Қазақстан Президенті АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысын қабылдады

1907 просмотров
0
Ратель
Воскресенье, 02 Фев 2020, 18:45

Майкл Помпео елімізде қолға алынған саяси реформалар жайында жылы пікірін айтып

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ "Ақорда" резиденциясында Нұр-Сұлтан қаласына ресми сапармен келген АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Майкл ПОМПЕОНЫ қабылдады, деп хабарлайды ҚР Президентінің ресми сайты.

Читайте также
Болевой порог министра Нурымбетова

Мемлекет басшысы америкалық дипломатқа ілтипат білдіріп, екі ел арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнаған кезден бастап екіжақты ықпалдастықты дамытуда мол табысқа қол жеткізілгенін атап өтті.

– Америка Құрама Штаттары – Қазақстанның тәуелсіздігін алғашқылардың бірі болып мойындаған ел. Біз бұл тарихи фактіні үнемі есімізде ұстаймыз. Мемлекеттеріміз арасында көптеген бағыт бойынша, оның ішінде, ядролық қаруды таратпау, халықаралық терроризммен күрес және экономикалық ынтымақтастық секілді салаларда тығыз қарым-қатынас орнаған. Сонымен қатар өзара ықпалдастығымызды одан әрі дамыту мақсатында пайдалануға болатын әлеуетіміз де бар, – деді Қазақстан Президенті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йорк қаласында өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының 74-сессиясы кезінде АҚШ Президенті Дональд ТРАМППЕН кездескенін атап өтіп, Америка көшбасшысына өзінің сәлемін жолдады. Сондай-ақ Қазақстан Президенті америкалық әріптесімен әлемнің кез келген жерінде кездесуге дайын екенін, дегенмен, бұл жүздесудің Қазақстанда өткенін жөн санайтынын айтты.

Тараптар барлық бағыт бойынша, оның ішінде сауда, инвестиция, IT-технология, демократиялық құндылықтарды ілгерілету және халықаралық терроризмге қарсы іс-қимыл салаларындағы екіжақты байланыстарды тереңдетудің маңыздылығын атап өтті. Мемлекет басшысы Қазақстанда Ауғанстан бойынша арнайы өкіл лауазымын ашуға ниетті екенімізді айтты. АҚШ-тың сыртқы саяси ведомствосының басшысы Қазақстан Президентіне қонақжайлық көрсеткені үшін алғысын айтып, екі елдің экономика, халықаралық бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау бағыттарында дәстүрлі әрі сенімді серіктестік қалыптасқанын жеткізді.

Читайте также
Второго пилота Bek Air подвергали многочасовым допросам

– Біздің экономикалық байланыстарымыз өте жақсы. Екі ел арасында тікелей әуе қатынасын ашу мүмкіндігі қарастырылуда. Энергетикалық бағыттағы ынтымақтастықтан бөлек, басқа да салалардағы байланыстарды өркендету үшін әлеуетіміз зор. Президент Дональд Трамп сізге сәлем жолдады. Бүгін осында өзіңізбен кездескеніме қуаныштымын, – деді Майкл Помпео. Америкалық дипломат Қазақстанның "Жусан" операциясы аясында Таяу Шығыстағы қақтығыс аймағынан өз азаматтарын қайтарып алғанын жоғары бағалады. Ол еліміздің Ауғанстанда бейбітшілік орнатуға, оның экономикасы мен адами әлеуетін күшейтуге қосқан үлесіне тоқталды.

Майкл Помпео елімізде қолға алынған саяси реформалар жайында да жылы пікірін айтып, оның іске асуына сәттілік тіледі. Сонымен қатар тараптар өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады. АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Американың Орталық Азияға қатысты жаңа Стратегиясының негізгі ережелері туралы мәлімет берді. Мемлекет басшысы С5+1 (Орталық Азиядағы бес ел + АҚШ) диалогы форматының маңызды екенін атап өтіп, оның 3 ақпанда Ташкентте өтетін кезекті отырысының табысты болатынына сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Майкл Помпео Әуе қатынастары туралы үкіметаралық келісімге қол қойылғанын құптады. Аталған құжат "ашық аспан" қағидаттарына жауап береді, сондай-ақ, Қазақстан мен АҚШ арасында тұрақты әрі тікелей әуе рейсін ашу үшін құқықтық негіз қалады.

KAZINFORM.

Фото: Акорда.

Депутат Курултая:
«Статус врача – это вопрос биологической и национальной безопасности»
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
Как отличить послеродовой психоз от депрессии и когда необходима срочная помощь – мнение специалиста
Когда «нет» перестают слышать
Адвокат Асқат Сулубек о границе между заботой и насилием, отношениями и контролем, вниманием и преследованием
Дружба, ставшая искусством: Мари‑Пьер Лере выступит в Алматы в память о Денисе Тене
Азербайджан отверг сообщения о причастности к шпионскому делу бывшего главы разведки Германии
В Баку назвали публикации зарубежных СМИ дезинформацией и попыткой навредить отношениям с Берлином
После землетрясения в Алматы: почему нельзя покупать и продавать недвижимость на эмоциях
Как страх меняет спрос на квартиры и дома, влияет на цену сделки и может стоить собственнику или покупателю миллионов тенге
Токаев и новая геометрия Казахстана: Берлин, средняя держава, Совбез и общественный контроль
Виталий Колточник - о внешней политике Казахстана, новом Совбезе и перестройке государства
ООН как зеркало раскола: почему главные договорённости всё чаще ищут за пределами Нью-Йорка
Протесты в Европе, атаки на аэропорты и танкер, разводы и скандалы
Главное в мире
Совет Безопасности становится вторым стратегическим контуром Президента Токаева
Тандем Карин - Балаева в этой конфигурации один из центральных элементов новой политической архитектуры
«Мүсіндер» в Almaty Museum of Arts: как казахстанская скульптура рассказывает нашу историю
Скульптура – это то, обо что вы спотыкаетесь, когда отходите назад, чтобы рассмотреть картину
Китаист Алексей Маслов  о климате, ресурсах и новых правилах игры
Китай меняется - и соседям надо готовиться
Город будущего построят в Алатауском районе Алматы
Что увидели журналисты во время пресс-тура по району
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай