Ташкентте бес студенттің мәйіті табылды

1673 просмотров
0
Ратель
Понедельник, 01 Мар 2021, 13:45

"Бірнеше адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды

Ташкенттің Юнусабад ауданында жеке үйде бірге тұрған үш университеттің бес студенті қайтыс болды. Олар белгісіз заттан уланып қалған, деп хабарлады Өзбекстанның бас прокуратурасы.

Читайте также
Ұйықтап үлгермеген: полиция Түркістандағы қайғылы жағдай қалай болғанын айтты

Бес студенттің мәйіті 27 ақпанда сағат 20:50-де табылды, деп хабарлайды Sputnik.

"Сот-медициналық сараптаманың алдын ала қорытындысына сәйкес, студенттер белгісіз заттан уланып қалған", - делінген ақпаратта.

Юнусабад ауданының прокуратурасы студенттердің қайтыс болу фактісі бойынша "бірнеше адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Тергеу Бас прокуратураның бақылауына алынды.

Айта кетейік, 27 ақпанда Түркістан қаласындағы жеке тұрғын үйлердің бірінен әйел мен төрт баланың мәйіті табылды. 40 жастағы әйел және оның 2004, 2006, 2013, 2016 жылы туған балалары иіс тиіп қайтыс болды. Отағасы кәсіпкерлікпен айналысады, ол емделу үшін Шымкент қаласына кеткен.

Қаза болғандардың денесі сот-медициналық сараптамадан өткізіліп, туыстарына берілді.

Алдын ала болжам бойынша, трагедияға үй ішіндегі пеш себеп болған.  

Фото: podrobno.uz.

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Максим Крамаренко: С помощью дипломатии БПЛА, Украина пытается «загнать» в стан своих союзников Казахстан
Комментарий руководителя ИАЦ «Институт евразийской политики»
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Сергей Пономарёв: Роспуска Мажилиса и досрочных выборов не будет
Депутат Мажилиса Республики Казахстан о планах работы парламента в новом году
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
Олжас Бектенов поручил расширить меры поддержки в целях развития обрабатывающей промышленности