Алматыдағы Сац атындағы орыс театрын 21 млрд теңгеге жөндемек

2573 просмотров
0
Акмарал ШАЯХМЕТОВА
Вторник, 07 Янв 2025, 15:00

Бастапқыда қала билігі тек косметикалық жөндеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлаған, бірақ кейін ғимаратты толығымен жаңарту жөн деп шешті

Алматы қалалық құрылыс басқармасы мемлекеттік сатып алу порталында "Наталия Сац атындағы мемлекеттік академиялық орыс балалар және жасөспірімдер театры" ғимаратына реконструкция жүргізу және оған қосымша құрылыс салу жұмыстарына лот жариялады. Өтінімдерді қабылдау 2025 жылғы 8 қаңтарда аяқталады. Лоттың жалпы сомасы – 21,7 млрд теңге. Бірінші жылға бөлінетін қаржы – 20,9 млрд теңге, ал қалған 883 млн теңге екінші жылға қарастырылған. Реконструкцияның уақыты – 16 ай, мердігер олқылықтарды жоюға міндетті болатын ал кепілдік мерзімі – 7 жыл.

Читайте также
Жылан жылы қазақ халқы үшін тосын өзгеріс болады – этнограф

Сац атындағы жасөспірімдер театрын реконструкциялау жобасы техникалық жағынан күрделі нысандар санатына жататындықтан, мердігерге бірнеше талаптар қойылады:

  • I санатты құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге рұқсаты болуы,
  • қаржылық тұрақтылыққа ие болуы,
  • салықтық қарыздары болмауы.

Алайда құрылыс саласындағы мемлекеттік сатып алулар бойынша тәжірибесі болу талабы қойылмайды.

Лотқа "Engineering center ltd" компаниясы дайындаған жұмыс жобасына мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы қоса берілген. Сараптама қорытындысында ғимаратты реконструкциялауға қажетті барлық рұқсаттар мен техникалық шарттардың коммуналдық ұйымдардан алынғаны көрсетілген. Сондай-ақ ғимарат сипаттамасы келтірілген: театрдың қазіргі аумағы – 14,6 мың шаршы метр, ал қосымша құрылыс аумағы – 10,5 мың шаршы метр болады деп жоспарланған.

Сац атындағы театрды реконструкциялау көптен бері айтылып келеді. Себебі 80 жылдық ғимарат қатты тозған. Бірақ өзі жергілікті маңызы бар сәулет ескерткіші. Бастапқыда билік тек косметикалық жөндеу жұмыстарын жүргізуді көздеген, бірақ кейін ғимаратты толығымен жаңарту қажет деген шешім қабылдады. Өйткені былтыр наурыз айында болған жер сілкінісі кезінде ғимараттың жертөле бөлмелері зақымданған, қабырғаларда жарықтар пайда болған және сахнаның механизмдері бұзылған.

Фото: Тикетон.

Аударған А.Олжаев.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Сергей Пономарёв: Роспуска Мажилиса и досрочных выборов не будет
Депутат Мажилиса Республики Казахстан о планах работы парламента в новом году
Командный шаг Президента: что меняет назначение Айбека Смадиярова
Впервые во главе внутренней политики оказался кадровый дипломат и медийщик
Народная дипломатия без протокола: второй путь Казахстана во внешней политике
Почему народная дипломатия становится ключевым инструментом международного взаимодействия Казахстана
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Для Казахстана, Кыргызстана и Таджикистана ОДКБ – механизм, призванный предотвращать внутреннюю дестабилизацию
Для Минска ОДКБ выступает институтом, укрепляющим военно-политическое сближение с Москвой
Станет ли озеро Балхаш зоной туризма?
В Карагандинской области создают туристическую индустриальную зону
Кто изгнал стаи ворон из Алматы?
Живописный Казахстан: взгляд Андрея Михайлова
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
Народная дипломатия без протокола: второй путь Казахстана во внешней политике
Почему народная дипломатия становится ключевым инструментом международного взаимодействия Казахстана