Шетелде салдырған вакцина Қазақстанда қабылдана ма?

1936 просмотров
0
Ратель
Суббота, 20 Фев 2021, 10:00

Өмірзақованың айтуынша, вакцина егудің екінші кезеңінен бастап Қазақстанда өндірілген ресейлік вакцина қолданылады

Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы өкілі шетелде коронавирусқа қарсы салдырған вакцинаның Қазақстанда жарамды болатынын айтты. Мұндай жағдайда вакцина салдырғаны туралы анықтама болуы қажет, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Егер азаматтың коронавирусқа қарсы вакцина алғаны туралы құжат түріндегі анықтамасы болса, әрине ол қабылданады. Мұндай жағдайда оның Pfizer немесе басқа вакцина екені маңызды емес", - деді Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әсия Рүстемова.

Читайте также
Екі компания БЖЗҚ-мен зейнетақы жинағын сенімгерлік басқару туралы келісім жасасты

Айтуынша, елордада вакцина егудің үшінші аптасы аяқталды. Қала бойынша тиісті контингент ішінде 1 980 адам вакцина алды. Олардың арасында вакцинадан кейін асқынулар анықталмаған.

Вакцина егудің екінші кезеңі қашан басталады

Вакцинаның екінші компонентін егу 22 ақпанда жалғасын табады.

"Вакцинаның келесі жеткізілімі ақпанның соңына жоспарланған. Вакцинаның жаңа партиясы келген уақытта медицина қызметкерлерін егуді жалғастырамыз. Сондай-ақ, педагогтар, күштік құрылым қызметкерлері, созылмалы ауруы бар адамдарға вакцина салынады", – деді Нұр-Сұлтан қаласы алғашқы медициналық санитариялық көмекті ұйымдастыру бөлімінің басшысы Әлия Өмірзақова.

Оның түсіндіруінше, вакцина егудің екінші кезеңінен бастап Қазақстанда өндірілген ресейлік вакцина қолданылады.

"Ресейлік вакцинамен қатар Қазақстанда өндірілген вакцина бірге қолданылады. Қазір ресейлік вакцина Қазақстанда өндіріледі. Екінші кезеңде қазақстандық вакцина бойынша ем-шара өткіземіз", – деді Өмірзақова.

Кімдерге вакцина салынбайды

Қазақстанда 1 ақпанда коронавирусқа қарсы жаппай вакцинация басталды. Екпе алдымен инфекцияны жұқтыру және тарату қаупі жоғары халықтың осал топтарына кезең-кезеңмен салынады. Олардың ішінде медицина қызметкерлері, педагогтар, құтқарушылар, полицейлер, әскерилер, созылмалы ауруы бар адамдар бар. Екпе тегін және ерікті түрде жүргізіледі.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сәйкес, адам соңғы алты айдың ішінде коронавируспен ауырып шықса, вакцина салудың қажеті жоқ. Бұдан бөлек, жүкті әйелдерге, ауыр аллергиясы мен вакцинаның құрамындағы заттарға жоғары сезімталдылығы бар адамдарға, 18 жасқа толмағандарға және 65 жастан асқандарға вакцина салынбайды.

Фото: REUTERS / ALISHA JUCEVIC.

Оставьте комментарий

Президент Республики Казахстан
«Стороны могли бы рассмотреть вариант заморозки боевых действий и возвращения к переговорам на основе “Стамбульской формулы 2.0”».
«Я сейчас чуть подвисла»: свидетельница Бажкеновой запуталась в своих показаниях в суде
Вопрос о сумме ущерба загнал Масальскую в угол
Город будущего построят в Алатауском районе Алматы
Что увидели журналисты во время пресс-тура по району
Землетрясение в Колумбии, мировые конфликты, свадебный бум, затмение, шведская контрразведка и ежи
Главное в мире: обзор СМИ
Поствыборный экзамен для партий: Виталий Колточник — о том, что показали съезды
О перезагрузке партийной системы Казахстана, феномене «семипартийности» и завершении эпохи партий одного человека
Выставки Билла Виолы ищут на картах мира. Теперь нужно искать Алматы
Его работы заставляют зрителя остановиться
Итоги недели в Казахстане: дело дольщиков, рейды МВД, громкий приговор и победы боксёров
Главные новости Казахстана и мира выпуске
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Курултай, дело Борейко, амнистия и аферы на миллиарды: главные новости недели
Политические реформы, громкие суды и аферы на миллиарды — главные новости недели
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай