
Бұған дейін Ресейде шығарылған "Спутник V" вакцинасының 22 мың дозасы Қазақстанға жеткізілді
Қазақстан коронавирусқа қарсы "Спутник V" ресейлік вакцинасын тіркеуді мақұлдады. Бұл туралы "Спутник V" вакцинасын әзірлеуші Sputnik хабарлады.
Ақпаратта Қазақстан бұл вакцинаны тіркеген әлемдегі 27-ші мемлекет болғаны аталып өткен.
Бұған дейін Ресейде шығарылған "Спутник V" вакцинасының 22 мың дозасы Қазақстанға жеткізілді.
1 ақпанда ресейлік "Спутник V-мен" вакциналау басталды.
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қарағанды фармацевтика кешені базасында өндірілетін "Спутник V" вакцинасын тіркеу жоспарланып отырғанын хабарлады.
"Қазақстанда, Қарағанды фармацевтика зауыты алаңында шығарылатын "Спутник V" вакцинасын тіркеу процедурасы өтіп жатыр, өтінім берілді. Осы вакцинаға уақытша тіркеу туралы куәлік ақпан айының соңында беріледі", - деді Алексей Цой.
Ол вакцина шамамен 15-25 ақпан аралығында тіркеледі деп жоспарланып отырғанын атап өтті.
Фото: © REUTERS / AGUSTIN MARCARIAN