Шымкент көшелерін күл-қоқыс басты

1020 просмотров
0
Ратель
Четверг, 15 Авг 2024, 14:00

Аптап ыстықта жағымсыз иіс тарап, тұншығып жатырмыз, дейді тұрғындар

Тұрмыстық қалдықтар дер кезінде тазаланбай, жол бойында үйіліп жатыр, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

- Бір-екі апталап қоқыс жата береді. Алмайды, ақшасын төлеп жатырмыз. Иісі жаман, қатты шығады, әркім түрлі қоқыс, өлексе тастайды, анау-мынау тастайды. Беті жабық болса мақұл ғой, желмен шашырайды, - дейді қала тұрғыны Манас БАҚБАЕВ.

Читайте также
Қызылорда облысынан халық қашып жатыр

Жеке сектордағы қоқыстың тазаланбағанына он шақты күн болған. Көшеде шашылған тұрмыстық қалдықтан аяқ алып жүру мүмкін емес. Ал тазалыққа жауапты компания тарифті жиі көтереді екен. Мысалы, былтыр әр отбасы қоқыс шығарғаны үшін мың теңге төлесе, қазір ай сайынғы төлем 1800 теңгеге өскен.

Шымкентте тұрмыстық қалдықты қоқыс полигонына таситын 10 компания жұмыс істейді. Олар күніне 700 тоннаға дейін қоқыс шығарады. Мердігер мен тұрғындар жеке келісімшарт жасайтындықтан, қоқыс тасымалдайтын компанияларға "құзіретіміз жүрмейді" дейді жергілікті әкімдік.

- Негізі келісіммен төрт қапшықпен алты қапшық арасында, бірақ жазда әр үй қарбыз жейді. Қоқыс көп шыққан соң, 7-8 қапшық. Бір қоқыс шығарушы көлік 10 көшеден толатын болса, жазда бес көшеден толып қалып жатыр. Содан кейін кестемен үлгермей жатыр, мердігер машиналар. Одан бөлек газ мәселесі де бар. Газ тапшылығы болғаннан кейін кезекте тұрып қалады, уақыт алады, - дейді Абай ауданы әкімі орынбасарының міндетін атқарушы Мейіржан ӘЖІДИН.

Фото: видеодан кадр / ktk.kz.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Сергей Пономарёв: Роспуска Мажилиса и досрочных выборов не будет
Депутат Мажилиса Республики Казахстан о планах работы парламента в новом году
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
«Нацфонд – детям»: начисления по итогам 2025 года
По итогам 2025 года 6 918 656 казахстанским детям произведено очередное начисление