ШОБ субъектісіне төлем мерзімін кейінге қалдыру мүмкіндігін қалай алуға болады

2370 просмотров
0
Ратель
Суббота, 22 Авг 2020, 19:20

Шағын және орта бизнес субъектілерін қолдаудың қосымша шаралары

Коронавирус пандемиясы басталғаннан бері ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі азаматтар мен кәсіпкерлерді қолдау бойынша бірқатар шаралар қабылдады. Атап айтқанда, қаржы ұйымдарынан бұрын алынған қарыздар бойынша кейінге қалдыру мүмкіндігін алуға қол жеткізілді.

Ағымдағы жылғы шілдеде қаржылық жағдайды қалпына келтіру, сондай-ақ банктік қарыз және микрокредит шарттары бойынша мерзімі өткен берешектің пайда болу жағдайларын болдырмау үшін шағын және орта бизнес субъектілерін қолдаудың қосымша шаралары қабылданды.

Fingramota.kz осы бастамаға қатысты негізгі сұрақтарға жауап берді.

Читайте также
Нұр-Сұлтанда қолжетімді баспанаға үміткер адамдардың тізімі кеңейді

Қанша азаматтыңжәне қанша кәсіпорынның төлемдерді тоқтата тұруға өтініші мақұлданды және қаншасы кейінге қалдыру мүмкіндігін алды және қандай сомаға? 

Төтенше жағдай режиміне байланысты 26 наурыздан бастап Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банк кредиттері бойынша халықтың және ШОБ-тың төлемдерін уақытша тоқтатты.

Жеке тұлғаларға және бизнеске қарыздар бойынша төлемдерді 90 күнге кейінге қалдыру мүмкіндігі берілді, ол 2020 жылғы 16 наурыздан 15 маусымға дейін қолданылды. Бір айта кететіні, бұл мүмкіндік өтініштің берілген күніне тәуелсіз жүзеге асырылды. Осы уақыт ішінде 1 890 443 адам немесе барлық қарыз алушы – жеке тұлғалардың 33,8%-ы268,2 млрд. теңге сомасына, 12 455 ШОБ субъектісі немесе қарыз алушылардың жалпы санының 41,5%-ы164,8 млрд. теңге сомасына кейінге қалдыру мүмкіндігін алды.

15 маусымда Агенттік ШОБ қолдау шараларын ұсыну тәртібін бекітті – бизнесті қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде жеңілдікті жағдайлар бойынша не банктердің кредиттерді қайта құрылымдау жөніндегі ішкі тәртібі бойынша кредитті қайта қаржыландыруға немесе бизнес өзінің төлем қабілеттілігін қалпына келтіру үшін қажетті уақытқа кредиттер бойынша төлемдердің мерзімін кейінге қалдыруды алуға болады. 3 тамызда карантин ұзартылды, сондықтан біз қосымша шаралар қабылдадық: қызметі шектелген, тыйым салынған не тоқтатыла тұрған шағын және орта бизнес үшін төлем мерзімін кейінге қалдыруды ұсыну тәртібі ықшамдалды. 10 тамызда банктер ШОБ субъектілерінің 6 236 өтінішін мақұлдады: бір жарым мың өтініш қайта қаржыландыруға және қалған өтініш төлем мерзімін кейінге қалдыруға.    

Читайте также
Шыңғыс Мұқан Шымкентте білім саласында сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл қою шараларын айтты

Қарыз алушы банктен ағымдағы жағдайда төлем мерзімін кейінге қалдыруды сұраған кезде оның кредиттік тарихы бұзылмай ма?

Банктер төлем мерзімін кейінге қалдыруды ұсынады, бірақ бұл шара қарыз алушының кредиттік тарихына жағымсыз әсер етпейді, өйткені мерзімі кейінге қалдырылған төлемдерді қарызды өтеудің қалған мерзіміне аустыруды көздейтін жай ғана жаңа өтеу кестесін қалыптастыруды талап етеді.

ШОБ субъектісіне төлем мерзімін кейінге қалдыру мүмкіндігін қалай алуға болады

ШОБ субъектісін қолдау мақсатында банктік қарыз және микрокредит шарттары бойынша төлем мерзімін кейінге қалдыруды ұсыну тәртібі ықшамдалды.Ол шектейтін карантин шараларын енгізу нәтижесінде қызметі шектелген, тыйым салынған не тоқтатыла тұрған субъектілер үшін әзірленген.

Мерзімін кейінге қалдыру үшін қаржы ұйымына ресми жүгіну қажет. Қарыз алушының өтініші еркін нысанда жасалады және кредиттік ұйымға электрондық пошта, "банк-клиент" онлайн жүйесі, интернет-ресурс, мобильдік қосымша немесе басқа да байланыс құралдары арқылы беріледі. Кредиттік ұйымда ішкі тәртіппен бекітілген өтініштің үлгі нысаны болуы мүмкін.

Жеңілдетілген тәртіп шеңберінде  қарыз алушы тиісті өтінішті берген күніне қарамастан, егер қарыз алушының өтінішінде өзге мерзім көрсетілмесе не кредиттік ұйымның шешімінде одан да ұзақ мерзім көрсетілмесе, кредиттік ұйымдар банктік қарыз және (немесе) микрокредит шарттары бойынша төлемдерді  2020 жылғы 3 тамыздан бастап 1 қазанға дейін мерзімін кейінге қалдыруды ұсынады.

Читайте также
Карантинге байланысты әлі жұмыссыз отырғандарға 42 500 теңге төлене ме?

ШОБ субъектісі мерзімін кейінге қалдыруға рұқсат алуы үшін қандай құжаттар пакетін ұсынуы қажет?

Егер субъект қызметінмына 18 саланың бірінде жүзеге асырған жағдайда:

1) жабық базарлардың (азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын базарлардың) жұмысы;

2) қалааралық автобустардың (микроавтобустардың), қала маңындағы жолаушы поездарының (жұмыс поездарын қоспағанда, электричкалар) қозғалысы, ортақ вагондарды қалыптастыру;

3) автобус станциялары (автовокзалдар); 

4) ойын-сауық мекемелерінің, кинотеатрлардың, фудкорттардың, банкет залдарының жұмысы; 

5) мейрамханалардың, барлардың, түнгі және ойын клубтарының жұмысы;

6) тұруды ұйымдастыру бойынша қызметтер;

7) денсаулық сақтау саласындағы қызмет;

8) туристік агенттіктер мен операторлардың қызметі;

9) үйлерге қызмет көрсету және аумақты абаттандыру бойынша қызмет;

10) сыйақыға немесе келісім негізде жылжымайтын мүлікпен операциялар;

11) мәдени объектілердің, мұражайлардыңжұмысы, конференциялар, көрмелер, форумдарөткізу;

12) мектепке дейінгі ұйымдардың жұмысы (жеке, мемлекеттік тапсырыссыз);

13)  жеке орта білім беру ұйымдарының жұмысы;

14)  бұқаралық іс-шаралар (ойын-сауық, спорттық, отбасылық, еске алу және басқа да бұқаралық іс-шаралар, оның ішінде үйде);

15) спорт залдарының, фитнес-орталықтардың, бассейндердің, жағажайлардың, аквапарктердің жұмысы;

16) діни объектілерді пайдалану;

17) косметологиялық қызмет көрсететін орталықтар мен салондардың жұмысы;

18) коммерциялық қызметті қолдауға бағытталған кеңсе әкімшілік және қосалқы қызметтер саласындағы қызмет;

- онда осындай кәсіпорынға кейінге қалдыру мүмкіндігі қарыз алушының өтініші негізінде "автоматты режимде" және қарыз алушы қаржылық жағдайдың нашарлауын растайтын құжаттарды ұсынбай-ақ беріледі;

Экономиканың басқа салалары бойынша Агенттіктің 2020 жылғы 15 маусымдағы № 251 бұйрығының шеңберінде ШОБ субъектілері ағымдағы жылғы 15 қыркүйекке дейін кредиттік ұйымға қаржылық жағдайының нашарлауын растайтын құжаттарды қоса өтініш бере алады. Осы ШОБ санаты үшін өтініштерді қарау 10 жұмыс күнге дейін қысқарды.

Читайте также
Нұр-Сұлтанда жол-көлік апатынан бірнеше адам ауруханаға түсті

Егер ШОБ субъектісі ретінде маған қарыз мерзімін кейінге қалдырудан бас тартылса, не істеу керек?

Бас тартқан жағдайда, Сіз ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне (немесе оның Өңірлік өкілдер басқармасына) Сізге ыңғайлы кез келген тәсілмен: сайт арқылы, info@finreg.kz ресми электрондық поштасы арқылы немесе жазбашаресми өтінішпен жүгінуге құқылысыз.Агенттіктің және Өңірлік өкілдер басқармаларының байланыс телефондарын finreg.kzсайтынан табуға болады.

Егер ШОБ субъектісі болып табылсам, алайда менің кәсіпорыным жеке тұлғаның атына ресімделген болса, мен қарыз мерзімін кейінге қалдыру жөнінде өтініш бере алам ба?

Кезкелген бизнес объектісі қарыз мерзімін кейінге қалдыру жөнінде өтініш жасауға құқылы. Шешімді қаржы ұйымы қаржылық жағдайды жеке талдау негізінде қабылдайды.

ШОБ үшін қарыз өтеуді кейінге қалдыру мәселесі қанша уақытта  шешіледі?

Кредиттік ұйымдардың зардап шеккен 18 саланың қарыз алушыларының өтініштерін қарау мерзімі 2 жұмыс күнін құрайды. Басқа кәсіпорындар үшін қарау мерзімі 10 жұмыс күніне дейін қысқартылды.

Берілген қарызды кейінге қалдыруға байланысты жаңа өтеу кестесімен қалай танысуға болады?

Жаңа кестені қаржы ұйымы әзірлейді және ұсынады. Егер шарттар клиентті қанағаттандырмаса, оның жаңа кестемен келіспеуіне болатынына және қарызды өтеуді кейінге қалдырудан бас тарта алатындығына сіздің назарыңызды аударамыз.

Барлық қажетті материалдармен қаржы реттеушісінің сайтындағы "Қаржы нарығының жаңалықтары" бөлімінде танысуға болады.

Фото: Ⓒ Ratel.kz / Сергей Перхальский.

журналист
Марафондарыңды… Сендер айдалаға барып жүгіріңдерші. Көше жауып, пробка жасамай.
Сможет ли Трамп заставить казахские власти суетиться
Тарифная война - это так плохо, что даже и хорошо
Смогут ли 340 железнодорожников противостоять подчинённым генпрокурора Берика Асылова
Прокуроры упорно возобновляют уголовное дело, которое закрыли полицейские нескольких регионов
Как Жакип Асанов поспособствовал беспределу МФО
Почему нужно допросить сенатора в ходе расследования мошенничества микрофинансовых организаций
С 1 июля вырастут цены на газ в Казахстане
И будут расти в среднем на 33% ежегодно в течение трёх лет
Отношение власти к обществу в Казахстане
Подавление свободы слова и оппозиции уменьшает шансы на успешное долгосрочное развитие страны
Вести с тарифного фронта: Китай наступил на 100-летние "грабли Америки"
Страна стремится помочь экспортёрам перенаправить продажи на внутренний рынок , что может привести её к более глубокой дефляции
Что за таинственные кости во время войны эвакуировали из Москвы в Алма-Ату
Занимательная история Казахстана от Андрея Михайлова
Алма-Ата и Алматы. Нескучные документы
Как мы ходили на экскурсию в городской архив
Представитель Минпрома: За недрами вместо нас следят крестьяне
Получится ли у павлодарских присяжных правильно решить – герой Долгалев или злодей, если наши официальные органы похожи на недалеких
Казахстанская энергетика: перезимовали… Что дальше
В южных регионах Казахстана уже в первой половине апреля отключили отопление
29 беременных актюбинок незаконно получили пособия на более чем 98 миллионов тенге
Как утверждает следствие, в этом помогали женщинам индивидуальный предприниматель и бухгалтер. Клиентов они искали официально – через аккаунт в Instagram
Активисты: Решение суда в Усть-Каменогорске "изнасиловало" закон о мирных собраниях
Такого мнения придерживаются местные общественники, ведущие борьбу с акимом города из-за запрета митингов
Как акимат Караганды обошёл законы ради BI Group
Администрация Булекпаева не смогла подавить негатив в свой адрес, половина города ненавидит чиновников
Жителя Петропавловска признали виновным в тройном убийстве
Ему назначили пожизненное лишение свободы в учреждении чрезвычайной безопасности
Завод, который мог стать причиной появления мух, оштрафован
Местные власти упрекнули Ratel.kz в распространении недостоверной информации
“Вытолкали из дома детей в отсутствие родителей”: алматинцы снова жалуются на беспредел ЧСИ Елтокова
Пострадали 80-летняя бабушка и трое несовершеннолетних детей
В Жетысайском районе при пожаре на АЗС JOL YRYSY двое мужчин получили смертельные ожоги
Виновными признаны водитель автомобиля автоцистерны и управляющий директор ТОО
Когда правительство возьмётся за яйца
Прагматично-патриотическое молодёжное движение издало "Ежедневник строителя Второй Республики" с цитатами президента
Исповедь молодого сантехника и молодого акима. Часть 1
- ВЛАДИМИР, огромное Вам человеческое спасибо от всей души и чистого сердца, самое главное здоровья и ещё раз здоровья. На таких людях как Вы, города и держатся. Профессионалов как Вы, необходимо ставить руководителями, которые знают проблему из внутри. Ещё раз ОГРОМНОЕ СПАСИБО!!!!!!!
Когда правительство возьмётся за яйца
- Просто шедевральная статья. Особенно в точности описывает функции партий, которые описаны в данной статье. Изречения которые должны быть прочитаны и приняты во внимание. Самое главное чтобы данный ежедневник был прочитан и принят во внимание. (Про выражение где фигурирует Троцкий просто ШЕДЕВРАЛЬНО и в точку)...
Отчего после публикаций Ratel.kz нервничают в ТОО "AB Energo"
- Сергей, ОГРОМНОЕ Вам спасибо за новое расследование. Всегда держите в напряжение. Ожидаем продолжение... (Интересно, что скажет ещё на это и ГУ "Аппарат акима Абайского района Карагандинской области)
Премьер Смаилов как аманат Назарбаева
- Спасибо большое , здоровье и удачи Вам и Вашим близким, то что Вы творите лучше всех государственных программ по воспитанию . Готовая программа к действию для улучшения жизни населения. Огромное удовольствие что у нас имеется такие журналисты и такой коллектив.
Депутатский запрос фракции "Ак жол": чем комитет гражданской авиации занимался пять лет
- Если случится ещё трагедия , то кого будут винить опять? Всех собак спустили на авиакомпанию Bek Air, хотя надо было просто решать проблему с незаконными постройками намного раньше этой катастрофы. Нельзя это так оставлять. Всех пересажать за коррупцию , кто являлся корнем проблемы!
Все дороги ведут в Каражал: горькая начинка "сладкого пирожочка"
- Огромное спасибо автору за проделанную работу! Только в нашей группе более 100 человек постравших от этой компании в лице гендиректора Максата Токмагамбетова, бессовестного, наглого мошенника, который почему-то до сих пор остаётся безнаказанным, хотя прокуратура и следственные органы завалены сотнями, сотнями заявлений пострадавших. Но мы не остановимся и будем добиваться, чтобы этот "человек", наконец-то, понёс наказание!
Как аким Досаев уничтожает Алматы и рейтинги президента Токаева
- Каменское плато- в р-не обсерватории идет застройка, хотя весной сошел оползень на ул Алмалыкской. Акимат частично помог организовав сброс воды с вышележащего участка на нижнюю часть улицы и домовладельцу в расчистке. Но других мер по предотвращению развития оползневой зоны не принято. Вырублен сад, на месте его строится элитный комплекс Вилла Белгравиа. Летом, здесь нехватка воды, отключения электроэнергии, что будет при вводе в эксплуатацию этого, т.к.доп коммуникаций застройщик не делает.