Қазақша сөйлетудің «рузалық» тәсілі

3303 просмотров
0
Марат АСИПОВ
Понедельник, 06 Ноя 2017, 17:00

Бұзақы әдіспен мемлекеттік тілді үйрету неге әкеп соғады?

Читайте также
Орыс көрерменге ашаршылық тақырыбын ашқан қазақ

Қыркүйек айының соңында «Ұлт тағдыры» қозғалысының төрағасы Дос КӨШІМ мемлекеттік тіл туралы заңды қайта қарау қажет деген болатын.

Неге деген сұраққа келтірген дәлелі төмендегідей. «Мәселен Павлодарда Руза БЕЙСЕНБАЙТЕГІ деген белсенді азаматша шықты. Мен ол қызды «Ұлт тағдыры» қозғалысының Павлодар облыстық филиалының басшысы еткен едім, бір кездерде. Сол қыз жалғыз өзі Павлодарда мемлекеттік тіл үшін күресіп жүр. Біз жиындарымызда осы Рузаны мысалға келтіре отырып, қазақ тілділердің шыдамы таусыла бастағанын, енді олар кез-келген қазақстандық азаматтан тілді талап ете бастайтынын ескертеміз».  

Бұл сөздердің шынында  жаны бар екен. Өткен аптада Руза Бейсенбайтегінің шыдамы таусылды. Ол трамвайда қазақ тілінде қызмет көрсетпегені үшін қоғамдық көлікті 35 минутқа тоқтатып тастады. Трамвайдың жолында тұрып алып. Біздің Павлодардағы тілшіміз Джамиля МАРИЧЕВАНЫҢ хабарлауынша, полиция қызметкерлері сыпайы түрде акцияны тоқтатуды сұрап, Р.Бейсенбайтегіне  ұсақ бұзақылық жасағаны үшін  434 бап бойынша айып таққан. Бұл бап бойынша 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады, я болмаса 10 тәулікке дейін қамауға алынады.

Р.Бейсенбайтегі көп жылдан бері қазақ тілінің жаппай қолданысқа енуі үшін күресіп жүр. Қоғамдық қызмет көрсету орындарында қазақша сөйлемегені үшін түрлі қарекетке барды.  Тұрмыстық техника сататын дүкенге бойкот жариялады, аштық жариялаймын деп те қорқытты, кейбір ісі сотқа дейін жеткен.

Руза ханым белгілі  математик Давид ГАНЕЛИНДІ сынағандардың бірі болған еді. Давид Григорьевич әлемдік олимпиададан жүлде алған оқушыларды дайындаған білікті ұстаз. Ол кісі  бар-жоғы мектепте әнұранды айтудағы  тәртіптерді мысқылдаған. Мектепте мұғалімдердің көбі әйел адамдар. Сондықтан да оң қолымен кеудесін ұстау қаншалықты дұрыс деген сияқты. Алайда, мұғалім сынның астында қалып, артынша мектептен кетіп, ақыры дүние салды. Талантты ұстаздың шәкірттері беделді олимпиадада 30-рет әнұранды шарықтатқаны сыншылардың «арынын» баса алмады.  

  

Читайте также
Қазақстанда латын графикасында алғашқы басылым шықты

Қазақ тілінің сойылын соғатындардың көбі бұрыңы өкпелерін айтады. КСРО кезінде қазақтар өз ана тілінде сөйлесе, орыс тілінде сөйле деп айтатын деген. Ал енді қазір сол өкпелеткендердің балалары мен немерелерінен қазақша сөйле деген талап қойылып жатыр. 

Айтпақшы, сол КСРО кезінде қазақ азаматын орыс тілін білмегені үшін жұмыстан шығарыпты дегенді естімедім. Ары кетсе – трамвайдағы дөрекелік деп бағаланған. «Оңбаған басқыншылар» мемлекеттік тілді өзге ұлт арасында адам қорлайтындай сынап-мінеу арқылы насихаттаған жоқ.

Ол кезде «орысша сөйле» деген сөз қазақтардың намысына тиісе, қазір орыстардың да шамына тиіп, өкпелетеді. Мені мазалайтын сұрақ: өзге ұлт өкілдерін күштеп, қорқытып қазақ тілін үйретуге бола ма? 

Тілдің күрескерлері мемлекеттік тілді білмегені үшін сатушы, стюардесса, медбике, есепші, дәрігерлерді  жұмыстан кетуіне қол жеткізсе, формалды түрде дұрыс. Ия, заң бойынша қазақ тілінде талап етілсе, сол тілде қызмет көрсетілуі тиіс.

Жарайды, сол адамды қазақ тілін білмегендіктен жұмыстан шығардық. Ол адам: «Бұған кінәлі өзім. Қазақ тілін үйренуім керек еді» демейді. Бұндай сөзді оған туыстары, достары, таныстары да айтпайды. Керісінше, сол жұмыстан шығып қалған адамның айналасындағылардың 99,9 пайызы Ресейге кету жағын ойлауы мүмкін.

Патриоттарға азаматтарымыздың елден кетуі жаман үрдіс екенін нандыру әурешілік. Жағдай тіптен қиындауы ықтимал. Украинадағы шығыс облыстарындағы өз қандастарымызды қорғаймыз деп, майдан ашқан «орыс әлеміне» сепаратизмнің жаңа ошағы қажет-ақ.

Читайте также
В Павлодаре будут судить «патриотку казахского языка» за хулиганство

Қазақстанда мемлекеттік тілді қолданысқа еңгізудің «рузалық» тәсілін жақтаушылар көбейген сайын, «орыс әлемін» қолдаушылар қатары арта түседі.  

P.S. Руза Бейсенбайтегі феномені шенеуніктердің тіл заңын орындамағандықтан шығып отыр. Жергілікті шенеуніктер трамвай аялдамаларын айтатын хабарламаларды екі тілде жазғызбаған. Р. Бейсенбайтегінің айтуынша, тіл туралы заңның бұзылғаны туралы 52 рет шағым жазған. Қоғамдық көлікті тоқтатып тастамағанша ешкім оған назар аудармаған. Тіпті, қалалық әкімшілік те.

Анығы, бизнес нысандарына қысым көрсетіп, ақша жасап үйренген, сенбілік пен түрлі «өтірік» шараларды атқару, қазына қаражатын шашуды білетін шенеуніктерге қазақ тілін қорғау қызық емес.

Регистрация для комментариев:



Вам отправлен СМС код для подтверждения регистрации.




Чемпионка Итогового турнира WTA-2025
Я горжусь представлять Казахстан и дарить вам эмоции и победы. Особенно радуюсь, когда вижу, что всё больше ребят берут в руки ракетки. Если моя игра вдохновляет вас мечтать, трудиться и верить в себя это моя самая большая победа.
ЦУР Алматы – победим бедность, болезни и станем равными
150 инициатив НПО по 26 задачам ЦУР на сумму 9,36 млрд тенге – каков результат?
Предложить США ничего не могут, а для России и Китая ставки слишком высоки
Экспертная оценка встречи Дональда Трампа с Си Цзиньпином в Южной Корее
Как Кайрат Нуртас провел 10 лет между двумя концертами на стадионе
От вступления в партию «Нур Отан» до свадьбы на Мальдивах и пятнадцати суток ареста
Станет ли озеро Балхаш зоной туризма?
В Карагандинской области создают туристическую индустриальную зону
Катастрофа Fokker-100 авиакомпании Bek Air: кто виноват, если пилоты – герои?
В алматинском суде прошли прения, сегодня состоится оглашение приговора
Кто изгнал стаи ворон из Алматы?
Живописный Казахстан: взгляд Андрея Михайлова
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
От запрета фонограмм до аттестации школ
Почему гуманитарная реформа рискует остаться на бумаге
КНР в Центральной Азии: инвестиции или долги?
Китай предлагает региону новую модель экономики
В Казахстане снижаются инфляционные ожидания, а тенге укрепляется
Эксперты прогнозируют паузу в изменении базовой ставки
Роберт Зиганшин: «У каждого маньяка – своя мелодия»
Автор музыки к нашумевшему сериалу «5:32» о кино, деньгах и вдохновении
Три больших трека в сотрудничестве Казахстана и США
Для казахстанской стороны критически важно, чтобы санкции не были барьером
Когда правительство возьмётся за яйца
Прагматично-патриотическое молодёжное движение издало "Ежедневник строителя Второй Республики" с цитатами президента