Аккредитацияға онсыз да орын жетпей жатқанда
Саясаттанушы Талғат ҚАЛИЕВТІҢ айтуынша, биыл Париж Олимпиадасына баруға тиіс тұлғалар аккредитациясыз қалды. Бірақ Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий ГОЛОВКИННІҢ ұлы аккредитациядан өткенін білдіретін бейджикті тағып алып Парижде жүр.
"Головкин қазақ спортына озық стандарттар әкеле ме десек, ол ескі әдеттен арылмаған адам екен. Биыл Олимпиадаға баруға лайық болған көптеген шенеуніктер аккредитациясыз қалды. Ал Головкиннің ағасы мен ұлы Олимпиаданы тамашалауға кетті", - деп жазды ол.
Париждегі Олимпиада ойындарына қатысатын Қазақстан делегациясына 900 миллион теңгеге жуық қаржы бөлінген, деп жазады stan.kz.
Қазақстандық делегация құрамында Париждегі Олимпиада ойындарына 209 қазақстандық баратыны айтылған.
Қазақстан делегациясымен Парижге мына адамдар барған:
- спортшылар мен жаттықтырушылар – 149 адам (оның ішінде спортшылар саны – 80)
- Туризм және спорт министрлігі – 5 адам;
- Ұлттық Олимпиада комитеті – 10 адам;
- Спортты дамыту басқармасы – 6 адам;
- Ұлттық спорттық медицина және оңалту орталығының дәрігерлері, массажистері – 23 адам;
- БАҚ өкілдері – 16 адам.
Фото: видеодан скрин / stan.kz.
ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!