Шыңғыс Мұқан Шымкентте білім саласында сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл қою шараларын айтты

2208 просмотров
0
Ратель
Среда, 19 Авг 2020, 19:00

Осы орайда ол балл көрсеткіші жоғары мұғалімдер жұмысқа қабылданатынын айтты

Шымкент әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан қалада білім саласындағы сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл қою жұмыстары жайында айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Читайте также
Карантинге байланысты әлі жұмыссыз отырғандарға 42 500 теңге төлене ме?

"Білім саласына тоқталайын. Себебі білім саласында сыбайлас жемқорлықтың болуы жалпы болашағымызға балта шабу деп есептеймін. Білім – ол кіршіксіз таза, болашағымызды жасайды. Сондықтан білім саласында сыбайлас жемқорлықтың болуының өзі қисынсыз . Онымен қалай күресеміз? Қазір Шымкент қаласында 800-ге тарта білім беру ұйымы бар. Әрқайсысының өзінің басшылығы бар, оларға мемлекет қаржысы бөлінеді. Бұл тұрғыда сыбайлас жемқорлық тәуекелі көп. Әсіресе, мұғалімдерді, техникалық әрі әкімшілік қызметкерлерін мектепке тағайындағанда көрініс береді екен. Осы мәселе Шымкентте қалай шешіліп жатыр? Шымкент қаласының әкімі бұл мәселеге жіті көңіл бөліп отыр. Қазір арнайы порталға (www.hr-process.kz/1 ) тапсырыс берілген. Кез келген білім беру ұйымы, яғни мектеп бір мұғалімді алатын болса, оның тиісті талаптары ескерілген", - деді Ш. Мұқан Фейсбуктегі Antikor.live алаңында өткен брифингте.

Осы орайда ол балл көрсеткіші жоғары мұғалімдер жұмысқа қабылданатынын айтты.

"Директорға «мені жұмысқа ал» деп ақша ұсынса да, оны жұмысқа ала алмайды. Себебі кез келген бос орын сол порталға орналастырылады. Порталға қызметке тұрам дейтін үміткерлер өтініштерін енгізеді, түрлі критерийлер бойынша балл берілген. Портал, ақпараттық технология 75 пайызға дейін қай мұғалімнің қандай әлеуеті бар екенін анықтап береді. Тек қана 25 пайызын мектепте құрылған комиссия шешеді. Сондықтан көрсеткіштері жоғары мұғалімді мектеп директоры алуға міндетті болып қалады. Сонымен қатар, мектептің директорларын тағайындау Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттелген, жеті деңгейден тұрады", - деді Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары.

Читайте также
Нұр-Сұлтанда жол-көлік апатынан бірнеше адам ауруханаға түсті

"Дегенмен қаншалықты мықты жүйе жасалғанымен, қаншалықты барлығын ақпараттық бағдарламаларға енгізгенімен, сол басшы өзінің ар-ұятының алдында адал болмаса, бәрібір заңнама талаптары бұзылуы мүмкін. Біздің мақсатымыз – сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін цифрландыру арқылы ғана емес, сонымен қатар басшылармен тікелей жұмыс істеу аясында алдын алу. Қазір кез келген білім саласындағы басшы дұрыс түсінуі тиіс. Егер адал әрі әділ білім үшін жұмыс істейтін болса, біз мықты Қазақстанның болашағын қалыптастыра алмақпыз. Балаларымыз дамыған елде тұрсын десек, білімге адал қызмет етуіміз керек. Сондықтан бұл жерде адамның ар-ұяты, сана мәселесі де үлкен мәнге ие", - деді Шыңғыс Мұқан.

Фото: inform.kz.

Президент Республики Казахстан о внутренней ответственности общества и государства
- Никто к нам не придет со стороны и не сделает Казахстан лучше вместо нас!
Если у вас нет паранойи - это не значит, что за вами не следят
Почему прослушка перестала быть шпионской экзотикой Жучки, скрытые микрофоны и слежка: как это работает
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Как настоящее ремесло может вернуть себе рынок?
Новый Евразийский совет открывает глобальные площадки для настоящих мастеров
Самые высокие цены на продукты - в Алматы, Мангистауской и Атырауской областях
Почему казахстанцы переплачивают за еду: разница цен на мясо, молоко и курицу между регионами достигла 30%
Курултай, дело Борейко, амнистия и аферы на миллиарды: главные новости недели
Политические реформы, громкие суды и аферы на миллиарды — главные новости недели
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай