Теолог: “Жасырын жүрістен гөрі екінші әйел алған жөн”

2648 просмотров
0
Ратель
Четверг, 10 Апр 2025, 18:00

Құранда “егер әділ бола алсаңдар, екінші әйел алыңдар” деп жазылған, деді теолог

Белгілі исламтанушы, теолог Мұхиддин ИСАҰЛЫ еліміздегі ажырасу деңгейінің артуын үлкен трагедия деп санайды. Оның айтуынша, отбасы институтының әлсіреуі ұлт болашағына кері әсер етеді, деп жазады shyn-ar.kz ақпараттық порталы.

Читайте также
Шымкентец предъявил бывшей токал счёт за все прожитые годы

- Бұл мәселенің шешімін тек шариғат тұрғысынан ғана емес, әлеуметтік жауапкершілікпен қарау қажет. Қазақстан ажырасу бойынша әлемде алдыңғы орында тұр. Бұл – қоғам үшін үлкен қасірет. Отбасы дегеніміз – шағын мемлекет. Әр отбасы мықты болған сайын мемлекет те нығаяды, - дейді теолог.

Ол қазіргі қоғамда некесіз, жасырын қарым-қатынастар көбейіп кеткенін айтады. Сондықтан шариғатқа сай, ашық әрі жауапкершілікпен екінші әйел алу – әлдеқайда әділетті жол деп есептейді.

- Бүгінде 3 емес, одан да көп әйелі барлар бар. Алайда олар некелеспей, жасырын өмір сүріп жүр. Мұның орнына шариғат заңымен екінші әйел алып, жауапкершілік арқалағаны жөн. Бұл – біздің ата-бабаларымыз ұстанған жол. Мысалы, Абылай ханның бірнеше әйелі болғанын көпшілік біледі, - дейді Исаұлы.

Алайда ол шариғатта “екінші әйел алу – міндет” деген талап жоқ екенін баса айтты. Керісінше, бұл – үлкен жауапкершілік пен әділеттілікті талап ететін амал.

- Бірінші әйелдің өзін асырай алмайтын, еңбекке құлқы жоқ, жалқау еркекке шариғат екінші әйел алуға рұқсат бермейді. “Жатып ішер” еркектер көбейді. Бұл дұрыс емес. Құранда: “Егер әділ бола алсаңдар, екінші әйел алыңдар” деп жазылған. Бірақ әділ болу – оңай шаруа емес, - деді теолог.

Мұхиддин Исаұлының айтуынша, мемлекет азаматтарға ортақ жағдай жасайды, ал рухани өмір – әр адамның өз жауапкершілігі.

Фото: kaktus.media.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Максим Крамаренко: С помощью дипломатии БПЛА, Украина пытается «загнать» в стан своих союзников Казахстан
Комментарий руководителя ИАЦ «Институт евразийской политики»
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Сергей Пономарёв: Роспуска Мажилиса и досрочных выборов не будет
Депутат Мажилиса Республики Казахстан о планах работы парламента в новом году
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
В Астане проходит «Международный фестиваль детских игр тюркского мира»