Ресейдің ауыл шаруашылығын бақылау мекемесі осы мәселемен Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрлігіне жүгінді
Ресей зиянкестерге байланысты Қазақстаннан қауын импортын тоқтатады, деп хабарлайды Sputnik.
Ресейдің ауыл шаруашылығын бақылау мекемесі Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрлігіне 7 қазаннан бастап қауын импортын тоқтатуды сұрап сауал жолдады.
Бұған өнімдерде бірнеше рет кездескен зиянкес – қауын шыбыны Myiopardalis pardalina (Bigot) табылуы себеп.
"Бұл шыбыннан келетін ықтимал шығын шамамен 250 миллион рубльді (2,7 миллион доллар) құрауы мүмкін", - деп хабарлады Ресейдің ауыл шаруашылығын бақылау ведомствосы.
Фото: eldala.kz.