"Кобзонның концертіне" кетіп қалатын түрі бар
Ресейдің пропагандисі Тигран КЕОСАЯН клиникалық өлімді бастан өткеріп, қазір комада жатыр.
Бұл туралы Кеосаянның әйелі, пропагандист-журналист Маргарита СИМОНЬЯН телеграм-каналында жазды, деп хабарлады Азаттық.
Baza телеграм-арнасы 59 жастағы Кеосаянның "жағдайы өте ауыр" дейді.
2022 жылы мамырда Қазақстан Жеңіс күніне парад өткізуден бас тартқанда, Кеосаян Қазақстанға қарата "Украинаға қараңдар, дұрыстап ойланыңдар. Біздің жауапты адамдар Қазақстанмен қарым-қатынас деңгейін қайта қарауы керек" деген еді.
Кеосаянның сес көрсеткен сөзі Қазақстан қоғамында қарсылыққа ұшыраған.
Кейін Қазақстан сыртқы істер министрлігі Кеосаянды "елге келуге тыйым салынғандардың" тізіміне қосқан.
Фото: Вячеслав Прокофьев / ТАСС.
ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!