![](https://imagesratel.kz/cdn/innermain/i/2021/November/24/33c040c29e72eccd59b9e8bcbea62a45a747f5c2.jpg)
Ұлттық банктің 24 қарашадағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 432,15 теңге
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 23 қараша кешімен салыстырғанда 2, 51 теңгеге құлдырап, 1 доллар 429,62 теңге болды.
Ұлттық банктің 24 қарашадағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 432,15 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 431,83 теңге, сатып алу – 433,84 теңге.
Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 431,49 теңгеден болса, сатып алу құны – 433,36 теңге.
Фото: Ⓒ Ratel.kz / Сергей Перхальский.