Мұнайлы ауданында мектеп директоры мұғалімдермен сыйыспай жатыр

2042 просмотров
0
Ратель
Среда, 22 Мая 2024, 13:00

Мұғалімдер Роза Рымбаеваның концертіне байланысты директорды жұмыстан шығаруды талап етті

Мұнайлы ауданының Батыр ауылындағы №10 мектептің мұғалімдері "мектеп директоры қысым көрсетті" деп аудандық білім бөліміне шағымданды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.

Ал Маңғыстау облысы әкімдігінің телеграм арнасына шағымданған жазба иесі жолдаған бейнеүндеуде "Мұнайлы ауданы, Батыр ауылындағы №10 мектеп директоры мұғалімдерге қысым көрсетіп, лауазымдық қызметін асыра пайдаланды" деп шағым айтқан.

- Біз мектеп басшысының қысымына қатысты ұжымдық шағым жазып, аудандық білім бөлімінің басшысына уәжімізді айтқан болатынбыз. Алайда әлі күнге дейін нақты жауап ала алмай отырмыз. Ұжымдық шағымымызды қанағаттандырмай, бейнеүндеу жолдауға мәжбүр болып отырмыз. Мектеп басшысы қызметінен босатылуын талап етеміз, - дейді бейнеүндеу жасаған мұғалімдер.

Ал мектеп басшысының айтуынша, мектеп әкімшілігі тарапынан мұғалімдерге ешқандай қысым болмаған.

Читайте также
"Лейтенант ұрған". Марқұм сарбаздың анасы жанайқайын айтты

- Мен конкурс бойынша, №57 бұйрықпен Мұнайлы ауданы, Батыр ауылындағы №10 мектептің басшысы ретінде тағайындалдым. Тағайындалған күннен бастап, лауазымымды ақ адал атқарып жүрмін. Мектеп мұғалімдерінің жеке іс-қағаздарын тексеру барысында бұрын арнаулы орта білімді мұғалімдерге жоғары білім деңгейі бойынша жалақы төленіп келгенін білдім, - дейді мектеп директоры Күмісай ҚАНСҰЛТАНҚЫЗЫ.

Одан бөлек мұғалімдер "мектеп директоры концертке билет алуға міндеттеді" деп арызданып отыр. Күмісай Қансұлтанқызы болса, билет сатып алуға міндеттемегенін айтады.

- Наурыз мерекесі қарсаңында өлкемізге халық әншісі Роза Рымбаева келді. Әншінің аудандарды аралап берген концерті бойынша мұғалімдердің қатысуын сұрадым. Бұл – тегін концерт. Оған ешкімді қыстап, күштеп апарған жоқпын. Осындай жұмыстарды көре отырып, мұғалімдер қысым көргенін айтып жатыр. Мен ешқандай қысым көрсетіп отырғаным жоқ. Мен жай ғана білім ошағына қажет тиісті құжаттарды сұрап жүрмін. Мектеп мұғалімдері өз жұмысымды істеуге кедергі келтіріп жатыр, - деді мектеп директоры.

Фото: Маңғыстау облысы "Қоғамдық коммуникация орталығы".

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

Политолог
«Введение еще одной новой должности, видимо, должно стать своего рода „серебряной медалью“, поскольку ее обладатель становится своего рода заместителем президента (вице-президентом — Ред.)».
Китаист Алексей Маслов  о климате, ресурсах и новых правилах игры
Китай меняется - и соседям надо готовиться
Ближний Восток, борьба за Тихий океан и разговоры о запрете мусульманских платков во Франции
Главное в мире: обзор СМИ
Как в Казахстане можно пятнадцать лет не исполнять решение суда
Почему выиграть суд ещё не означает добиться восстановления нарушенного права
ШОС не обязывает автоматически вступать в войну на стороне другого участника
ШОС как внешнеполитическая экология
«Дождь из стрел»: казахстанцы вошли в число лучников на Великом курултае в Венгрии
Суд поставил точку в деле бывшего главного редактора Orda.kz Гульнар Бажкеновой
Миллионы через ИП и зарплаты наличными
Город будущего построят в Алатауском районе Алматы
Что увидели журналисты во время пресс-тура по району
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай