Токио Олимпиадасы: әлем чемпионы Бекзад Нұрдәулетов жеңіліп қалды

2093 просмотров
0
Ратель
Среда, 28 Июл 2021, 12:00

Жекпе-жекті екі рет тоқтатуға тура келді. Боксшылардың екеуі де жарақат алды. Төрешілердің шешімімен ресейлік боксшы жеңіске жетті

Токио Олимпидасында әлем чемпионы Бекзад Нұрдәулетов алғашқы жекпе-жеке ұтылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Читайте также
Токио-2020: Таэквондошы Руслан Жапаров ширек финалға өтті

81 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша өткен жекпе-жекте қазақстандық боксшыға қарсы ресейлік Имам Хатаев шықты. Бірінші раунда Нұрдәулетов бірнеше ауыр соққыны өткізіп алды. Дегенмен, есесін қайтара білді. Ал төрешілердің бәрі ресейлік спортшыға жоғары ұпай берді. Екінші раунда қазақстандық боксшы өз шабуылдарын үдете түсті. Соның арқасында бес төрешінің үшеуі оның өнерін жоғары бағалады. Ал үшінші раундта екеуі ашық бокстасты.

Жекпе-жекті екі рет тоқтатуға тура келді. Боксшылардың екеуі де жарақат алды. Төрешілердің шешімімен ресейлік боксшы жеңіске жетті. Қорытынды есеп – 1:4.

Осылайша, 23 жастағы әлем чемпионы Олимпиададағы алғашқы жекпе-жекте ұтылып қалды.

Оған дейін Қазақстанның әйелдер командасы атынан Токио Олимпиадасына барған жалғыз боксшы Надежда Рябец (75 келі) бірінші жекпе-жекте ұтылса, Серік Теміржанов (57 келі) екінші айналымнан аса алмады. Күні кеше 69 келі салмақ дәрежесінде Абылайхан Жүсіпов америкалық боксшыға жол берді. Ал Василий Левит (91 келі) нокаутпен ұтылды.

Олимпиадада төрт боксшымыз қалды. Закир Сафиуллин (63 келі) мен Сәкен Бибосынов (52 келі) алғашқы жекпе-жектерін сәтті өткізген. Сондай-ақ, алдағы уақытта Әбілхан Аманқұл (75 келі) мен Қамшыбек Қоңқабаевтың (91 келіден жоғары) жекпе-жектері бар.

Фото: Sputnik / Александр Кряжев.

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Максим Крамаренко: С помощью дипломатии БПЛА, Украина пытается «загнать» в стан своих союзников Казахстан
Комментарий руководителя ИАЦ «Институт евразийской политики»
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Игорь Проценко: Реестр казахстанских товаропроизводителей спасёт государство от ущерба на сотни миллиардов тенге
С какими проблемами сталкивается бизнес при регистрации в реестре (видео)
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
Священный месяц Рамадан!
Простые и полезные советы по здоровью во время поста