БҰҰ операцияларында ҰҚШҰ күштерін қолдану тәртібі айқындалды

1284 просмотров
0
Ратель
Четверг, 14 Сен 2023, 13:15

Хаттамаға 2021 жылғы 16 қыркүйекте Душанбе қаласында Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысында қол қойылды

Читайте также
Моноқалаларды дамытуға 1,7 трлн теңге бөлінеді

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында “2007 жылғы 6 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бітімгершілік қызметі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы” Заңы мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Хаттамаға 2021 жылғы 16 қыркүйекте Душанбе қаласында Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысында қол қойылды. Құжаттың мақсаты - ҰҚШҰ мүшесі саналмайтын мемлекеттердің аумақтарында Біріккен Ұлттар Ұйымының бейбітшілікті сақтау жөніндегі операцияларында ҰҚШҰ бітімгершілік күштерін қолдану тәртібін айқындау. Хаттама аясында “үйлестіруші мемлекет” деген ұғымы енгізіледі.

- Қолданыстағы нормативтік–құқықтық актіге, бітімгершілік туралы келісімге хаттама арқылы түзетулер енгізу бітімгершілік қызметінің құқықтық негіздерін одан әрі жетілдіруге бағытталған. Мәселені ретке келтіру барысында халықаралық ұйымдардың бітімгершілік операцияларына қатыса алмайтындығы анықталды. Осыған байланысты ұйым мүшелерінің бірі үйлестіруші мемлекет ретінде әрекет етеді, ал қалғандары қажет болған жағдайда оған қосыла алады деген шешімге келді. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше емес мемлекеттердің аумақтарында Біріккен Ұлттар Ұйымы бастамасымен жүргізілетін бітімгершілік операцияларында ҰҚШҰ бітімгершілік күштерін қолдану тәртібі нақты айқындалды. Үйлестіруші мемлекет мәртебесі Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінің шешімі бойынша кез келген мүше мемлекетке берілуі мүмкін, - деді сенатор Ғалиасқар САРЫБАЕВ.

Оның айтуынша, Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгершілік миссияларына қатысу үшін Хатшылықтың мақұлдауымен үйлестіруші мемлекетке квота бөлінеді. Квота алғаннан кейін ғана Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі сол елді Үйлестіруші мемлекет ретінде мақұлдай алады. Үйлестіруші мемлекет Біріккен Ұлттар Ұйымы қаражаты есебінен логистика, контингентті тасымалдау және қаржылық мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасайды.

- Әрбір (ҰҚШҰ-ға мүше) мемлекеттің Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгершілік миссияларына қатысуы ерікті және қатысу дәрежесін дербес шешеді. Жоғарыда аталған құжат Қазақстан Республикасының мүдделеріне сәйкес келеді және Ұжымдық күштерінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған, сондай-ақ жедел және уақытылы әрекет етуге мүмкіндік береді. Негізінен, Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық бітімгершілік процесіне белсенді түрде қатысып келеді және аталған хаттаманы ратификациялау біздің еліміз үшін маңызды құжат болып отыр. Сенаттың тұрақты комитеттерінен осы Заң бойынша ескертулер мен ұсыныстар түскен жоқ, - деді депутат.

Фото: odkb-csto.org. 

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Сергей Пономарёв: Роспуска Мажилиса и досрочных выборов не будет
Депутат Мажилиса Республики Казахстан о планах работы парламента в новом году
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
Нападение и грабеж в продуктовом магазине раскрыто в Алматы