Мектептерде түркі тарихы жайлы жаңа пән енгізілмейді - министрлік

1583 просмотров
0
Ратель
Понедельник, 27 Июн 2022, 17:15

Оқушылар өз қалауы бойынша түркі әлемін зерттеу үшін қосымша білім ала алады

Оқу-ағарту министрлігі мектептерде жаңа пән енгізілетіні жайлы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Читайте также
Қасым-Жомарт Тоқаев Ашхабадта Каспий маңы елдері басшыларының саммитіне қатысады

Бұған дейін Халықаралық Түркі академиясы Ғылыми кеңесінің V отырысында "Ортақ түркі тарихы", "Ортақ түркі әдебиеті" және "Түркі әлемінің географиясы" оқулықтарының жарыққа шығатыны туралы хабарланған болатын.

Ведомствоның ақпаратына сенсек, мектептерде осы бағыт бойынша жаңа пәндер енгізілмейді.

"Бұл жерде әңгіме факультатив ретінде қосымша таңдауға болатын курс жайында болып отыр. Яғни оқушылар өз қалауы бойынша түркі әлемін зерттеу үшін қосымша білім ала алады", деп мәлім етті министрліктен.

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.