Жолаушылар алғашқы рейспен Алматы – Нұр-Сұлтан бағытында ұшты.
Комитеттің мәліметіне сәйкес, әуежай күнде 13 сағат жұмыс істейді.
"2022 жылдың 13 қаңтарынан бастап Алматы халықаралық әуежайы жұмысын қайта бастайды. Әуежай басшылығының алдын ала ақпараты бойынша ұшу кестесіне сәйкес ішкі және халықаралық рейстер сағат 8.00-ден 21.00-ге дейін орындалады", - делінген ресми хабарламада.
Бүгінгі кестеге сәйкес, әуе компаниялары бірнеше ішкі рейс жасайды. Олар:
"Эйр Астана"
- КС-601 Алматы (10-40) - Нұр-Сұлтан (12-25)
- Нұр-Сұлтан (13-25) - Алматы (15-05)
- КС-609 Алматы (16-10) - Нұр-Сұлтан (17-55)
- Нұр-Сұлтан (18-55) - Алматы (20-35)
SCAT
- DV-713 Алматы (12-00) - Нұр-Сұлтан (13-40)
- DV-714 Нұр-Сұлтан (14-40) - Алматы (16-05)
Qazaq Air
- IQ-353 Алматы (06-55) - Нұр-Сұлтан (08-55)
- IQ-354 Нұр-Сұлтан (09-35) - Алматы (11-25).