Қасым-Жомарт Тоқаев әлем бетпе-бет келіп отырған үш бірдей сын-қатерге назар аудартты

1569 просмотров
0
Ратель
Четверг, 23 Сен 2021, 12:00

Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясы 76-сессиясының Жалпы дебаттарында сөз сөйледі

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ БҰҰ Бас Ассамблеясы 76-сессиясының Жалпы дебаттарында "Болашаққа сенім – өмірге төзімділікті күшейту: COVID-19-дан кейінгі қайта жаңғыру, орнықты қалыпқа келу, әлем қажеттіліктерін қанағаттандыру, адам құқықтарын құрметтеу және Біріккен Ұлттар Ұйымының қызметін жандандыру" тақырыбында сөз сөйледі, деп хабарлайды Акорда.

Читайте также
Сәбит және оның командасы

Мемлекет басшысы өз сөзінде әлем бетпе-бет келіп отырған үш бірдей сын-қатерге назар аудартты. Олар: COVID-19 пандемиясынан кейін қайта қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай.

– Экономикалық және әлеуметтік салдары әлі де ауыр болып отыр. Жұмыссыздық белең алып, миллиондаған адам күн көріс табысынан айырылды. Қазіргі таңда 130 миллионнан астам адам кедейлікке тап болып отыр. Даму саласындағы ілгерілеуге кеткен талай жылдар құрдымға кетуі мүмкін. Пандемия көптеген салаларда осал тұстарымызды айғақтап, мультилатерализм мен халықаралық ынтымақтастықтың аса маңызды екенін анық көрсетті.  Біз барынша әділ, орнықты әрі гуманистік әлем қалыптастыруға міндеттіміз. Вакцинаға қолжетімділіктің жалпыға ортақ әрі әділ қағидасын қамтамасыз етуден бастау қажет. Бұл мәселені шешуде жаһандық этика мен ниеттестікті басшылыққа алған жөн, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент вакциналарға жаһандық қолжетімділікті барынша әрі тез кеңейтуді ұсынып, вакциналармен екіжақты негізде немесе COVAX жүйелері арасында бөлісуге дайын екенін жеткізді.

Мемлекет басшысы көмірқышқыл газдың өте жоғары деңгейіне, ормандардың өртке орануы, циклондар, су басу мен құрғақшылық адамдарға апат алып келетін қалыпты жағдайға айналып отырғанын атап өтті

– Теңізге шығатын жолы жоқ ірі мемлекет болып саналатын Қазақстанның климаты тез өзгеріп жатыр, сонысымен халқымыз бен экономикамызға қауіп келтіруде. Соңғы 75 жылдың ішінде жылдық орташа температура 2 градуска жылынып, қазіргі уақытта әр бес жыл сайын қуаңшылық болып келеді. Осыған байланысты Қазақстан 2060 жылға қарай көміртегінен таза ел болуды көздейді. Келесі айдан бастап біз 2008 жылғы деңгеймен салыстырғанда ішкі жалпы өнімнің энергия шығынын 50 пайызға азайтуға бағытталған 2050 жылға дейін көміртегі аз ұлттық стратегияны дамытуды бастаймыз, – деді Қазақстан президенті.

Читайте также
Атырауда дәрігерлер жүрегі екі рет тоқтап қалған адамды құтқарып қалды

Ауғанстан жағдайына тоқталған Мемлекет басшысы келіссөздер өткізу арқылы инклюзивті және сайланған жаңа үкімет құру жөніндегі БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің үндеуін құптайтынын айтты.

– Қазақстан Ауғанстанның болашақта өз ішінде бірлігі жарасқан және көршілерімен тату тұратын тәуелсіз әрі егемен мемлекет болғанын қалайды. Ауғанстан өзінің халықаралық міндеттемелерін орындауды жалғастырып, ел аумағын террористтер, есірткі тасымалдаушылар мен адам саудасымен айналысатындардың ошағына айналдырмауы тиіс. Өзіміздің саяси немесе жеке пікірлерімізге қарамастан, Ауған халқының тағдырына бей-жай қарай алмаймыз. Ауғанстандағы ауыр гуманитарлық жағдайға баса мән беруіміз қажет. БҰҰ мекемелері мен басқа да гуманитарлық ұйымдарға жылдам, қауіпсіз әрі кедергісіз гуманитарлық қолжетімділік берілуі тиіс, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан Ауғанстанға көмек көрсету жөніндегі БҰҰ Миссиясы және БҰҰ-ның Ауғанстандағы басқа да бөлімшелерін дер кезінде көшіріп алды. Ауғанстанға гуманитарлық көмек жеткізу үшін тасымалдау алаңын ұсынуға және қомақты үлес қосуға дайын екеніміз туралы да айтты.

Президент БҰҰ-ның күн тәртібіндегі басқа да бірқатар маңызды мәселелерді көтеруге ниетті екенін, соның ішінде қарусыздау саласындағы жұмыстарды жандандыру қажеттігін алға тартты. Қазақстан ядролық қаруы бар мемлекеттерді Біріккен Ұлттар Ұйымының 100 жылдығы қарсаңында, яғни 2045 жылға дейін ядролық қарудан толық бас тартуға үндейді.

Мемлекет басшысы Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының мәліметіне сүйеніп, биыл 270 миллион адам азық-түлік тапшылығын сезінетінін атап өтті.

Читайте также
Қазақстандық ғалымдар Альцгеймер және Паркинсон ауруларына қарсы дәрі жасап жатыр

– Қазақстан – ірі бидай өндіруші және экспорттаушы ел. Сондай-ақ Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының негізін қалаушылардың бірі. Оның төртінші Бас ассамблеясы өткен айда елордамызда өтті. Біз орнықты ауыл шаруашылығының жарқын болашағы үшін шетелдік инвесторларды өзімізге шақырамыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, орнықты даму экономикалық өсімге ғана емес, сондай-ақ әлеуметтік және саяси дамуға да байланысты. Қазақстан 30 жыл ішінде кемеліне келген, тәжірибелі мемлекет болды. Демократияға бейілдігін нығайтуға және азаматтардың басқару ісіне кеңінен атсалысуына ықпал етуге ұмтылады.

– Біз бұл жетістіктермен тоқтап қала алмаймыз. Мақсатымыз – мемлекеттің тиімділігін, саяси үдерістің ашықтығы мен бәсекеге қабілеттілігін одан әрі арттыру. Саяси және экономикалық реформалар әрі қарай қарқынды дами береді. Биылғы қаңтарда Қазақстан Өлім жазасын жоюға бағытталған азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің Екінші Факультативтік хаттамасын ратификациялады. Маусымда Үкімет Адам құқығы саласындағы кезек күттірмейтін шаралар жоспарын бекітті. Онда ұзақмерзімді институционалды негіз қаланды. Халықаралық серіктестерімізбен тығыз ынтымақтаса отырып, адам саудасын түбегейлі жою үшін бар күш-жігерімізді жұмсаймыз. Бұл жаһандық ынтымақтастықты қажет етеді. Біз 2022-2024 жылдары БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің құрамына ену үшін өз кандидатурамызды ұсындық. Сайланған жағдайда Қазақстан Кеңес жұмысына өз үлесін қосуға тырысады, – деді президент.    

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның өңірлік саясаты "Үлкен ойындағы" "нөлдік нәтиже" саясаты мен құқық күштінің жағында қағидатын біртіндеп шынайы ынтымақтастыққа және Азияның кіндігінде өмір сүретін халықтар үшін Зор Пайдаға ауыстыруға бағытталғанын мәлімдеді.

– Бұл әлемдік қоғамдастықтың Қазақстанмен және Орталық Азиямен белсенді ықпалдастық орнатуына мүмкіндік туғызады. Біз "С5+" форматында өңірден тыс жерлердегі негізгі елдермен аймақтық диалог орнатуға үлкен үміт артамыз. Осындай серіктестік қатынастар аясында су тапшылығын, оның сапасының бұзылуын және тиімсіз пайдаланылуын қамтитын су ресурстарына байланысты проблемаларға баса мән береміз. Өңіріміздегі су қауіпсіздігі энергетикаға, азық-түлік пен қоршаған ортаға тікелей байланысты. Өзге мемлекеттердің түрлі мүддесіне қарамастан, Қазақстан ортақ мақсатқа қол жеткізуге бағытталған стратегияларды үйлестіру үшін бұрынғыша өңірлік су-гидроэнергетикалық консорциум құруды ұсынады, – деді мемлекет басшысы.

Президент өркениеттердің еуразиялық тоғысында орналасқан Қазақстан бұрынғыдай тепе-тең, сындарлы сыртқы саясат ұстанатынын атап көрсетті.  

Регистрация для комментариев:



Вам отправлен СМС код для подтверждения регистрации.




баспагер
Құлдық сана дегеніміз – 500 мың теңге төлеп, қытай көлігін русификациялау.
Сможет ли Трамп заставить казахские власти суетиться
Тарифная война - это так плохо, что даже и хорошо
Как алматинские прокуроры превращают в фарс принцип "Закон и Порядок" и игнорируют поручения президента
Подчинённые Асылова вновь вернули уголовное дело в отношении ТОО "ЖелДорТранс-Актобе" на доследование
Как Жакип Асанов поспособствовал беспределу МФО
Почему нужно допросить сенатора в ходе расследования мошенничества микрофинансовых организаций
Кексель в судьбе Бишимбаева
Адвокат Куряченко считает, что в своё время Кексель руководила не только следствием, но и судом
Когда Казахстан выйдет из ОПЕК+
Что лучше: ужасный конец или ужас без конца?
Директор нотариальной палаты Актюбинской области ударила адвоката
Но привлекать к ответственности нервную директорку полиция не стала
Война Израиля с Ираном
Как всё начиналось
О самой высокой вершине, видимой с улиц Алматы
Живописный Казахстан: взгляд Андрея Михайлова
Полицейские в ВКО отлавливают нетрезвых прохожих, чтобы выписать протокол магазину
К такому выводу пришёл ряд бизнесменов региона
Исторический weekend. Позитивное брюзжание на тему туризма
Позитивное – потому что не с целью поругать, а с целью улучшить ситуацию
Снова об автомобильных дорогах Казахстана
Из выделенных 700 образовательных грантов на специальность “Транспортное строительство” поступил всего 41 студент
Популярный казахстанский певец требует опровергнуть пост из TikTok
Азамат Сыздыков подал в суд, но сторона ответчика не считает, что его оклеветали
В Петропавловске депутаты озаботились судьбой бездомных
Они считают необходимым расширить приёмник-распределитель, Центр адаптации и ночлежку
Депутат Базарбек, став свидетелем трагедии на пляже, заговорил о “диком” туризме
В полиции начали расследование условий безопасности на общественных зонах отдыха
Экс-судья Жолманова из Алматы приговорена к 10 годам тюрьмы
Ущерб от её действий оценивается в миллиард тенге
Как продавщица бутика магнитный съёмник прикупила
С этим приобретением женщина устроила бесплатный шопинг по фирменным магазинам
Вести с тарифного фронта: старушка Европа готова платить
Тарифные войны оказались яркими, но короткими
Когда правительство возьмётся за яйца
Прагматично-патриотическое молодёжное движение издало "Ежедневник строителя Второй Республики" с цитатами президента
Исповедь молодого сантехника и молодого акима. Часть 1
- ВЛАДИМИР, огромное Вам человеческое спасибо от всей души и чистого сердца, самое главное здоровья и ещё раз здоровья. На таких людях как Вы, города и держатся. Профессионалов как Вы, необходимо ставить руководителями, которые знают проблему из внутри. Ещё раз ОГРОМНОЕ СПАСИБО!!!!!!!
Когда правительство возьмётся за яйца
- Просто шедевральная статья. Особенно в точности описывает функции партий, которые описаны в данной статье. Изречения которые должны быть прочитаны и приняты во внимание. Самое главное чтобы данный ежедневник был прочитан и принят во внимание. (Про выражение где фигурирует Троцкий просто ШЕДЕВРАЛЬНО и в точку)...
Отчего после публикаций Ratel.kz нервничают в ТОО "AB Energo"
- Сергей, ОГРОМНОЕ Вам спасибо за новое расследование. Всегда держите в напряжение. Ожидаем продолжение... (Интересно, что скажет ещё на это и ГУ "Аппарат акима Абайского района Карагандинской области)
Премьер Смаилов как аманат Назарбаева
- Спасибо большое , здоровье и удачи Вам и Вашим близким, то что Вы творите лучше всех государственных программ по воспитанию . Готовая программа к действию для улучшения жизни населения. Огромное удовольствие что у нас имеется такие журналисты и такой коллектив.
Депутатский запрос фракции "Ак жол": чем комитет гражданской авиации занимался пять лет
- Если случится ещё трагедия , то кого будут винить опять? Всех собак спустили на авиакомпанию Bek Air, хотя надо было просто решать проблему с незаконными постройками намного раньше этой катастрофы. Нельзя это так оставлять. Всех пересажать за коррупцию , кто являлся корнем проблемы!
Все дороги ведут в Каражал: горькая начинка "сладкого пирожочка"
- Огромное спасибо автору за проделанную работу! Только в нашей группе более 100 человек постравших от этой компании в лице гендиректора Максата Токмагамбетова, бессовестного, наглого мошенника, который почему-то до сих пор остаётся безнаказанным, хотя прокуратура и следственные органы завалены сотнями, сотнями заявлений пострадавших. Но мы не остановимся и будем добиваться, чтобы этот "человек", наконец-то, понёс наказание!
Как аким Досаев уничтожает Алматы и рейтинги президента Токаева
- Каменское плато- в р-не обсерватории идет застройка, хотя весной сошел оползень на ул Алмалыкской. Акимат частично помог организовав сброс воды с вышележащего участка на нижнюю часть улицы и домовладельцу в расчистке. Но других мер по предотвращению развития оползневой зоны не принято. Вырублен сад, на месте его строится элитный комплекс Вилла Белгравиа. Летом, здесь нехватка воды, отключения электроэнергии, что будет при вводе в эксплуатацию этого, т.к.доп коммуникаций застройщик не делает.