60+ және 70+

2809 просмотров
0
АЙНУР ТУНГЫШБАЕВА
Воскресенье, 09 Фев 2020, 11:00

Қызылордалық Сара Мусина өзінің иелігіндегі мейрамхана төрінен әр жексенбі түстен кейін сағат 3 пен кешкі 6-ға дейін клуб ұйымдастырды

"Той үстінде тәтті күндер", "Сувенир", "Синий иней", тағысы тағы бар. "Дос-Мұқасанның" әндері, жалпы, әлемдік хит болған шығармалар. Мұның бәрі жасы 60-тан асқандар үшін жанына жақын, жүрегіне қымбат, ести қалса, тік тұрып тыңдап қалатын туындылар. Олар бүгінгі рэп жанры мен Ninety One сындылар орындайтын әндерді қабылдауы тым қиын. Олардың болмысы бөлек. Олардың жасы ел ішінде төрден орын алатын дәрежеде.

Читайте также
Олар Аяз Ата емес

Міне, осы жасы 60-70-тен асқан азаматтар әр жексенбіде "Көңіл жас" клубында бас қосады. Шәй ішіп, әңгімелеседі, қоғамда орын алған оқиға-жаңалықтарға қатысты пікірін білдіреді, көңілдің ажарын кіргізер ән де айтады, ортаны қыздырып би де билейді.

Бұл клубтың атмосферасы керемет: мұнда бір-біріне деген сыйластық, ықылас, құрмет бар. Және ең маңыздысы, еркін әрі тең көзқарас орныққан. Ресмилеп бір-біріне Пәленше Түгеншеевна демейді, "қыздар", "ұлдар" деп дәріптейді. Және әркез күлімдеп, бір-бірінің жағдайларын сұрасады. Сөзбен демеп, жақсы тілегін айтады. Керемет енді.

 Міне, мына самайынан тері сел болып ағып билеп жүрген "ұл" 75 жастағы Иннокентий ЦОЙ.

40 жылдан астам газ саласында жұмыс жасаған, қазір бейнетінің зейнетін көріп жүр. Клуб ашылғалы әр жексенбі осындағы "қыздармен" шүйіркелесіп, "жасарып қалдым" дейді.

Ал, Наталья ПЭЛИНСКАЯ: "70-ке келіп қалдым. Ал, көңілім әлі жас. Әр жексенбіні асыға күтем. Өзім 40 жыл сәбилер үйінде медбике болып жұмыс істеп, зейнетке шыққам. Денсаулығым аракідік сыр беретінін несіне жасырам? Бірақ, осы клубқа келсем, ауруды да, проблеманы да ұмытам. Нағыз керемет демалыс осында", - дейді.

Читайте также
Мал бордақылауға субсидия алынып тасталды

Оның замандасы Балбөпе БАЙМАҒАМБЕТОВА 40 жыл ұстаздық еткен. Балаларын аяқтандырып, немере сүйіп отырған әже. Бірақ, әр жексенбіде өкшелі сәнді туфлиін киіп, клубқа келгенде жасарып шыға келеді.

- Жасы ұлғайған адамға барып, демалып қайтатын жер жоқтың қасы. Ал, осы клуб ашылғалы өзімізді сергек сезініп жүрміз. Қаншама эмоция, қаншама энергия осында түйісіп жатыр. Бізге көп нәрсе керек емес. Бір-бірімізбен шүйіркелесіп, әңгіме айтқанның өзі ғанибет емес пе?! Адами жылылықтың орны бөлек. Ауру туралы мүлдем ұмытып кетеміз, - дейді гүлді көйлегіне әдемі түйреуіш таққан Екатерина РАЙЦ.

Үміт. Адам баласының үміті мен қорқынышы көп. Соның ішінде жасы келген кісілер жалғыздықтан жаны жабырқайды, задында, замандастарымен бірге болудан үмітті. "Замандасың болмаса, тойға барма" деген тәмсілдің астарында үлкен мән бар расында...

Несін жасырамыз, жас ұлғайған сайын денеде ауырлық пайда болып, жүрістің де жылдам емес екені сезіледі. Содан болар, егде жастағы аға-апаларымыз сыртқа шығуға құштар емес. Көбісі үй тіршілігінің маңында жүреді. Одан қалды бір уақ немерелерімен айналады, құдайы ас, тойға, құда-жекжатқа барады. Болды. Ал, шындығына келгенде, сол үлкендердің де кейде билегісі, ән салғысы келеді, бірақ, ұялады. Оған қоса қазір дереу телефонға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеу әдеті жетіп артылады.

Читайте также
Почему казахи чувствуют себя ущемлёнными

Сондықтан көпшілік жерде аға буын ән, биден аяғын тартады.

Клубтың пайда болу тарихының төркіні осында. Айналасындағы аға буынның осы ұяң тіршілігін көріп, ойға қалған қызылордалық Сара МУСИНА өзінің иелігіндегі мейрамхана төрінен әр жексенбі түстен кейін сағат 3 пен кешкі 6-ға дейін клуб ұйымдастырды. Тегін. Тегін музыка, тегін шәй, тегін зал дегендей. Тұрақты түрде 50-ден астам адам келеді.

"Қатарымыз әлі де толығады деген үміттемін", - дейді ол.

Айтпақшы, жақын күндері бұл клубта жұптар да пайда болуы бек мүмкін. Кейбір "қыздар" мен "ұлдардан" сондай сезім ұшқынын байқап қалдық. Тәйірі, жалғыздық құдайға ғана жарасқан емес пе?!

Фото: Ⓒ Ratel.kz/Айнұр Тұңғышбаева.

Министр внутренних дел РК
Назрела необходимость ограничения времени реализации спиртного в развлекательных заведениях. В указанных объектах в опьянении совершено более 1 400 преступлений, в том числе три убийства.
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
Почему госпрограммы в Казахстане не доживают до конца
К 2025 году национальные проекты снова уходят в «концепции»
Как Алматы лишил Алма-Ату еще одного памятника
Репортажи из прошлого
Судмедэксперты по делу Bek Air: при «тысячекратных перегрузках» человек может выжить
В Алматы продолжаются слушания по делу о катастрофе самолета Fokker-100
КНР в Центральной Азии: инвестиции или долги?
Китай предлагает региону новую модель экономики
Мечты казахстанцев о квадратных метрах «уходят» в область фантастики
Разбираемся к чему приведет повышение базовой ставки до 18%
Куантай Абдимади: Мужчина имеет право быть слабым
Актер о страхах, ролях и жизни между аулом и большим экраном
Трансформация ШОС – альтернатива «старым правилам»?
Константин Сыроежкин: Необходимо научиться ощущать себя суверенным государством
«Железная дорога в тупике»: как развивается казахстанская логистика
Эксперт о закрытии границ, дефиците вагонов и перспективах железнодорожных перевозок
Когда правительство возьмётся за яйца
Прагматично-патриотическое молодёжное движение издало "Ежедневник строителя Второй Республики" с цитатами президента