Мақтааралда су тасқынынан зардап шеккендерге 500 волонтёр көмектесіп жүр

2450 просмотров
0
Ратель
Суббота, 09 Мая 2020, 14:05

Бүгінгі таңда волонтёрлердің күшімен 10 мыңнан астам медициналық маска мен антисептикалық құрал таратып берілді

Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Дамир ЖҮНІСОВ және «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен ТӘЖІБАЕВ Мақтаарал ауданында жұмыс істеп жүрген еріктілермен кездесті. Олар басқосуда волонтерлердің жұмысымен танысып, алдағы уақытта атқарылатын шаруаларды түсіндірді.

Читайте также
Карантин енгізілмесе, сегіз тәулікте науқастар саны 4,5 мыңға жетер еді – Елжан Біртанов

Ауданда орын алған төтенше жағдайға байланысты облыстық қоғамдық даму басқармасы мен «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының ұйымдастыруымен Жастар орталығының жанынан «Біргеміз, Мақтаарал» волонтерлер штабы құрылған. Штаб жетекшісі - «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры Амалбек ӨМІРТАЙ.

«Мақтаарал ауданындағы тасқын су салдарынан қиын жағдайда қалған ауыл азаматтарына көмектесу және төтенше жағдайдан келген зардаптарды жою жұмыстарына жалпы 500-дей ерікті атсалысуда. Оның 150-ге жуығы тұрақты түрде көмек көрсетіп келеді. Еріктілер Жамбыл ауылдық округіндегі №36 жалпы орта мектебіне жайғастырылып, олардың жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасалды. Қазіргі таңда волонтерлар облыстық төтенше жағдай штабы тарапынан ұйымдастырылған барлық жұмыстарға атсалысуда. Атап айтқанда, тасқын суда қалған ауыл азаматтарын эвакуациялық бекеттерге орналастыру, гуманитарлық көмекке келген тауарды тасымалдау, мұқтаж азаматтарға үлестіру сияқты шаруаларды атқаруда», – деді А.Өміртай.

Аудандағы ауылдарды тасқын су басуына байланысты жалпы 31 мыңнан астам азамат қауіпсіз аймаққа эвакуацияланса, бұл жұмыста да еріктілердің үлесі бар.

Читайте также
Түркістанда су басқан ауылдарынан 1 млн м3 су сорылды

«Волонтерлік жұмыстарға «Jas Otan» жастар қанатының мүшелері де белсене қатысуда. Еріктілер эвакуациялық бекеттерде күш құрылымдарының шаруасына да көмектесіп жатыр. Төтенше жағдай орын алған алғашқы күндерде жергілікті ауыл жастарынан ұйымдастырылған волонтерлық топтар 12 шақырым қорғаныс бөгеттерін тұрғызуға атсалысты. Сонымен қатар, олар мәдениет, қоғам қайраткерлерімен бірігіп, тұрғындарды сабырға шақыру жұмыстарына да белсене араласуда», – дейді облыстық «Jas Otan» жастар қанатының төрағасы Жансерік ЖҰМАН.

Бұдан бөлек, Шымкент, Нур-Султан, Алматы қалаларының жастары мен волонтерлық ұйымдардан, республикалық «Jas Otan» жастар қанатынан гуманитарлық көмектер келуде. Бүгінгі таңда волонтерлердің күшімен 10 мыңнан астам медициналық маска мен антисептикалық құрал таратып берілді.

Источник: ҚазАқпарат

Депутат Курултая:
«Статус врача – это вопрос биологической и национальной безопасности»
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
Как отличить послеродовой психоз от депрессии и когда необходима срочная помощь – мнение специалиста
Когда «нет» перестают слышать
Адвокат Асқат Сулубек о границе между заботой и насилием, отношениями и контролем, вниманием и преследованием
Дружба, ставшая искусством: Мари‑Пьер Лере выступит в Алматы в память о Денисе Тене
Ледники Центральной Азии потеряли 26 млрд тонн льда в 2025 году
Как сокращение ледников Тянь-Шаня и Памира влияет на водные ресурсы Казахстана и соседних стран
После землетрясения в Алматы: почему нельзя покупать и продавать недвижимость на эмоциях
Как страх меняет спрос на квартиры и дома, влияет на цену сделки и может стоить собственнику или покупателю миллионов тенге
Токаев и новая геометрия Казахстана: Берлин, средняя держава, Совбез и общественный контроль
Виталий Колточник - о внешней политике Казахстана, новом Совбезе и перестройке государства
ООН как зеркало раскола: почему главные договорённости всё чаще ищут за пределами Нью-Йорка
Протесты в Европе, атаки на аэропорты и танкер, разводы и скандалы
Главное в мире
Совет Безопасности становится вторым стратегическим контуром Президента Токаева
Тандем Карин - Балаева в этой конфигурации один из центральных элементов новой политической архитектуры
«Мүсіндер» в Almaty Museum of Arts: как казахстанская скульптура рассказывает нашу историю
Скульптура – это то, обо что вы спотыкаетесь, когда отходите назад, чтобы рассмотреть картину
Китаист Алексей Маслов  о климате, ресурсах и новых правилах игры
Китай меняется - и соседям надо готовиться
Город будущего построят в Алатауском районе Алматы
Что увидели журналисты во время пресс-тура по району
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай