![](https://imagesratel.kz/cdn/innermain/i/2022/May/09/c61bbefd4ac16d06071066f27db17843846656d3.jpg)
Қазақстан құрамасынан шаршы алаңға бірінші болып Валентина Хальзова шығады
Ыстанбұлда (Түркия) әйелдер арасында өтетін бокстан 2022 жылғы Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының алғашқы қарсыластары белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстан құрамасынан шаршы алаңға бірінші болып Валентина Хальзова шығады. Ол 9 мамыр күні кениялық Лорна Куса Симбимен кездеседі.
Қазақстандық спортшылардың алғашқы жекпе-жегінің кестесі:
9 мамыр
Кешкі сессия
70 келі. Валентина Хальзова — Лорна Куса Симби (Кения)
10 мамыр
Кешкі сессия
48 келі. Алуа Балқыбекова — Приянка Диллон (Канада)
11 мамыр
Күндізгі сессия
- 52 келі. Жайна Шекербекова — Мелоди Варгас (Пуэрто-Рико)
- 57 келі. Карина Ибрагимова — Клаудия Нечита (Румыния) / Сабина Суч (Венгрия)
- 63 келі. Аида Әбікеева — Имане Хелиф (Алжир) Кешкі сессия
- 75 келі. Надежда Рябец — Бушра Ишилдар (Түркия)
12 мамыр
Күндізгі сессия
- 50 келі. Назым Қызайбай — Ингрит Валенсия (Колумбия)
- 54 келі. Дина Жоламан — Мария Мадуэньо Конде (Испания)
- 60 келі. Римма Волосенко — Шона Уитуэлл (Англия)
Кешкі сессия
66 келі. Дариға Шәкімова — Навбахор Хамидова (Өзбекстан)
13 мамыр
Кешкі сессия
- 81 келі. Гүлсая Ержан — Олеся Крысюк (Украина)
- +81 келі. Ләззат Күнгейбаева — Шеннур Демир (Түркия).
Айта кетейік, Ыстанбұлдағы Әлем чемпионаты бүгін басталды. Финалдық кезең 19-20 мамырда өтеді.