Оның айтуынша, ауыл халқын медициналық көмекпен қамтамасыз ету үшін 137 тірек елді мекенде фельдшерлік-акушерлік, медициналық пунктер мен дәрігерлік амбулаториялар ашылады. Бұған жалпы сомасы 8,2 миллиард теңге қарастырылған.
"Бұған қоса, біз кемінде 20 заманауи аурухана мен 2 ғылыми-инновациялық орталық құрылысы бойынша инвестициялық жобаларды жүзеге асырып жатырмыз", - деді Цой үкімет отырысында.
Бұдан бөлек, ведомствоға бағынышты және өңірлік медициналық ұйымдардың инфрақұрылымын дамыту үшін 20 нысан салу және жаңғырту жоспарланған. Бұл жұмыстарға 85 миллиард теңге көзделіп отыр.
Сондай-ақ министр медицина саласын кадрмен қамтамасыз ету үшін жыл сайын 7,5 мыңнан аса дәрігер мен 24 мың орта медицина қызметкері даярланып шығатынын айтты.
Фото: indiamedtoday.com.