Ер адамдар коронавирусты жиі жұқтырады – ғалымдар себебін анықтады

1992 просмотров
0
Ратель
Понедельник, 11 Мая 2020, 15:00

Ғалымдар ААФ2 ақуызы коронавируспен өзара байланысқа түскенде инфекцияның таралуына жағдай жасайтынын анықтады

НҰР-СҰЛТАН, 11 мамыр – Sputnik. Ер адамдар әйелдерге қарағанда COVID-19 індетін жиі жұқтырады. Себебі олардың қанында "ангиотензин айналдырушы фермент - 2" (ААФ2) деген мембраналы ақуыз көп. Сол арқылы коронавирус жасушаларға кіріп кетеді, деп хабарлады Еуропа кардиологтарының қоғамы (ESC).

Жаңа зерттеуге сәйкес, ААФ2 жасушалардың сыртындағы рецептор болып саналады. Ол коронавируспен өзара байланысқа түскенде инфекцияның таралуына жағдай жасайды.   

Читайте также
Мақтааралда су тасқынынан зардап шеккендерге 500 волонтёр көмектесіп жүр

"Негізі өкпеде ААФ2-нің концентрациясы көп. Сол себепті дәл осы ферменттер COVID-19-ға өкпеде кеңінен таралуына көмектеседі", - дейді зерттеудің жетекшісі, Гронинген медициналық орталығының кардиология профессоры, доктор Адриан ВООРС.

Ғалымдар тобы Еуропаның 11 мемлекетінде тұратын 3,5 мың адамнан сынама алып, ААФ2-нің концентрациясын есептеп шықты. Барлығында жүрек ауруы болған. Зерттеу кезінде ААФ2 ер адамдардың ағзасында көп екені анықталды.

Зерттеу жұмыстары коронавирус пандемиясына дейін басталған. Сол себепті COVID-19 жұқтырғандар есепке алынған жоқ. Алайда кейінгі жұмыстар ААФ2 коронавирустың таралуына жол ашатынын көрсеткеннен кейін ғалымдар осы жұмыстың алдыңғы зерттеумен үндесіп жатқанын түсінді.      

"ААФ2-нің ер адамдарда көп екенін анықтағаннан кейін мен әйелердерге қарағанда ер азаматтар арасында COVID-19 жұқтыру көрсеткіші неге көп екенін түсіндім", - деді авторлардың бірі доктор Изайя САМА.

Ғалымдардың айтуынша, ААФ2 өкпеде ғана емес, жүректе, бүйректе, әсіресе, атабезде көп кездеседі.

Бұдан бөлек, ғалымдар жүрек жетіспеушілігі бар адамдар арнайы препарат қабылдағанда ААФ2 концентрациясының артқанын байқамаған. Дегенмен, ондайда коронавирустың жаңа түрі қалай таралатыны белгісіз. Себебі жаңа зерттеуге COVID-19 жұқтырған науқастар қатыспаған.

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Как настоящее ремесло может вернуть себе рынок?
Новый Евразийский совет открывает глобальные площадки для настоящих мастеров
Ормуз снова горит: один снаряд у Катара - и мир снова считает цену нефти
Даже небольшой удар по судну у берегов Катара вновь напомнил миру, насколько хрупкой остается безопасность главного энергетического маршрута планеты
Десятки обманутых: как продавали несуществующие квартиры в Алматы
Попцов получил 10 лет, но потерпевшие требуют привлечь Асель Садыкову
Мурат Абдушукуров: Высшая форма патриотизма – посвятить жизнь служению Родине
Во время Кантара ветераны Афганистана и локальных конфликтов организовали охрану больниц и патрулирование в Алматы
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай