрылады

Парламент мәжілісі заңсыз шығарылған активтерді мемлекетке қайтару туралы заң жобасы мен бірнеше ілеспе құжатты талқылайтын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Читайте также
Үкімет Көкшетаудағы қазандықтарды жөндеуге 2 млрд теңгеге жуық қаржы бөлді

Атап айтқанда, алдағы уақытта мәжілісте "Заңсыз сатып алынған активтерді мемлекетке қайтару туралы", "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз сатып алынған активтерді мемлекетке қайтару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" ҚР кодексіне (Салық кодексі) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", "Прокуратура туралы" ҚР Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобалары қаралады.

"Аталған 5 заң жобасын "Заңсыз шығарылған активтерді мемлекетке қайтару жөніндегі шаралар туралы" ҚР Президентінің 2022 жылғы 26 қарашадағы № 3 Жарлығын орындау мақсатында Парламент Мәжілісінің депутаттары әзірледі. Негізгі заң жобасы активтерді анықтау және қайтару үшін қажет заңнамалық негіздер мен жаңа құралдардың болмауына байланысты активтерді қайтарудың тетіктерін айқындауға бағытталған. Ілеспелі заң жобалар негізгі заң жобасының ережелерін жүзеге асыру мақсатында әзірленді және қолданыстағы заңнамаға бірқатар түзетулер енгізілмек", - деді депутат Магеррам Магеррамов мәжілістің жалпы отырысында.

Осы орайда "Прокуратура туралы" Конституциялық заңға, Азаматтық, Қылмыстық, Қылмыстық-процестік, Салық, Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстеріне және басқа да заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар қарастырылған. Жалпы саны 11 кодекс және 13 заңға түзетулер ескерілген.

Читайте также
Автокөлік тарихын қалай тексеруге болады

"Заң жобаларын қабылдаудың мынадай оң әлеуметтік-экономикалық әсері бар: қоғамдағы әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, заңсыз сатып алынған және шығарылған активтерді мемлекетке қайтару арқылы Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру, активтерді ерікті түрде қайтаруды ынталандыру, активтерді заңсыз сатып алуға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою. "Заңсыз сатып алынған активтерді мемлекетке қайтару туралы" заң жобасы және ілеспе заң жобалары қолданысқа енгізілгеннен кейін, Бас прокуратураның құрылымында заңсыз шығарылған активтерді қайтару жөніндегі жеке ведомство құрылады. Ол осы саладағы уәкілетті органның функцияларын орындайды", - деді мәжіліс депутаты.

Бұдан басқа, мемлекетке қайтарылған активтерді жинақтау әрі басқару мәселелері бойынша арнайы мемлекеттік қор және басқарушы компания құрылады. Бұл қайтарылған активтерді Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыруға бағытталған әлеуметтік және экономикалық жобаларды қаржыландыруға бағыттауға мүмкіндік береді.

"Атап айтқанда, активтерді қайтару саласындағы мемлекеттік органдар мен ұйымдар жұмысының нақты және ашық тетігі құрылады", - деді Магеррам Магеррамов.

Фото: 24.kz.

Оставьте комментарий

Депутата Мажилиса
- Новые нормы Закона должны дать должникам больше возможностей для переговоров с кредиторами и заключения соглашений о погашении задолженности.
Bek Air не будет обжаловать решение суда по иску родственника погибшей в авиакатастрофе
Но в Bek Air предупреждают: продажа самолетов для выплат потерпевшим может упереться в санкционные ограничения США и Евросоюза
Несуществующие квартиры продавали под видом участия в программе реновации Алматы
Прокуратура возобновила досудебное расследование о долевом строительстве в отношении Садыковой
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Как настоящее ремесло может вернуть себе рынок?
Новый Евразийский совет открывает глобальные площадки для настоящих мастеров
Самые высокие цены на продукты - в Алматы, Мангистауской и Атырауской областях
Почему казахстанцы переплачивают за еду: разница цен на мясо, молоко и курицу между регионами достигла 30%
Курултай, дело Борейко, амнистия и аферы на миллиарды: главные новости недели
Политические реформы, громкие суды и аферы на миллиарды — главные новости недели
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай