Қазақтың өлгенінің жаманы жоқ, тірісінің өсектен аманы жоқ

5962 просмотров
0
Ратель
Суббота, 18 Янв 2025, 13:30

Тобыр десе шамданамыз тағы

- Баяғыда “өлімді жерде молда семіреді”, деуші еді. Қазіргі жұрт қаралы көштің айналасына топтанған қарға-құзғындай жиналып алып, қаза үстінде пендешіліктен әрі аспайтын әңгімеден жарыс ұйымдастыратын болыпты, - деп жазыпты жазушы Өміржан ӘБДІХАЛЫҚ “Жас Алашта”:

Читайте также
Крещениені тойлатып суға түсу – мұсылманға күнә

“Шын өлді ме, өтірік өлді ме” дегендей, тірісінде бетіне келе алмаған, кездесе қалса жорта мақтап, кібіртіктегендер көржерді қазбалап, оған қолы бос қазақтың бәрі қосылып ой бір құлақ тұндырып, ащы шуға басады-ай келіп...

Өліге топырақ шашатын мұндай шұбырынды сөздер легі қазаға қабырғасы қайысқансып, мүләйімсіп басталады...

Сәлден соң, ұлы дауға ұласады: “ортанқол жазушы ғой”, “сүйегін елге әкелу керек еді”, “тірісінде сөйтіп айтпап па еді”, “арысым-ай”, “айбыным-ай” деп келеді де – “сен оттамай отырға” көшеді...

Осындай дауға қарап тұрып, екі қолыңды төбеңе қойып, басың ауған жаққа безіп кеткің келеді екен.

Не деген бітпейтін сөз, не деген бітпейтін дау, қара орман елі қара жамылып, топырағы кеппей жатып, өтірік күңіренгенсіп, жоқтағансып, ішінен жылмаң қағып “әп бәлем” деп, бір емес, екі саусағын қатар бүгіп, сөзді созып, дауды қоздатып, “шоқ, шоқ, үр ит соқ” деп екпіндетіп...

Құдай сақтасын!

Жоқтағансудан бір үлкен жарыс басталғандай, құдды...

Сондағы алар бәйгесі, ананы тұқырттым, мынаны көтердім, елге жақсы атандым...

Читайте также
Ағамыз 60 жасында арақты қойды

Арысы қайтып, алып бәйтерегі құлап, қамыққанға ұқсамайды.

Сол баяғы иттей ырылдасып, бір-бірін иттей талап...

Безіп кеткің келмегенде не қалады сонда?!

Қара көшке бәрі төреші, бәрі би.

Өлім үстінде өмірдегі бір-біріне қыжылын шығарып, қышығанын қасу.

Сөйте отырып, жақсы атану. Өлімнен ұпай жинау. Жұртта да ес-ақыл қалмаған.

Бұқабай жазса, астында “ерім-айлап” қолдағансып қызыл кеңірдек боп жатады. Өлгеніңнен де есебімді қайтардым деп Бұқабай мәз. Жындыбай шығып, “Бұқабайды тірісінде тізесі батқан, ол соған орайлы сәт өлімі” деп отыр десе, түп қопарылып Жындыбайға ауа салады. Осылайша, адамның сабырлығына сын, үнсіздігіне сынақ, шын қайғысына демеу болар екі өмірдің ортасындағы көпірден өткізер шақтың да қазір әбден қадірі кетті. Көзі жұмылғанша қазаққа қызмет қылған, соның тілеуін тілеген, болашағына зор үміт сыйлаған алып сапарын аяқтап, Алатаудай шөгіп жатқандағы қалың елдің сиқы анау...

Читайте также
Қазақтар ақырындап Қазақстаннан қашып жатыр

“Қазақтың өлгенінің жаманы жоқ, тірісінің өсектен аманы жоқ”, деп Абай кемі бір жарым ғасыр бұрын айтыпты десе, адам сенбейді...

Бірақ біздің қазіргі өмір мен өлім шындығымыз да тура бұрынғы кеп.

Осы күні біз, тіпті қазақтың өлгенін де өсекке қосып, шотқа қағып, көрген қазған көртышқандай күйге түсіп кеткендейміз.

Абайдың қазағынан сорақы боп шыққандаймыз...

Тобыр десе шамданамыз тағы...

Солай енді.

Фото: facebook.com / omirzhan.abdihalyh.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

Президент Республики Казахстан о внутренней ответственности общества и государства
- Никто к нам не придет со стороны и не сделает Казахстан лучше вместо нас!
Встречи министров, старые убийства, интернет-мошенники, массовая драка и споры вокруг Кок-Жайляу
Что происходило в Казахстане и странах региона — коротко о самых обсуждаемых событиях за неделю
Если у вас нет паранойи - это не значит, что за вами не следят
Почему прослушка перестала быть шпионской экзотикой Жучки, скрытые микрофоны и слежка: как это работает
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Как настоящее ремесло может вернуть себе рынок?
Новый Евразийский совет открывает глобальные площадки для настоящих мастеров
Самые высокие цены на продукты - в Алматы, Мангистауской и Атырауской областях
Почему казахстанцы переплачивают за еду: разница цен на мясо, молоко и курицу между регионами достигла 30%
Курултай, дело Борейко, амнистия и аферы на миллиарды: главные новости недели
Политические реформы, громкие суды и аферы на миллиарды — главные новости недели
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай