Парақор әке мен оның шенеунік қызы оңбай опық жеді

2280 просмотров
0
Данил Шемратов
Воскресенье, 10 Ноя 2024, 12:00

Туған ауылыңдағы мектепке де пара бермесең жұмысқа кіре алмайсың

Читайте также
Оқушыларға – ыстық тамақ, директорға – ақша

Түркістан қаласының сотында бертінге дейін Түркістан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы болған 60 жастағы Айтмахаметәлі БЕРДАШЕВКЕ үкім шықты. Ол пара алғаны үшін айыпты деп танылды. Онымен бірге 1992 жылғы қызы Ұлжан (“Түркістан қаласының балалар мен жасөспірімдер спорт клубында” тәрбие жөніндегі орынбасар болған) және 1993 жылғы, жұмыссыз жүрген Нұрдәулет ТҰРСЫНХАН сотталды. Сондай-ақ пара беруші – Түркістан облысы Бәйдібек ауданындағы Шаян ауылының тумасы, 32 жастағы Рүстем ЖҮНІСБЕКОВ сотталды.

Былай болған екен. Кезінде өзі де жүзуден тәуір спортшы болған Рүстем Жүнісбеков біраз жыл туған ауылы Шаянда күзетші, құтқарушы, сосын Түркістан облысының №3 Балалар мен жасөспірімдердің олимпиадалық резерв спорт мектебінде (Шаяндағы СДЮСШОР №3) жүзуден инструктор болып жұмыс істеген. Бірақ кейін тиісті жоғары білімі болмағаны үшін спорт мектебінен кетуіне тура келген.

Сонда да қайтпайтын мінезі бар жігіт Шымкенттегі Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетіне оқуға түсіп, былтыр жазда оқуын сәтті бітірген. Дене шынықтыру мен спорт жөніндегі маманның дипломын алып, туған ауылындағы мектепке тренер болып қайта жұмысқа тұрмақ болады. Бірақ келе қалған адамды жұмысқа ала қоятын мектеп жоқ екенін түсінген Рүстем таныс тап деп өзінің досы Нұрдәулет Тұрсынханға қолқа салған.

Өйткені Тұрсынханның танымайтын адамы жоқ. Түркістанның спорт саласында бұрыннан жүрген Ұлжан Бердашевамен де жақын таныстығы болатын. Ал Ұлжанның әкесі – облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы еді. Тұрсынхан Ұлжанға айтып, Ұлжан әкесі Айтмахаметәлі Бердашевке жеткізіп, ақыры 500 мың теңге тауып берсе Рүстемді қалаған қызметіне тағайындайтын боп келіседі. Оның жартысын – 250 мың теңгені алдын-ала берсін депті. Содан Рүстем Жүнісбеков шешесіне кредит алғызып тұрып, әлгі 250 000 теңгені Тұрсынхан арқылы Бердашевтерге берген.

Читайте также
Жетісайда бастық болған 65 жастағы зейнеткер пара алды

Одан соң Рүстемді жұмысқа алған, бірақ жарты ставкаға ғана алыпты. Толыққанды штатқа кіруі үшін ақшаның қалған жартысын беруі тиіс екен. Амалсыз шешесіне тағы да кредит алғызып, биыл 16 қазанда қалған 250 мың теңгені аударып жіберді. Содан соң ғана толық ставкаға жұмысқа тұрды. Бірақ қуанышы алысқа бармады. Жемқорлыққа қарсы күрес қызметі бәрін біліп қойып, бұларды түгел қылмыстық жауапкершілікке тартты.

Сотта бұлардың бәрі болған істі мойындап, енді өкінуден басқа шарамыз жоқ десті.

Істі қараған сот төрағасы, судья Жанәбіл АҚЫНОВ сотталушылардың бәріне тақылдатып айыппұл тағайындап тастады: Айтмахаметәлі Бердашев 25 миллион теңге, Рүстем Жүнісбеков 15 миллион теңге, Ұлжан Бердашева мен Нұрдәулет Тұрсынхан екеуі 5 миллион теңгеден айыппұл арқалады.

Айыппұлдарын өз еркімен төлеуіне екі ай мерзім берілді, одан кейін төлемесе жаза түрме мерзіміне ауыстырылуы мүмкін. Аты аталғандардың бәрі енді өмірінде мемлекеттік қызметке жолай алмайтын болды. Әрқайсысы жәбірленушілердің өтемақысы қорына 55 380 теңге төлеуі тиіс.

Фото: © Ratel.kz / Айдын Олжаев.

Аударған А.Олжаев.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Регистрация для комментариев:



Вам отправлен СМС код для подтверждения регистрации.




Чемпионка Итогового турнира WTA-2025
Я горжусь представлять Казахстан и дарить вам эмоции и победы. Особенно радуюсь, когда вижу, что всё больше ребят берут в руки ракетки. Если моя игра вдохновляет вас мечтать, трудиться и верить в себя это моя самая большая победа.
В этом году в Казахстане собрано пшеницы на 500 тыс. тонн больше уровня предыдущего года
О чём говорит ноябрьский отчёт USDA
ЕАЭС в поисках новой динамики
Десять лет ЕАЭС: работающие механизмы и нерешенные вопросы
Предложить США ничего не могут, а для России и Китая ставки слишком высоки
Экспертная оценка встречи Дональда Трампа с Си Цзиньпином в Южной Корее
Как Кайрат Нуртас провел 10 лет между двумя концертами на стадионе
От вступления в партию «Нур Отан» до свадьбы на Мальдивах и пятнадцати суток ареста
Станет ли озеро Балхаш зоной туризма?
В Карагандинской области создают туристическую индустриальную зону
На какие уступки может пойти Киев: интервью с экспертом Максимом Крамаренко
Аналитик о скандале вокруг нового мирного плана, реакции Киева и вероятных сценариях для Украины
Кто изгнал стаи ворон из Алматы?
Живописный Казахстан: взгляд Андрея Михайлова
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
От запрета фонограмм до аттестации школ
Почему гуманитарная реформа рискует остаться на бумаге
КНР в Центральной Азии: инвестиции или долги?
Китай предлагает региону новую модель экономики
В этом году в Казахстане собрано пшеницы на 500 тыс. тонн больше уровня предыдущего года
О чём говорит ноябрьский отчёт USDA
Роберт Зиганшин: «У каждого маньяка – своя мелодия»
Автор музыки к нашумевшему сериалу «5:32» о кино, деньгах и вдохновении
Три больших трека в сотрудничестве Казахстана и США
Для казахстанской стороны критически важно, чтобы санкции не были барьером
Когда правительство возьмётся за яйца
Прагматично-патриотическое молодёжное движение издало "Ежедневник строителя Второй Республики" с цитатами президента