Амалы қалмаған ақтөбелік өз ағзасын сатпақ болды

1611 просмотров
0
Ратель
Пятница, 27 Сен 2024, 14:00

Ол ішкі ағзасын 9 млн теңгеге бағалаған

Ақтөбе прокуратурасы әлеуметтік желіге талдау жүргізіп, өз ағзасын сатпақ болған адамды анықтады.

Читайте также
Путин барда Ресей ешқашан дамымайды – саясаттанушы

Қазір күдікті ұсталып, қылмыстық іс қозғалды, дейді ҚазАқпарат.

Ақтөбе облысы прокуратурасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Е. есімді азамат әлеуметтік желіге өзінің ішкі ағзасын сататынын жазып, хабарлама қалдырған. Кейін прокуратура қызметкерлері сол хабарлама иесін іздеп, тапты.

- 2024 жылдың 25 қыркүйегінде прокуратураның бастамасымен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шарасы аясында Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері өзінің ішкі ағзаларын 9 млн теңгеге заңсыз мәміле жасау арқылы сатпақшы болған E. есімді азаматты ұстады, - деп хабарлады Ақтөбе облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Қазіргі кезде осы істен соң Қылмыстық кодекстің 116-бабының 1-бөлігімен, яғни “Адамның ағзалары мен тiндерiн алып қоюға мәжбүрлеу немесе заңсыз алып қою” бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Айта кетейік, Қазақстанда ағза сату ісі бойынша қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Ал Ақтөбе облысы бойынша қазір өңірде 300-ден астам адам бүйрек, бауыр ауыстыруды қажет етеді. Алайда 6 жылдан бері мәйіттік донор отасы тоқтап тұр.

Фото: Canva.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Сергей Пономарёв: Роспуска Мажилиса и досрочных выборов не будет
Депутат Мажилиса Республики Казахстан о планах работы парламента в новом году
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
Подозреваемые, занимавшиеся кражей скота задержаны в Павлодарской области