Қызыл жалын 32 гектар аумаққа жайылды
22 сәуір күні Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 21.24.-те Қызылорда қаласының Президент саябағы аумағындағы блок-пост маңында өрт шықты. Қызыл жалын дем арасында 2 гектар жерді қамтып үлгерді. Оған бүгінгі күннің ерекше ыстығы да әсер етпей қоймады.
Өртті ауыздықтауға бір емес, үш өрт сөндіру бөлімінің техникалары мен мамандары жұмылдырылды. Адам шығыны жоқ, бірақ, біраз көк желек оттың құрбанына айналды. Онсыз да жасыл желегі аз аймақ үшін мынадай флора шығыны атарлықтай әсер етері сөзсіз. Айта кету керек, тілсіз жау тораңғыл, жыңғыл, жиде, шеңгел сынды ағаштарды жалмап кетті.
Қазір өрттің шығу себебі мен шығыны анықталу үстінде.
Кейбір әлеуметтік желі қолданушылары өрттің шығу себебіне қатысты «блок посттан өте алмай ашынған тұрғындар қоюы мүмкін» деген де пікір айтуда.