Полицияға қару тапсырған ақмолалықтарға 4 млн теңге сыйақы төленді

1698 просмотров
0
Ратель
Понедельник, 03 Мая 2021, 13:30

Акция барысында 10 күннің ішінде өңір тұрғындары полиция бөлімшелеріне жалпы құны 4 миллион теңгеден астам сомаға 72 қару тапсырды

Ақмола облысында тұрғындардан тіркелмеген атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу бойынша республикалық акция өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Читайте также
Қырғызстан мен Тәжікстан шекарадағы атысты толық тоқтату туралы келісімге келді

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, ақмолалықтар полицияға ерікті түрде қару-жарақ заттарын тапсырғаны үшін қарудың түріне қарай әр данасы үшін 10-нан 100 айлық есептік көрсеткішке дейінгі сомада төлем алады.

"Акцияның мақсаты - қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, атыс қаруы мен жарылғыш заттарды қолдану арқылы жасалған қылмыстардың алдын алу. Сондай-ақ, бұл азаматтарға бірнеше санат бойынша бағаланатын ерікті түрде тапсырылған қару бірлігі үшін қосымша ақшалай сыйақы алуға мүмкіндік береді", - дейді ведомстводан.

ПД баспасөз қызметінен атап өткендей, акция барысында 10 күннің ішінде өңір тұрғындары полиция бөлімшелеріне жалпы құны 4 миллион теңгеден астам сомаға 72 қару тапсырды, оның ішінде 60 тегіс ұңғылы, 10 – ойық, 2-травматикалық.

"Қазіргі кезде тапсырылған қарулар департаменттің жедел – криминалистикалық басқармасында баллистикалық сараптамадан өткізілуде. Зерттеу нәтижелері бойынша азаматтарға ақшалай қаражат төленеді", - деп толықтырды ведомстводан.

Фото: inform.kz.

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Сергей Пономарёв: Роспуска Мажилиса и досрочных выборов не будет
Депутат Мажилиса Республики Казахстан о планах работы парламента в новом году
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
Алматы предусматривает градостроительные решения, направленные на обеспечение свободной циркуляции воздуха