Қазақстанның көлік полицейлері мереке қарсаңында қауіпсіздік шараларын күшейтеді

1783 просмотров
0
Ратель
Суббота, 07 Мая 2022, 11:00

Көліктегі полиция департаментінің жеке құрамы биылғы жылғы 7-10 мамыр аралығында еліміздің темір жол және әуе вокзалдарында, сондай-ақ жолаушылар поездарында қауіпсіздік шараларын күшейтеді

Бұл "Отан қорғаушылар күні" және "Жеңіс күні" мерекелерімен байланысты қолға алынған шара. Бұл туралы департамент бастығы Оңал Бекеев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Читайте также
Алматыда ардагерлерге берілетін біржолғы жәрдемақы екі есе ұлғайды

Оның айтуынша, мереке күндері әуе және теміржол көлігіндегі жолаушылар ағыны екі есеге артады. Осыған байланысты, көлік полицейлері құқықтық тәртіпті, азаматтардың қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз ету, сондай-ақ құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу бойынша іс-шаралар кешенін жүргізеді.

Сонымен қатар, ол осы іс-шара аясында маңызды нысандарды, арнайы мекемелерді, сондай-ақ әкімшілік ғимараттар мен үй-жайларды және халықтың тіршілігін қамтамасыз ету объектілерін қорғау күшейтілетінін айтты.

"Қоғамдық тәртіпті сақтауға және әуе, теміржол көлігімен қатынайтын жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тәулігіне департаменттің 1000-нан астам қызметкері жұмылдырылды. Басшылық құрам қатарынан жауапты лауазымды тұлғалардың кезекшілігі белгіленді", - деді О. Бекеев.

Ведомство басшысы өз сөзінде кинологтардың да қызметтік-іздестіру иттерін қолдана отырып, тұрақты түрде перрондарды, вокзалдар мен әуежайлардағы барлық багаж бөлімшелерін, сақтау камералары мен күту залдарын тексеретіндігін жеткізді.

"Көлік полициясы азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға және өз мүліктеріне мұқият болуға шақырады", - делінген Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Фото: Көліктегі полиция департаментінің.

Оставьте комментарий

Президент Республики Казахстан
«Стороны могли бы рассмотреть вариант заморозки боевых действий и возвращения к переговорам на основе “Стамбульской формулы 2.0”».
«Я сейчас чуть подвисла»: свидетельница Бажкеновой запуталась в своих показаниях в суде
Вопрос о сумме ущерба загнал Масальскую в угол
Город будущего построят в Алатауском районе Алматы
Что увидели журналисты во время пресс-тура по району
Землетрясение в Колумбии, мировые конфликты, свадебный бум, затмение, шведская контрразведка и ежи
Главное в мире: обзор СМИ
Поствыборный экзамен для партий: Виталий Колточник — о том, что показали съезды
О перезагрузке партийной системы Казахстана, феномене «семипартийности» и завершении эпохи партий одного человека
Выставки Билла Виолы ищут на картах мира. Теперь нужно искать Алматы
Его работы заставляют зрителя остановиться
Итоги недели в Казахстане: дело дольщиков, рейды МВД, громкий приговор и победы боксёров
Главные новости Казахстана и мира выпуске
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Курултай, дело Борейко, амнистия и аферы на миллиарды: главные новости недели
Политические реформы, громкие суды и аферы на миллиарды — главные новости недели
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай