Нақты бір жаққа шығуы қажет. Нейтралка позицияда ұзақ тұра алмасымыз анық
Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий ГОЛОВКИН осындай мәлімдеме жасады.
Өте батыл мәлімдеме.
Ашығын айту керек, ресейлік Умар КРЕМЛЕВ басқаратын халықаралық бокс федерациясына қарсы бізде бұған дейін былай ешкім аузын аша алмаған.
"Біз Қазақстан бокс федерациясына World Boxing ұйымына кіруге кеңес береміз. Ол үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Қазақстандық тарап шешімді өздері қабылдайды. Құқықтық тұрғыдан оларға қысым көрсете алмаймын", - деді Головкин.
Енді біздің федерация не дер екен.
Нақты бір жаққа шығуы қажет. Нейтралка позицияда ұзақ тұра алмасымыз анық.
Осы тұрғыда ой қоса кетіңіз. Қазақ боксы қайсысын таңдағаны дұрыс?
Жаңадан құрылған әлемдік бокс ұйымын ба, әлде бұрыннан келе жатқан халықаралық бокс федерациясын ба?
Фото: instagram.com / gggboxing.
Дереккөз: Спорт журналисі Аслан Каженовтың Facebook-тегі парақшасы. Автордың рұқсатымен жарияланды.
ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!