Қазақстандық стримерлер TikTok-тан қанша табыс табады?

1292 просмотров
0
Ратель
Пятница, 04 Окт 2024, 14:00

TikTok деген нәрсе ақылды адамдар үшін табыс көзіне, ақымақ адамдар үшін бос шығынға айналып отыр

ТikTok платформасы түрлі трендттегі видеолардың ғана емес, бизнес пен табыс табудың таптырмас көзіне айналды. Қазақстандықтар ТikTok желісінде отыруға қанша ақша құртады және отандық тик-токерлердің табысы қанша екенін Мassaget.kz зерттеп көрді.

TikTok-тағы табыс көздері

Читайте также
Путин барда Ресей ешқашан дамымайды – саясаттанушы

TikTok желісінде табыс табудың бірнеше мүмкіндіктері белең алды. Олардың көбі контент жасаушылардың танымалдылығына және креативтілігіне байланысты түрлене береді.

  • Демеушілік және серіктестік келісімдер. Контент жасаушылар брендтермен серіктесіп, олардың өнімдерін немесе қызметтерін жарнамалайды. Танымал TikTok-ерлер бір видео үшін қомақты сома ала алады. Бұл TikTok-тің ең кең таралған және табысты табыс көзі.
  • Тікелей эфир сыйлықтары (Live Gifts). TikTok қолданушылары тікелей эфирде түрлі виртуалды сыйлықтар (гүлдер, монеталар, т.б.) жібере алады, ал бұл сыйлықтар кейіннен ақшаға айырбасталады. Контент жасаушы эфирлерді қызықты етіп ұйымдастырса, одан да жақсы табыс табуы мүмкін.
  • Креатор қоры (Creator Fund). Кейбір елдерде TikTok контент жасаушыларды қолдау үшін арнайы қор құрылған, бірақ Қазақстанда бұл бағдарлама әлі жоқ. Қордың көмегімен контент жасаушылар видео қаралымдарына байланысты табыс табады.
  • TikTok монетизация бағдарламалары. Кейбір елдерде TikTok-тің өзі белгілі бір талаптарға сай келетін контент жасаушыларға платформадағы белсенділігі үшін төлем жасайды. Бірақ бұл бағдарлама да әлі Қазақстанда ресми түрде жоқ.
  • Өнім немесе қызметті сату. Контент жасаушылар TikTok арқылы өз өнімдерін (мысалы, мерчандайзинг тауарлары) немесе қызметтерін (мысалы, тренингтер, кеңестер) жарнамалай алады. Бұл әдіс, әсіресе, қолөнермен, киіммен немесе креативті қызметтермен айналысатын адамдарға өте тиімді.
  • Серіктестік маркетинг (Affiliate Marketing). TikTok-ерлер басқа компаниялардың өнімдерін немесе қызметтерін жарнамалай отырып, сатылымнан немесе бағыттамадан комиссия алады. Видеоның сипаттамасында арнайы сілтемелерді қолданып, көрермендер сол сілтемені басқанда немесе өнімді сатып алғанда табыс түседі.
  • TikTok Creator Marketplace. Бұл платформа арқылы брендтер контент жасаушыларды таба алады және серіктес болуды ұсына алады. Бұл жерде контент жасаушылар өз бағасын белгілеп, брендтермен тікелей жұмыс жасай алады.
  • Қаржылай қолдау көрсету қызметтері. Көптеген TikTok-ерлер өз аудиториясына қаржылай қолдау көрсету үшін Patreon немесе басқа да платформаларды қолданады. Бұл әдіс әсіресе, тұрақты әрі белсенді аудиториясы бар контент жасаушылар үшін тиімді.
Читайте также
Бірнеше пәтері бар қазақстандықтар "сән-салтанат" салығын қалай төлейді

Стримерлердің бір күндік орташа табысы қанша?

TikTok эксперті Назерке ЕРКІНБЕК (Еrke Expert) еліміздегі стримерлер жайлы ойын айтып, олардың орташа табысы жайлы өзінің болжамымен бөлісті.

"Қазақстанда стримерлер бір күнде кемі 100 мың - 1 миллион арасында қаражат табады. Бірақ бұл тұста мен стримерлердің екі түрін бөліп қарастырамын: экологиялық және экологиялық емес. Экологиялық емес стримерлер баттл арқылы, ойын ойнап, бір-бірімен ұрысып, бір-бірінің бетін жұлып, арасында әдейі ұйымдастырылғаны да, кездейсоқтары да бар жарысып кездесу өткізеді. Оны көрген жұрт соған қызығып сыйлықтар, стикерлер жібереді. Халықтың ақшасын алады. Бұл TikTok үшін тиімді. Себебі, стикерлер арқылы оны сатып алып отырған халықтан белгілі бір пайыз ұстайды. Ал экологиялық стримдер кәсіпкерлерге, нишасы бар, белігілі бір мақсаты бар жандарға арналған түрі деп атауымызға болады. Олар тікелей эфирде өз өнімдерін ұсыну арқылы табыс табады", - дейді сарапшы.

"Халықта ақша жоқ деген өтірік нәрсе"

TikTok көрермендері тікелей эфирге шығатын стримерлерге сыйлық (стикер) жіберу үшін өз қалталарынан ақша төлейді. Бұл қалай жүзеге асады?

Ең көп таралған виртуалды сыйлықтың құны (роза) - бір монетадан, ал ең қымбаты - 39 999 монетадан (TikTok stars) тұрады.

Теңгелей есептейтін болсақ, 20 монета=149₸; 65 монета=499₸; 330 монета=2490₸; 660 монета= 4990₸; 1321 монета=9990₸; 3303 монета=24 990₸; 6607 монета= 49 990₸; 16 500 монета= 129 990₸ қаражатты құрайды.

TikTok эксперті аталмыш стикерлерге ақша құртатын қазақстандықтардың ісін сынға алып, еліміздегі адамдардың ақшасы жоқ дегенге сенбейтінін айтты:

"Өткендегі Мұрат ӘБДІЛДА мен Сампоның стримінен кейін біз халықта ақша жоқ деген нәрсенің өтірік екенін көрдік. Өйткені, Мұрат Әбділда бір стрим арқылы елімізде бірден рекорд орнатты. Қандай қымбат монеталарға алынған сыйлықтар жіберілді. Халық - бай. Стримде стикер жіберетін адамдар құмарлыққа салынып кеткен. Сыйлықтар жіберу арқылы адамдар белгілі бір дофамин деңгейін алады. Оларды тоқтату мүмкін емес. Сыйлық үшін TikTok-қа миллиондап ақша салып тастағандар бар. Бұл бір - мисыздық", - деп қосты Ерке Эксперт.

"Мұрат Әбділда 18 минутта миллионер атанды"

Сарапшы маман блогер Мұрат Әбділданың бір стримнен қанша қаражат тапқанын нақты атады.

"Мұрат Әбділдамен түсірген подкастымызда осы туралы ашық сөйлестік. Оны 10 миллионнан асырып ақша тапты деген әртүрлі жаңсақ пікірлер тарауда. Бірақ Мұрат Әбділда 18 минутта таза 5,5 миллион қаражат тапты. Жалпы түскені 10 миллионнан асқанымен, TikTok комиссиясы және тағысын-тағыларымен осынша қаражат тауып отыр. Тіпті Мұрат Әбділданың өзі сыйлықтарға ақша құртып сатып алатындарды түсінбейтінін айтып, сынға алған еді. Расымен TikTok деген нәрсе ақылды адамдар үшін табыс көзіне, ақымақ адамдар үшін бос шығынға айналып отыр. Дұрыс функцияларын үйреніп ақшаны дұрыс табуды, жұмсауды үйренген дұрыс", - деп қосты маман.

Читайте также
Амалы қалмаған ақтөбелік өз ағзасын сатпақ болды

Қазақстан TikTok-қа шектеу қоя ма?

TikTok платформасына кей мемлекеттер шектеу қойған болатын. Мәселен Үндістан, Пәкістан, Ауғанстан, Индонезия, Иран сияқты елдер және Еуропада Ұлыбританияда платформаның бірқатар функцияларына тыйым салды.

Ал бізде кеше ғана, 3-қазан күні сенатор Геннадий ШИПОВСКИХ Қазақстанда TikTok платформасын бұғаттауды ұсынған болатын. Оның айтуынша, балалардың психикасы мен жалпы денсаулығына теріс әсер ететін, сондай-ақ киберқауіпсіздік пен деректердің құпиялылығына қауіп төндіретін бейнекөріністер платформада кеңінен таралуда. Өз жолдауында Геннадий Шиповских Франция, Канада, Қырғызстан сияқты көптеген елдер TikTok-ты пайдалануды шектеу жөнінде шаралар қабылдағанын атап өтті.

"TikTok платформасы экстремизмді, радикализмді, сепаратизмді, шектен тыс қауіпті және моральдық құндылықтарға қайшы контенттерді анықтау және шектеу бойынша нақты алгоритмді ұсынуы керек. Сондай-ақ TikTok платформасы жас балаларды онлайн қауіпті контенттен қорғау мақсатында YouTube Kids секілді балаларға арналған арнайы желі ұсынуы тиіс", - деді ол.

Сенатордың жолдауына дейін Қазақстанда TikTok-ты бұғаттау туралы ұсыныстар бірнеше шенеуніктер мен депутаттар тарапынан да көтерілген еді.

Еске сала кетейік, бұған дейін желідегі балағат сөздері үшін 4,5 жылға бас бостандығынан айырылған блогер Мұрат Әбділданың түрмеден шығып, бір түнде TikTok арқылы миллионер атанған.

Фото: depositphotos.com.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Регистрация для комментариев:



Вам отправлен СМС код для подтверждения регистрации.




журналист
Марафондарыңды… Сендер айдалаға барып жүгіріңдерші. Көше жауып, пробка жасамай.
Сможет ли Трамп заставить казахские власти суетиться
Тарифная война - это так плохо, что даже и хорошо
Казахстанские госслужащие продолжают объявлять госзакупки георгиевских лент ко Дню Победы
При этом называют её казахстанской патриотической голубой лентой
Как Жакип Асанов поспособствовал беспределу МФО
Почему нужно допросить сенатора в ходе расследования мошенничества микрофинансовых организаций
Ходоки из Сеула у министра энергетики
Корейцы первыми пожаловались на дешёвую нефть для казахстанских заводов
Штрихи к портрету экономики Казахстана
Количественные характеристики
AMERICA IS BACK
США переходят от модели глобального одностороннего доминирования и мирового шерифа к знакомой парадигме самодостаточного лидера
Подгорное: чем ныне живёт старый казачий выселок, откуда уехали русские
Живописный Казахстан: взгляд Андрея Михайлова
Алма-Ата и Алматы. Гендерное неравенство в городских названиях
Пища для размышлений
С нашей системой раннего обнаружения огня мы спалим Париж
Эффективность сплагиаченного из глобальной системы GLOFAS сайта для отслеживания паводков Tasqyn тоже поражает, не говоря уже о судебном кабинете
Казахстанская энергетика: перезимовали… Что дальше
В южных регионах Казахстана уже в первой половине апреля отключили отопление
За что актюбинский нотариус набросился на юриста
Причиной могла стать денежная клиентка
В ВКО бухгалтер перепутала 155 миллионов тенге и 200 тысяч
После запроса Ratel.kz план госзакупок пришлось срочно корректировать
Стройка BI Group в центре Караганды: при чём тут Дарига Назарбаева
Жители города продолжают выступать против застройки участка возле парка
В СКО 99-летнего ветерана войны нашли на улице с серьёзными переломами
Василий Макиенко был доставлен машиной скорой помощи в многопрофильную больницу Петропавловска
Суд по делу Шерзата Полата может затянуться на два месяца, считают его адвокаты
А родные подростка, возможно, не будут участвовать в  дальнейших судебных разбирательствах
Алматинка 14 лет назад взяла более 300 млн в банке и сейчас должна столько же, несмотря на продажу дорогостоящего имущества. Часть 2
Ужасающая и нескончаемая история банковского рейдерства
Как охранники разворовывали "АрселорМиттал Темиртау"
В 2016 году члены банды вахтёров расстреляли шахтёров в Степногорске
Когда правительство возьмётся за яйца
Прагматично-патриотическое молодёжное движение издало "Ежедневник строителя Второй Республики" с цитатами президента
Исповедь молодого сантехника и молодого акима. Часть 1
- ВЛАДИМИР, огромное Вам человеческое спасибо от всей души и чистого сердца, самое главное здоровья и ещё раз здоровья. На таких людях как Вы, города и держатся. Профессионалов как Вы, необходимо ставить руководителями, которые знают проблему из внутри. Ещё раз ОГРОМНОЕ СПАСИБО!!!!!!!
Когда правительство возьмётся за яйца
- Просто шедевральная статья. Особенно в точности описывает функции партий, которые описаны в данной статье. Изречения которые должны быть прочитаны и приняты во внимание. Самое главное чтобы данный ежедневник был прочитан и принят во внимание. (Про выражение где фигурирует Троцкий просто ШЕДЕВРАЛЬНО и в точку)...
Отчего после публикаций Ratel.kz нервничают в ТОО "AB Energo"
- Сергей, ОГРОМНОЕ Вам спасибо за новое расследование. Всегда держите в напряжение. Ожидаем продолжение... (Интересно, что скажет ещё на это и ГУ "Аппарат акима Абайского района Карагандинской области)
Премьер Смаилов как аманат Назарбаева
- Спасибо большое , здоровье и удачи Вам и Вашим близким, то что Вы творите лучше всех государственных программ по воспитанию . Готовая программа к действию для улучшения жизни населения. Огромное удовольствие что у нас имеется такие журналисты и такой коллектив.
Депутатский запрос фракции "Ак жол": чем комитет гражданской авиации занимался пять лет
- Если случится ещё трагедия , то кого будут винить опять? Всех собак спустили на авиакомпанию Bek Air, хотя надо было просто решать проблему с незаконными постройками намного раньше этой катастрофы. Нельзя это так оставлять. Всех пересажать за коррупцию , кто являлся корнем проблемы!
Все дороги ведут в Каражал: горькая начинка "сладкого пирожочка"
- Огромное спасибо автору за проделанную работу! Только в нашей группе более 100 человек постравших от этой компании в лице гендиректора Максата Токмагамбетова, бессовестного, наглого мошенника, который почему-то до сих пор остаётся безнаказанным, хотя прокуратура и следственные органы завалены сотнями, сотнями заявлений пострадавших. Но мы не остановимся и будем добиваться, чтобы этот "человек", наконец-то, понёс наказание!
Как аким Досаев уничтожает Алматы и рейтинги президента Токаева
- Каменское плато- в р-не обсерватории идет застройка, хотя весной сошел оползень на ул Алмалыкской. Акимат частично помог организовав сброс воды с вышележащего участка на нижнюю часть улицы и домовладельцу в расчистке. Но других мер по предотвращению развития оползневой зоны не принято. Вырублен сад, на месте его строится элитный комплекс Вилла Белгравиа. Летом, здесь нехватка воды, отключения электроэнергии, что будет при вводе в эксплуатацию этого, т.к.доп коммуникаций застройщик не делает.