Мынаны үйіне қайтарыңдар!

8505 просмотров
0
Аслан Каженов
Понедельник, 14 Окт 2024, 10:00

Қазақтың футболына қазақтан басқа ешкімнің жаны ашымайды

Өз еркіңізбен кете салыңыз...

Читайте также
Ешбір ел өз ұлдарын бұлай төмендетпейді

Ұлттық құрама кезекті рет есе жіберді. Дәл осы Станислав ЧЕРЧЕСОВ келгелі 4-ші матч, 3-ші жеңіліс. Бір ойын тең түстік. Бірде-бір гол соға алмадық.

Бірте-бірте ұтылып қалып, масқара болуға да етіміз үйреніп барады.

Ал, отандық футболдың басы-қасындағылар біздің сынға мықты имунитет қалыптастырып алған. Пысқармайды.

Осы Станислав Черчесовтың келуіне көпшілік қарсы болды. Оның алатын жалақасын естігінде, тіптен, жағамызды ұстадық. Айына 50 млн теңге деп пе еді?!

Соған қарамастан жауапты федерация бір ресейлік маманды басқа ресейлік маманға алмастырды.

Нәтижесі міне. Сол кезде отандық бапкерлерді қойыңдар деп шыр-пыр болдық. Тіпті, арнайы тізім жасадық. Ең тиімді вариант ретінде Қайрат НҰРДӘУЛЕТОВТІ ұсындық. Тағы да пысқармады.

Читайте также
Жалдамалы әскер жанын салып соғыспайды...

Әрине, Қайрат келсе бәрін қырып-жойып, жеңе бермесіміз анық. Десе де өзіміздің маман, қазақша сөйлей алатын, қазақша ойлай алатын адам ұлттық деген тіркесі бар құраманың тізгінін алар еді. Плюс тәжірибе жинайды. Тағы бір плюсі – қаржы елде қалады. Енді қазір "ни рыба, ни мясо" болып отырмыз.

Отандық футбол федерацияның басшылары, мынаны үйіне қайтарыңдар. Қазақтың футболына қазақтан басқа ешкімнің жаны ашымайды.

Одан кейін отандық футболға үлкен реформа керек. Балалар футболы ақсап жатыр. Жасыл алаңдар жетіспейді. Мамандар біліктілігін арттыру қажет.

Айта берсе өте көп.

Вообщым, шұғыл іске кірісіңдер немесе істейтін адамдарға орын беріңдер...

Дереккөз: Спорт журналисі Аслан Каженовтың Facebook-тегі парақшасы. Автордың рұқсатымен жарияланды.

Фото: sport.evening-kazan.ru.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Сергей Пономарёв: Роспуска Мажилиса и досрочных выборов не будет
Депутат Мажилиса Республики Казахстан о планах работы парламента в новом году
Командный шаг Президента: что меняет назначение Айбека Смадиярова
Впервые во главе внутренней политики оказался кадровый дипломат и медийщик
Народная дипломатия без протокола: второй путь Казахстана во внешней политике
Почему народная дипломатия становится ключевым инструментом международного взаимодействия Казахстана
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Для Казахстана, Кыргызстана и Таджикистана ОДКБ – механизм, призванный предотвращать внутреннюю дестабилизацию
Для Минска ОДКБ выступает институтом, укрепляющим военно-политическое сближение с Москвой
Станет ли озеро Балхаш зоной туризма?
В Карагандинской области создают туристическую индустриальную зону
Кто изгнал стаи ворон из Алматы?
Живописный Казахстан: взгляд Андрея Михайлова
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
Народная дипломатия без протокола: второй путь Казахстана во внешней политике
Почему народная дипломатия становится ключевым инструментом международного взаимодействия Казахстана