Жұмыссыз қалған қазақстандықтар үшін жақсы жаңалық жарияланды

2024 просмотров
0
Ратель
Вторник, 11 Мая 2021, 13:45

Жұмыс іздеп жүрген адамдарға жұмыспен қамту орталығына барудың қажеті жоқ, олар Enbek.kz порталы арқылы барлық қызметті онлайн ала алады

Енді Қазақстанның барлық өңірінің тұрғындары Enbek.kz – Электронды еңбек биржасы порталы арқылы халықты жұмыспен қамту орталықтарының қызметтерін онлайн ала алады, деп хабарлайды Sputnik.

Читайте также
Бейжіңде қазақ жазушысының шығармашылығына арналған конференция  өтті

Халықты жұмыспен қамту орталықтарының қызметтерін қашықтан көрсету бойынша пилоттық жоба былтыр қарашада іске қосылған болатын. Биыл 5 қаңтардан бастап бұл мүмкіндік республиканың 40 қаласының тұрғындарына, ал мамырдан бастап барша қазақстандыққа берілді.

"Жұмыс іздеп, жұмыспен қамту орталығына барғысы келетін азаматтарға үйден шығудың қажеті жоқ. Мұның бәрін бірнеше минут ішінде Enbek.kz порталында жасауға болады. Ол үшін тек интернеті бар компьютер мен электронды цифрлық қолтаңба болуы керек. Қызмет толықтай автоматтандырылған. Бұл дегеніміз, егер үш жұмыс күні ішінде порталда адамға лайықты жұмыс табылмаса, онда Электронды еңбек биржасы ол адамды автоматты түрде жұмыссыз ретінде тіркейді. Осылайша адами фактор толығымен жойылады", – деді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол ОСПАНОВ.

Министрліктің ақпаратынша, еңбек биржасындағы "Жеке кабинетте" қазақстандықтар жұмыс іздеуші немесе жұмыссыз ретінде есепке тұра алады және тіркеудің барлық кезеңін қадағалай алады. Ол үшін электронды цифрлық қолтаңбаны пайдаланып, ЭЕБ-да тіркеуден өту қажет.

Жұмыссыз мәртебесін алғаннан кейін азаматтар (әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар) жұмысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлемге онлайн өтінім жібере алады және мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарын – жастар практикасын, әлеуметтік жұмыс орындарын, қоғамдық жұмыстарды өз бетінше таңдауға мүмкіндігі бар.

Қазақстандықтар жұмыс іздеп жүрген адам ретінде Электронды еңбек биржасында онлайн тіркелуді мына сілтеме бойынша ала алады.

Жыл басынан бері қызметтерді қашықтықтан алу мүмкіндігін 34 мыңнан астам адам пайдаланды. 30 мың азамат жұмыссыз мәртебесін алды.

Фото: СС0 / Free-Photos.

Оставьте комментарий

Президент Республики Казахстан
«Стороны могли бы рассмотреть вариант заморозки боевых действий и возвращения к переговорам на основе “Стамбульской формулы 2.0”».
Траур в Киеве, возвращение сомалийских пиратов и оливковые черепахи
Мировые новости: обзор СМИ
Суд поставил точку в деле бывшего главного редактора Orda.kz Гульнар Бажкеновой
Миллионы через ИП и зарплаты наличными
Город будущего построят в Алатауском районе Алматы
Что увидели журналисты во время пресс-тура по району
Поствыборный экзамен для партий: Виталий Колточник — о том, что показали съезды
О перезагрузке партийной системы Казахстана, феномене «семипартийности» и завершении эпохи партий одного человека
Выставки Билла Виолы ищут на картах мира. Теперь нужно искать Алматы
Его работы заставляют зрителя остановиться
Итоги недели в Казахстане: дело дольщиков, рейды МВД, громкий приговор и победы боксёров
Главные новости Казахстана и мира выпуске
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Курултай, дело Борейко, амнистия и аферы на миллиарды: главные новости недели
Политические реформы, громкие суды и аферы на миллиарды — главные новости недели
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай