"Төтенше оқиға болады деп қорқамыз": Ақтау тұрғындары шағымын жеткізді

2267 просмотров
0
Ратель
Пятница, 04 Сен 2020, 16:40

Қала тұрғындары әскери бөлімнің тұрғын үйге жақын орналасқаны төтенше оқиғаға әкелуі мүмкін екенін айтып, балалары үшін қорқып отыр

Ақтаудың ықшам аудандарының бірінде тұрғындар әскери бөлімнің үйге жақын орналасқанын айтып шағымданды. Олар бөлімді басқа жерге көшіруді талап етті. Тұрғындардың айтуынша, әскери қызметкерлер түнде шулайды, ал сол аймақта сақталған жарылғыш заттар төтенше оқиғаға әкелуі мүмкін, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Читайте также
Ақмола облысында кәсіпорын директоры шенеунікке пара ұсынған

"Ақырын жұмыс істеуін сұрасақ, ашуланып жауап береді. Кейде мән бермейді, енді бірде "терезелеріңді жабыңдар", "ұнамаса, көшіп кетіңдер" деп айғайлайды. Арасында түнгі сағат үште де моторды қосып, техниканы жөндейді", - дейді қала тұрғыны Анастасия "Астана" телеарнасына.

Тұрғындардың айтуынша, әскери қызметшілер үй маңындағы аумақты көліктерін қоятын тұрақ ретінде пайдаланады. Тұрғындар мұның үнемі аулада ойнап жүретін балалар үшін қауіпті екенін алға тартты.

"Бір жағдай болса ғана қылмыстық жауапкершілікке тартылады, сосын барып бұл жерден кетеді. Алайда, менің ойымша, бұл тәртіпсіздікті ондай жағдайға жеткізуге болмайды", - дейді жергілікті тұрғын Вячеслав Гончаров.

Сонымен қатар ақтаулықтар бөлімнің аумағында дизель отыны бар ыдыстардың сақталанатынын айтып шағымданды. 

"Бірнеше жыл бұрын мұнда төтенше оқиға болды. Шлагбаум кішкентай баланың жақ сүйегін сындырып жіберді. Сонымен қатар әскери адам деген – қару-жарақ, техника, оқ дәрілер. Қанша жылдан бері бұлай көрші отырғанымыз бізге және балаларымызға әсер етуі мүмкін екенін ойлап қорқып келеміз", - деді жергілікті тұрғындар.

Читайте также
Зейнетақы шотындағы ақшаны бір емес, бірнеше рет алуға болады

Ал әскери бөлімнің басшылығы тұрғындармен он жылдан бері тату-тәтті тұрып келе жатқанын айтты. Әскери адамдардың кейде шу шығаратынын, алайда мұндай жағдайдың күн сайын бола бермейтінін алға тартты.

"Оқу-жаттығулар, әскери сипаттағы түрлі іс-шара болады, оған құрамды және басқа да заттарды тасымалдау үшін арнайы техника жұмылдырылады. Онсыз болмайды. Әрине, бізге де басқа жерге көшкен ыңғайлы болар еді, біз оған дайынбыз", - деді 29011 әскери бөлімінің командирі Данияр Хайрушев.

Қала тұрғындары прокуратура мен әкімдікке шағым жазған, алайда олардың барлығы жауапсыз қалған.

Фото: astanatv.kz.

Оставьте комментарий

Президент Республики Казахстан
«Стороны могли бы рассмотреть вариант заморозки боевых действий и возвращения к переговорам на основе “Стамбульской формулы 2.0”».
Траур в Киеве, возвращение сомалийских пиратов и оливковые черепахи
Мировые новости: обзор СМИ
Суд поставил точку в деле бывшего главного редактора Orda.kz Гульнар Бажкеновой
Миллионы через ИП и зарплаты наличными
Город будущего построят в Алатауском районе Алматы
Что увидели журналисты во время пресс-тура по району
Поствыборный экзамен для партий: Виталий Колточник — о том, что показали съезды
О перезагрузке партийной системы Казахстана, феномене «семипартийности» и завершении эпохи партий одного человека
Выставки Билла Виолы ищут на картах мира. Теперь нужно искать Алматы
Его работы заставляют зрителя остановиться
Итоги недели в Казахстане: дело дольщиков, рейды МВД, громкий приговор и победы боксёров
Главные новости Казахстана и мира выпуске
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Курултай, дело Борейко, амнистия и аферы на миллиарды: главные новости недели
Политические реформы, громкие суды и аферы на миллиарды — главные новости недели
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай