Сауд Арабиясы Қазақстаннан 3 мың адамға қажылық парызды өтеуге рұқсат берді

2419 просмотров
0
Ратель
Четверг, 12 Мая 2022, 10:30

Сауд Арабия тарапы Қазақстанға берілген ресми 3 мың орыннан тыс, қажылық маусымда елге кіруге ешкімге жол берілмейтінін ашып айтты

Биыл Қазақстаннан қажылық парызды өтеуге 3 мың адамға рұқсат берілді. Осындай келісім Сауд Арабиясы Корольдігінде (САК) Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Қажылық және ұмра министрі Тауфик ибн Фаузан ар-Рабиамен кездесуінде жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Читайте также
Қазақстандық жоғары сынып оқушыларына арналған мобильді қосымша әзірленеді

Кездесуде биылғы қажылықты ұйымдастыру мәселелері сөз болды.

Кездесуде Наурызбай қажы қазақстандық қажыларға барынша қолайлы жағдай жасау бойынша өз ұсынысын жеткізді. Оның ішінде ең маңыздысы қажыларды жеткізетін әуе тасымалының тиімді бағада болуы турасында келіссөздер жүргізілді. Өйткені чартерлік әуе рейстерінің бағасы қазақстандық қажылар үшін қымбатқа соғуда.

Ал өз кезегінде Тауфик ибн Фаузан ар-Рабиа қазақстандық қажыларға барынша қолдау көрсететінін айтты.

Екіжақты кездесу барысында биыл Қазақстаннан 3 мың адам қажылық парызын өтейтіні туралы келісілді.

Сауд Арабия тарапы Қазақстанға берілген ресми 3 мың орыннан тыс, қажылық маусымда елге кіруге ешкімге жол берілмейтінін ашып айтты.

Бұдан бөлек, Қазақстанның бас мүфтиі Дүниежүзілік ислам лигасының бас хатшысы шейх, доктор Мұхаммед ибн Абдулкарим әл-Иссамен кездескен.

Н.Тағанұлы Дүниежүзілік ислам лигасының бас хатшысын Қазақстанға сапармен шақырды.

"Дүниежүзілік ислам лигасы Қазақстанда өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін, біздің ортақ бастамаларымызды қолдап келеді. Өзіңізді қыркүйек айында Қазақстан астанасында өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезіне қатысу үшін арнайы шақырамыз. Біздің мақсатымыз тәуелсіздік алған тұстан бері бейбітшілікті ұстану, әлемде болып жатқан жанжал, дінаралық қақтығыстардың алдын алу. Осы ретте лиганың атқарып отырған жұмысы орасан зор", - деді бас мүфти.

ҚМДБ баспасөз қызметінің мәліметінше, кездесу соңында бас хатшы Қазақстанға шақыруды қабыл алғанын және бұл шара жоспарында бар екенін жеткізді.

Оставьте комментарий

Президент Республики Казахстан о внутренней ответственности общества и государства
- Никто к нам не придет со стороны и не сделает Казахстан лучше вместо нас!
Если у вас нет паранойи - это не значит, что за вами не следят
Почему прослушка перестала быть шпионской экзотикой Жучки, скрытые микрофоны и слежка: как это работает
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Как настоящее ремесло может вернуть себе рынок?
Новый Евразийский совет открывает глобальные площадки для настоящих мастеров
Самые высокие цены на продукты - в Алматы, Мангистауской и Атырауской областях
Почему казахстанцы переплачивают за еду: разница цен на мясо, молоко и курицу между регионами достигла 30%
Курултай, дело Борейко, амнистия и аферы на миллиарды: главные новости недели
Политические реформы, громкие суды и аферы на миллиарды — главные новости недели
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай