Оралда мемлекетке 600 млн астам теңге залал келтіргендер сотталды

2186 просмотров
0
Ратель
Суббота, 30 Апр 2022, 13:45

Сотталғандардың бәрі де үкім күшіне енген жағдайда жазасын қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді

Орал қалалық сотында бүгін "Аграрлық несие корпорациясы" арқылы қаржы жымқырып, мемлекетке 600 млн астам теңге залал келтіргендерге қатысты үкім шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сотта анықталғандай, "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстары филиалдарында басшылық қызмет атқарған Ерболат Оңғарбек қызмет бабын пайдалана отырып, филиал маманы Бижан Нұрқатовпен ауыз жаласып, сондай-ақ кәсіпкер Анвархон Торахановпен және "Урал" шаруа қожалығының басшысы Айдын Қамзинмен бірге аса ірі көлемде қаржы жымқырған.

Читайте также
Түркістан облысында "Шығыс шеңбері" атты жаңа туристік маршрут әзірленіп жатыр

Сонымен қатар шаруа қожалықтарының басшылары Миржан Арыстанов, Нұрберген Жұмағұлов, Мәлік Ержанов, оған қоса Мейрамбек Байғутиев Е.Оңғарбектің ықпал етуімен "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ филиалы және "Ақжайық Агро" несие серіктестігі арқылы заңсыз несие алған.

Аталған адамдардың заңсыз іс-әрекеттері салдарынан мемлекетке 600 млн астам теңге көлемінде залал келтірілген.

Е.Оңғарбек, А.Тораханов, Б.Нұрқатов кінәларын мойындаған жоқ. Ал қалғандары кінәларын толықтай мойнына алды. Оған қоса М.Байғутиев, М.Арыстанов, Н.Жұмағұлов, М.Ержанов қылмысты ашып, әшкерелеуге белсенді жәрдемдескен.

Сот үкімімен Е.Оңғарбек ҚР ҚК 28-бабы 5-бөлігі, 219-бабы 1-бөлігіне сәйкес айыпты деп танылғанымен, қуыным мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.

Е.Оңғарбек ҚР ҚК 361-бабы 4-бөлігі 3-тармағы (лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану), 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағына (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) сәйкес айыпты деп танылып, 58-баптың 3-бөлімі қолданыла отырып, 9 жылға үкім кесілді. Ол сондай-ақ мемлекеттік қызметте және басқа органдарда лауазымды қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Б.Нұрқатов ҚР ҚК 28-бабы 5-бөлігі, 219-бабы 1-бөлігіне сәйкес айыпты деп танылып, қуыным мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Ол 219-бап 1-бөлігі эпизоды бойынша қылмыс құрамының болмауына байланысты ақталды. Дегенмен Б.Нұрқатов ҚР ҚК 28-бабы 5-бөлігі, 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағына сәйкес 7 жылға сотталды.

А.Қамзин ҚР ҚК 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағына сәйкес айыпты деп танылып, 55-баптың 4-бөлігі қолданыла отырып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Осыған дейін үйқамақта болған Б.Нұрқатов пен А.Қамзин сот залында тұтқындалды.

А.Тораханов ҚР ҚК 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағына сәйкес 7 жылға сотталды.

Сотталғандардың бәрі де үкім күшіне енген жағдайда жазасын қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді.

М.Байғутиев, М.Арыстанов, Н.Жұмағұлов және М.Ержанов қуыным мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.

Судья Қайрат Өтешев үкім шығарған кезде сотталушылардың кішкентай балалары бар екендігі, қылмыстық жауапкершілік пен жазаны ауырлататын мән-жайдың жоқтығы ескерілгенін жеткізді.

Сот үкімі күшіне енген жоқ.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да пара алған полиция қызметкеріне 7,5 млн теңге айыппұл салынғанын жазған болатынбыз.

Фото: ©Shutterstock/Fotodom.

Оставьте комментарий

Депутат Курултая:
«Статус врача – это вопрос биологической и национальной безопасности»
Аваза-2026: Евразия учится считать не подписанные документы, а результаты
Цифровые коридоры, сеть СЭЗ и кибербезопасность вошли в число ключевых тем двух саммитов в Туркменистане
После землетрясения в Алматы: почему нельзя покупать и продавать недвижимость на эмоциях
Как страх меняет спрос на квартиры и дома, влияет на цену сделки и может стоить собственнику или покупателю миллионов тенге
Когда «нет» перестают слышать
Адвокат Асқат Сулубек о границе между заботой и насилием, отношениями и контролем, вниманием и преследованием
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
Как отличить послеродовой психоз от депрессии и когда необходима срочная помощь – мнение специалиста
Дружба, ставшая искусством: Мари‑Пьер Лере выступит в Алматы в память о Денисе Тене
Сбой «Яндекса» в Казахстане – вопрос может выйти на уровень Совета безопасности
В распоряжении Ratel.kz оказался документ о национальной безопасности Казахстана, предположительно адресованный Роману Скляру
Токаев и новая геометрия Казахстана: Берлин, средняя держава, Совбез и общественный контроль
Виталий Колточник - о внешней политике Казахстана, новом Совбезе и перестройке государства
«Мүсіндер» в Almaty Museum of Arts: как казахстанская скульптура рассказывает нашу историю
Скульптура – это то, обо что вы спотыкаетесь, когда отходите назад, чтобы рассмотреть картину
Совет Безопасности становится вторым стратегическим контуром Президента Токаева
Тандем Карин - Балаева в этой конфигурации один из центральных элементов новой политической архитектуры
Город будущего построят в Алатауском районе Алматы
Что увидели журналисты во время пресс-тура по району
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай