Тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою қағидаларына өзгерістер енгізілді

1849 просмотров
0
Ратель
Среда, 24 Июн 2020, 10:10

Ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды азаматтардан талап етуге жол берілмейді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидаларына өзгерістер мен толықтыру енгізілді. "ҚазАқпарат" ХАА оқырман назарына құжат мәтінін ұсынады. 

***

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 маусымдағы №381 Қаулысы "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 маусымдағы № 856 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

Читайте также
Елордада демалыс күндеріндегі карантин қайталануы мүмкін

1. "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 маусымдағы № 856 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 59, 815-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидаларында:

1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

"1-тарау. Жалпы ережелер";

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"1. Осы Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасы азаматтары есепке қою тәртібін айқындайды";

Читайте также
16 балаға – 177 792 теңге: көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы мөлшері өзгерді

2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

"2-тарау. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою тәртібі";

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"8. Азаматтарды есепке қою үшін мынадай құжаттар ұсынылуы қажет (ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды азаматтардан талап етуге жол берілмейді):

осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушіде және онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінде осы елді мекенде тұрақты пайдалануда коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің бар немесе жоқ екенін жергілікті атқарушы органның тексеруіне келісімі көрсетілген коммуналдық тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою туралы өтініш;

өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (өтініш берушінің жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады);

ақпараттық жүйеде ақпарат болмаған жағдайда азаматтық хал актілерін (туу, қайтыс болу, неке қию (ерлі-зайыпты болу), некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу, бала асырап алу, әке (ана) болуды анықтау, атын, әкесінің атын және тегін өзгерту) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің көшірмелері.

Читайте также
"Мемлекет көмек береді": Тоқаев желіде жазба жариялады

Өтініш берушінің отбасы мүшелері деп басқа адамдар танылған жағдайларда, соңғылары өздерін өтініш берушінің отбасы мүшелері деп тану туралы сот шешімінің көшірмесін ұсынады;

ақпараттық жүйеде ақпарат болмаған жағдайда халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына жататын азаматтар бұған қоса өтініш берушінің (отбасының) халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына жататынын растайтын құжатты, сондай-ақ отбасының әрбір мүшесіне (мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелейтін отбасыларды қоспағанда) соңғы он екі ай ішіндегі табысы туралы мәліметтерді ұсынады;

ақпараттық жүйеде ақпарат болмаған жағдайда мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдар бұған қоса жұмыс орнынан (қызметтен) анықтама ұсынады. Ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер Қазақстан Республикасының Үкіметі беретін мәртебесін растайтын құжатты ұсынады;

отбасы тұратын тұрғын үй белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сай келмеген жағдайда, өтініш беруші санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымы жүргізген санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың нәтижелері бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі берген санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының түпнұсқасын қосымша ұсынады;

отбасы тұратын тұрғын үй белгіленген техникалық талаптарға сай келмеген жағдайда, өтініш беруші сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы аттестатталған сарапшының техникалық қорытындысының (тұрғын үйді техникалық зерттеп-тексеру нәтижелері бойынша) түпнұсқасын қосымша ұсынады;

отбасы құрамында кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын науқастар болған, бір үй-жайда (пәтерде) олармен бірге тұру мүмкін болмаған жағдайда өтініш беруші тиісті ауру түрін растайтын құжатты қосымша ұсынады.

Читайте также
Социальное жилье или долговая яма?

Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын растайтын құжаттардың, некеге тұру немесе бұзу туралы, қайтыс болу, баланың тууы туралы куәліктің, өзіне меншік құқығында тиесілі (Қазақстан Республикасы бойынша) тұрғын үйдің бар немесе жоқ екені туралы анықтаманың мәліметтерін, тіркелген мекенжайы туралы мәліметтерді, басқа адамдарды көрсетілетін қызметті алушының отбасы мүшелері деп тану туралы сот шешімін, көрсетілетін қызметті алушының халықтың әлеуметтік осал тобына, мемлекеттік қызметшілерге, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне тиесілілігін растайтын құжаттарды, салық салынатын табысы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті алушы отбасының барлық мүшесі үшін "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден ұсынады.

Жұмыс орны бойынша есепке қою үшін мемлекеттік кәсіпорынның не мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге мұқтаж азаматтар осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті, сондай-ақ осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынады. Өтініш берушіде және онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінде осы елді мекенде тұрақты пайдалануда коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің бар немесе жоқ екені туралы жергілікті атқарушы органның мәліметтерін мемлекеттік кәсіпорындар немесе мемлекеттік мекемелер www.gosreestr веб-порталында орналасқан "Мемлекеттік тұрғын үй қорының объектілерін жалдау шарттарының тізілімі" ақпараттық ресурсының құралдары арқылы алады.

Осы тармақта көрсетілген құжаттардың мәліметтерін жаңарту, өзгерту немесе толықтыру үшін өтініш беруші "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) не "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті, сондай-ақ осы тармақта көзделген қажетті құжаттарды негіздер туындаған не ұялы телефонған sms-хабарлама алған сәттен бастап береді";

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"9. Жергілікті атқарушы орган, мемлекеттік кәсіпорын, мемлекеттік мекеме мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасы азаматтарының кезектегі реттік нөмірін хабарлап және көрсете отырып, есепке қою туралы немесе есепке қоюдан дәлелді бас тарту туралы шешімді өтініш берілген күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірмей қабылдайды. Жергілікті атқарушы органдардың шешіміне сәйкес өтініш берушіге хабарлама Мемлекеттік корпорацияға не порталдағы "жеке кабинетке" электрондық құжат түрінде жіберіледі. Мемлекеттік кәсіпорынның не мемлекеттік мекеменің шешіміне сәйкес өтініш берушіге жазбаша түрде не пошта бойынша не қолма-қол хабарланады";

Читайте также
Жандарбек Бекшин Алматыда карантиннің күшейтілуін түсіндірді

12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"12. Тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепте тұрған адамдардың тізімін өзектілендіру мақсатында ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграцияланған Тұрғын үйге кезекте тұрғандарды есепке алудың бірыңғай ұлттық жүйесі арқылы автоматтандырылған режимде коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж адамдардың есебінде тұрған Қазақстан Республикасы азаматтарының кезектілік тізіміне жыл сайын түгендеу жүргізеді. Ақпараттық жүйеде мәліметтер болмаған не өтініш беруші мен оның отбасы мүшелері туралы мәліметтер өзгерген жағдайда, өтініш берушіні жергілікті атқарушы органдар Мемлекеттік корпорация не портал арқылы тиісті құжаттарды жаңарту қажеттігі туралы ұялы телефонға sms-хабарлама арқылы хабардар етеді";

1-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

2-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес 3-қосымшамен толықтырылсын. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының премьер-министрі А. Мамин

Фото: © Sputnik / Владислав Воднев.

критик
Занимательная физика: мужчины считают, что 24 года это слишком много, а женщинам кажется, что это ничтожно мало.
Почему женщину в Казахстане не считают человеком
Государство не станет цивилизованным никогда, если не прекратится насилие над гражданами женского пола
Как школьники стали объектами травли
Почему власти не реагируют на сетевые призывы к расправе с учителями и школьниками Международной школы Алматы
Зачем Управлению делами президента поле для гольфа
Нацкомпания QazaqGaz избавилась, наконец, от навязанного ей убыточного актива
Так кто же предатель? Комментарий к фильму Марии Певчих
Как случилось, что Владимир Путин пришёл к власти
БеззабоРная жизнь
Сухая статистика подтверждает, что в районах с открытой планировкой процент преступлений против личности и имущества в разы меньше
Верблюды и султаны податью не облагаются. Что ещё писал Пётр Чихачёв про казахов в 1845 году
Занимательная история Казахстана от Андрея Михайлова
Алма-Ата и Алматы. О творчестве и не только
"Ковры-груди", тюльпаны размером с телевизор и оцифрованные архивы художника - вот чем встречает нас весна
Депутат Стамбеков: Почему Ratel был прав?
Минфин, миннацэкономики и Нацбанк сходу не смогли ответить
ТОО "ПКС" решил обжаловать решение суда по иску управления строительства Алматы
И готовится купить у Qazaq Stroy до конца 2024 года квартир 3,45 млрд тенге
В ВКО бухгалтеры обворовали банк и госучреждение на общую сумму 43 миллиона тенге
Одна из счетоводов отправилась в колонию, вторая отделалась ограничением свободы
Сколько актюбинцы переплачивают россиянам за электроэнергию
Область может иметь дешёвую электроэнергию, но почему-то для региона покупают дорогое электричество из России
Когда правительство возьмётся за яйца
Прагматично-патриотическое молодёжное движение издало "Ежедневник строителя Второй Республики" с цитатами президента
"Самрук-Казына" окутал финансовой тайной проект "Комфортная школа"
Компании, которые участвовали в конкурсах, подписали соглашение о конфиденциальности
Казахская сказка о мальчике Бату стала хитом Amazon
Книга как отложенное оружие мира
Ратель. Лучшее за 2022 год. Эрик Байжунусов
Ratel.kz публикует самые читаемые материалы авторов сайта за прошедший год
Ратель. Лучшее за 2022 год. Аналитическая служба Ratel.kz
Ratel.kz публикует самые читаемые материалы авторов сайта за прошедший год
О запрете на экспорт, ручном управлении экономикой и индонезийском пальмовом масле
Все разумные решения принимаются по-разному, но глупые - одинаково
Макаш и Курмангазы
Как казахский правитель спас легендарного музыканта от тюрьмы
Однофамилец
Всевышний умеет шутить, посмеиваясь над нашими планами и так называемыми экспертами
На рынке арендного жилья Алматы происходит настоящая катастрофа
Казахстанцы без своего жилья будут копить на него ещё очень и очень долго
Исповедь молодого сантехника и молодого акима. Часть 1
- ВЛАДИМИР, огромное Вам человеческое спасибо от всей души и чистого сердца, самое главное здоровья и ещё раз здоровья. На таких людях как Вы, города и держатся. Профессионалов как Вы, необходимо ставить руководителями, которые знают проблему из внутри. Ещё раз ОГРОМНОЕ СПАСИБО!!!!!!!
Когда правительство возьмётся за яйца
- Просто шедевральная статья. Особенно в точности описывает функции партий, которые описаны в данной статье. Изречения которые должны быть прочитаны и приняты во внимание. Самое главное чтобы данный ежедневник был прочитан и принят во внимание. (Про выражение где фигурирует Троцкий просто ШЕДЕВРАЛЬНО и в точку)...
Отчего после публикаций Ratel.kz нервничают в ТОО "AB Energo"
- Сергей, ОГРОМНОЕ Вам спасибо за новое расследование. Всегда держите в напряжение. Ожидаем продолжение... (Интересно, что скажет ещё на это и ГУ "Аппарат акима Абайского района Карагандинской области)
Премьер Смаилов как аманат Назарбаева
- Спасибо большое , здоровье и удачи Вам и Вашим близким, то что Вы творите лучше всех государственных программ по воспитанию . Готовая программа к действию для улучшения жизни населения. Огромное удовольствие что у нас имеется такие журналисты и такой коллектив.
Депутатский запрос фракции "Ак жол": чем комитет гражданской авиации занимался пять лет
- Если случится ещё трагедия , то кого будут винить опять? Всех собак спустили на авиакомпанию Bek Air, хотя надо было просто решать проблему с незаконными постройками намного раньше этой катастрофы. Нельзя это так оставлять. Всех пересажать за коррупцию , кто являлся корнем проблемы!
Все дороги ведут в Каражал: горькая начинка "сладкого пирожочка"
- Огромное спасибо автору за проделанную работу! Только в нашей группе более 100 человек постравших от этой компании в лице гендиректора Максата Токмагамбетова, бессовестного, наглого мошенника, который почему-то до сих пор остаётся безнаказанным, хотя прокуратура и следственные органы завалены сотнями, сотнями заявлений пострадавших. Но мы не остановимся и будем добиваться, чтобы этот "человек", наконец-то, понёс наказание!
Как аким Досаев уничтожает Алматы и рейтинги президента Токаева
- Каменское плато- в р-не обсерватории идет застройка, хотя весной сошел оползень на ул Алмалыкской. Акимат частично помог организовав сброс воды с вышележащего участка на нижнюю часть улицы и домовладельцу в расчистке. Но других мер по предотвращению развития оползневой зоны не принято. Вырублен сад, на месте его строится элитный комплекс Вилла Белгравиа. Летом, здесь нехватка воды, отключения электроэнергии, что будет при вводе в эксплуатацию этого, т.к.доп коммуникаций застройщик не делает.