
Шәріпова танзаниялық Хэппи Даудимен жұдырықтасты, қазақстандық боксшы қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді
НҰР-СҰЛТАН, 23 тамыз – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ боксшы Фируза ШӘРІПОВАНЫ әлем чемпионы атануымен құттықтады.
Бұл туралы мемлекет басшысы Twitter-де жазды.
"Талантты спортшы Фируза Шәріпованы IBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы үшін өткен бәсекедегі сенімді жеңісімен құттықтаймын. Алдағы уақытта да табысқа жете беруіңе тілектеспін!", - деді Тоқаев.
Қазанда өткен кәсіби бокс кешінде қазақстандық спортшы Фируза Шәріпова IBA тұжырымы бойынша бірінші жартылай орта салмақта әлем чемпионы атанды.
Шәріпова (10-1, 5 КО) танзаниялық Хэппи ДАУДИМЕН (8-6-1, 4 КО) жұдырықтасты. Қазақстандық боксшының соққыларына шыдай алмаған Дауди бесінші раундта жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты.
Осылайша Шәріпова арсыласын техникалық нокаутпен жеңді. Бұл оның он бірінші жеңісі. Ал Хэппи Дауди жетінші рет жеңіліске ұшырады.
Фото: Aқорда.