Түркістан тұрғыны ғашығының төсектегі видеосын туыстарына таратты

10565 просмотров
0
Данил Шемратов
Четверг, 16 Мая 2024, 10:00

Мұндай масқарадан ол әйел асылып өлмек болған

Түркістан облысының оңтүстігіндегі ауылдардың бірінде құлақ естіп, көз көрмеген жағдай орын алды. 49 жастағы тұрғын өзінің қалыңдығын бірге демалып, көңіл көтеру үшін қонақ үйге шақырған. Келіншектің де ер адамға махаббат сезімі болған, бірақ оған тұрмысқа шығуға онша асықпаған болса керек. Сонымен, әйел душта жуынып жатқанда "күйеу бала" жататын төсекті жасырын түсіретіндей етіп видеокамера орнатып, оны қосып қойған.

Одан кейін ғашықтар махаббат буына беріліп, төсектегі құмарларын әбден қандырған – оның бәрі камераға айдан анық күйі жазылады. Ертесінде әлгі жігіт әйелді бас салып бопсалайды: "не маған әйел болып, үйіме көшіп келесің, не секс-видеоңды сенің таныстарың мен туыстарыңа таратып жіберемін", деген ультиматум қойыпты.

Читайте также
Сәкен Мамаш туыстарына миллиондап ақша аударады – Карина Мамаш

Ғашығынан мұндай сұмдықты күтпеген әйел жігітін сол сәтте тастап кетті. Бірақ кешке қарай ауыл тұрғындарының телефонындағы вацаптарға "қонақ үйде түсірілген 18+ кино" келе бастайды. Видеода "автор-оператордың" өзі комментатор болып, кей жайттарды түсіндіріп қояды. Әсіресе жәбірленушінің әке-шешесі мен апа-сіңлілеріне бұл видео қайта-қайта келіп, "қыздарыңды маған дереу ұзатыңдар" деген талап қойылған.

Бұл масқарадан кейін әйел асылып өлмек болды, бірақ туыстары дер кезінде көріп қалып, құтқарып қалған.

Ер адамның үстінен қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша іс қозғалды: 105 баптың 1-бөлігімен (Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) және 147 баптың 5-бөлігімен (Жеке өмiрге қолсұғылмаушылықты және дербес деректерді қорғау туралы заңнаманы бұзу). Тергеу жұмыстары бір жылдан астам уақытқа созылғанымен, іс ақыры сотқа жетті.

Сотта айыпталушы жасаған қылмысын мойындап, жәбірленушіден кешірім сұрады. Ал әйел болса оны кешіріп, тіпті соттан айыпталушыны өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу бабы бойынша қудалауды тоқтатуды сұрады. Екі тараптың ымыраға келуін ескерген сот 105 бап бойынша істі тоқтатты. Алайда жеке бас құпиясын бұзғаны үшін айыпты деп таныды. Жазаны жеңілдететін жағдайлардың бәрі ескеріле келе, ол 3,5 жылға шартты түрде сотталды. Бұл мерзімді тек пробациялық бақылауда өткізеді.

Аударған А.Олжаев.

Фото: Unsplash.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

Политолог
«Введение еще одной новой должности, видимо, должно стать своего рода „серебряной медалью“, поскольку ее обладатель становится своего рода заместителем президента (вице-президентом — Ред.)».
Китаист Алексей Маслов  о климате, ресурсах и новых правилах игры
Китай меняется - и соседям надо готовиться
Историческая победа АдГ в Германии и последний Z Event во Франции
Главное в мире: обзор СМИ
Как в Казахстане можно пятнадцать лет не исполнять решение суда
Почему выиграть суд ещё не означает добиться восстановления нарушенного права
ШОС не обязывает автоматически вступать в войну на стороне другого участника
ШОС как внешнеполитическая экология
«Дождь из стрел»: казахстанцы вошли в число лучников на Великом курултае в Венгрии
Суд поставил точку в деле бывшего главного редактора Orda.kz Гульнар Бажкеновой
Миллионы через ИП и зарплаты наличными
Город будущего построят в Алатауском районе Алматы
Что увидели журналисты во время пресс-тура по району
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай